Құрастырушылар: аға оқытушы ТугамбаеваТ. Б


ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ



бет3/7
Дата25.11.2023
өлшемі256,5 Kb.
#126554
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ






Тақырыптар атауы

Сағаттар саны




Дәріс

Тәж

Зерт

СӨЖ




1

2

3

4

5

6




Семестр 5
















1

Кіріспе.

1







2




2

Бейорганикалық заттар технологиясындағы өндіріс газдары және синтез-газы

3







8




3

Азот өндірісі. Аммиак және азот қышқылы өндірісі

3




2

7




4

Хлорсутек. Хлор қышқылы

4




2

7




5

Күкірт қышқылының технологиясы

3






3

8




6

Фосфор қышқылының технологиясы

2




2

8




7

Сілтілер өндірісі. Натрий сілтісі. Калий сілтісі

4




2

13




8

Реактивті фосфор қышқылды тұздар өндірісі.

2







7




9

Натрий тұздары. Калий тұздары

2




2

7




10

Сода өнімдерінің технологиясы

2




2

7




11

Аммоний гидроксидінің технологиясы.

1




-

2




12

Хромқұрамды тұздар алу технологиясы
















Барлығы:

22,5




15
(7,5)

60




Барлығы пән бойынша

90




Пәннің теориялық бөлімінің мазмұны


Кіріспе. Негізгі бейорганикалық қышқылдар, тұздар мен негіздердің сипаттамалары. Шикізаттардың пайда болу, агрегаттық күйіне және химиялық табиғатына байланысты сипаттамасы және классификация.Қайтадан жаңаратын және жаңармайтын шикізаттар көздері. Тұздар, қышқылдар мен негіздердің зерттеу әдістері.
Бейорганикалық қышқылдардың химиясы мен технологиясы. Негізгі бейорганикалық синтез технологиясы. Бейорганикалық заттар технологиясындағы өндіріс газдары және синтез-газы.Олардың қасиеті иен қолданылуы. Ауаны суыту арқылы бөлу. Азотты, оттегіні және сирек газдарды атмосферадан алу технологиясы, оның тиімділігі мен негізгі принциптері. Сутегіні алу әдісі: отынды газификациялау; көмірсутекті конверсиялау, өнеркәсіптік газды қоспалардан алу.
Азот өндірісінің мәні. Азот құрамдас қосылыстардың мәні мен қолданылуы. Синтетикалық аммиак өндірісінің дамуы. Азотсутекті қосылыстың қазіргі кездегі алу әдістері. Азотсутекті қосылыстың технологиялық схемасы.
Аммиакты азот пен сутектен алу сатылары. Аммиак синтезіндегі катализатор. Процестің тиімді жағдайы.
Шоғырлы және сұйылтылған азот қышқылын алу. Процестің тиімді жағдайларын таңдау. Өндірістің қазіргі жағдайдағы технологиясы.
Хлорсутектің физика-химиялық қасиеттері. Қолданылуы. Ингибирленген тұз қышқылы. Хлорсутекті алу: сульфатты тәсіл; Хлорсутек - кейбір өндірістердің жанама өнімі Хлорсутек абсорбциясын суыта жүргізу, адиабаттық абсорбция. Сұйық хлорсутек желінген ерітіндіден хлорсутекті қайтара алу. Хлорсутекті хлорға айналдырып өңдеу.Қазақстанда хлорсутек және тұз қышқылын отандық шикізаттан өңдеу.
Хлор қышқылы, оның физика-химиялық қасиеттері. Қолданылуы. Шикізаты.Хлор қышқылының тұз қышқылды тәсілі. Хлор қышқылын Қазақстанда өндіру мүмкіндіктері. Технологияны жетілдіру перспективалары.

Күкірт қышқылының технологиясы. Күкірт қышқылының маңызы және өндіру масштабы. Өндірісті орналастыру принципі. Шикізат түрлері: күкірт, колчедан, сульфиттер, күкіртті сутек, сульфаттар, өндірістің күкіртқұрамдас қалдық газдары. Шикізатты күйдірудің физика-химиялық негізі мен кинетикасы. Күкіртті газдарды өндірудің технологиясы. Күйдіру газының жылуын пайдалану. Күкірт қышқылын өндіру тәсілдері. Күйдіру газын кептіру және тазалау. Күкірт диоксидін контактты тотықтыру. Тотығудың оптималды режимін және технологиясын таңдау. Контакт торабының өндірістік үлгілері. Күкірт ангидридінің абсорбциясы. Абсорбция бөлімшесі және аппараттары. Екі стадиялы тотығу мен абсорбция үлгілері. Күкірт қышқылын нитроздық тәсілмен өндірудің физика-химиялық негізі, параметрлері, технологиялық үлгілері.


Фосфор қышқылының технологиясы. Электротермиялық әдіспен фосфорды және фосфор қышқылын өндіру. Фосфордың қасиеттері және оның қосылыстары. Фосфордың және термиялық Н3РО4 қолданылуы. Фосфаттардан электрлі айдау арқылы фосфорды өндіру. Термиялық фосфор қышқылын алу. Концентрлі фосфор тыңайтқыштары. Экстракциялық фосфор қышқылын алу технологиясы. Өндірісітің физика-химиялық қасиеті. Қолданылуы. Сапасы. Фосфор қышқылын алу технологиялық үлгілер және оларды жетілдіру перспективалары.


Сілтілер өндірісі. Натрий сілтісін алу технологиясы. Әдістердің ерекшеліктері мен кемшіліктері. Электрохимиялық әдіс. Қондырғы кескіні және көрсеткіштері. Ферритті және әкті әдіс. Физика-химиялық негізі.
Табиғи галлургиялық шикізаттан металл гидроксидтерін алудың жалпы өнеркәсіптік тәсілдері. Алу технологиясы, аппараттар. Өнімнің құнын есептеу. Тазалау, кептіру, дайын өнімді бөліп ыдысқа салу.
Күйдіргіш натрды электрохимиялық тәсілмен (галит NaCl ерітіндісін электролиздеу) және қақталған содадан (ферриттік және әктік тәсілдер) химиялық тәсілдермен өндіру. Әдістердің жетімсіздігі. Аппараттар мен процестер. Темір катодты ванна, сүзгіш диафрагмалы ванна, сынап катодты ванна. Электролиз өнімдерін өңдеу.
Калий сілітісін және хлоридін алу технологиясы. Өндіру тәсілдері. Технологиялық режимдері мен аппараттарды таңдау әдістері. Физика-химиялық негізі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет