Негізгі мақсаты – биологиялық ірі молекулалар (белоктар, нуклеин қышқылдары)
құрылымын барлық деңгейде зерттеу.
Молекулалық биология нуклеин қышқылы мен белоктардың құрылыс жəне
құрылым ерекшеліктерін, жасушаның генетикалық аппаратының құрылымдық-қызметтік
ұйымдастырылуын, ақпараттардың тұқым қуалауының жүзеге
асу механизмін, апоптоз,
генетикалық код т.б. оқытады.
Молекулалық биологияның ерекшелігі оның макромолекулалардың құрылымын
жəне олардың қызметімен байланысын зерттеуінде. Сол əртүрлі құрылымдардың жəне
олардың қызметінің тегін анықтайды.
Молекулалық биологияның міндеті - клетканы құраушы негізгі тіршілік
құбылыстарын (заттардың алмасуы,
тұқым қуалаушылық, нуклеин қышқылдарының
құрылымы жəне олардың əр түрлі организмдердегі атқаратын қызметі т.б.) молекулалық
деңгейде зерттеу. Яғни молекулалық биология тірі организмдердің жұмыс істеуін, олардың
құрамына кіретін молекулалар жəне атомдардың химиялық
құрылымы тұрғысынан
зерттейтін ғылым саласы.
Достарыңызбен бөлісу: