Микротүтікшелер –ұзын және түзу, бір ұшымен центромераға (микротүтікшелерді ұйымдастырушы орталыққа) байланысқан, Гольджи кешенінің жанында орналасқан құрылымдар болып табылады. Олардың диаметрі 25нм. Микротүтікшелер цитоскелеттің негізгі ақуыздарының ұзын филаменттерге полимеризациялануы нәтижесінде түзіледі. Филаменттердің полимеризациялануы бір бағытта жүреді, яғни олар полярлы болады, олардың ұштары бір бірінен ерекше. Микротүтікшелердің бір ұшын оң ұшы (ол үнемі өседі), ал екінші ұшын теріс ұшы (бұл ұшындағы тубулин бөлшектері олар тұрақтанғанға дейін ыдырап жойылады) деп аталады. Микротүтікшелердің тұрақтануы оның теріс ұшының жасуша ортасында, ядроның жанында орналасқан центромераға (микротүтікшелерді ұйымдастырушы орталық–МҰО), жалғануы арқылы жүзеге асады.Еркін тубулин бірліктері микротүтікшенің оң ұшына үнемі жалғана береді. Микротүтікшелер динамикалық құрылымдар болып бір мезгілде кейбір микротүтікшелер өссе, екінші біреулері ыдырап қысқарып отырады. Микротүтікшелер қатты құрылымдар, олар тек цитоплазманың «тірек сәулелері» болып қана қоймай, сол сияқты органеллаларының бағытты қозғалуының «рельстері» де болып табылады.
Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы 31мин (35%)
Митоз және оның фазаларын микроскоп арқылы анықтап,ажырата білу. Жасуша бөлінуінің (профаза,метафаза,анафаза) әр кезеңдерін альбом бетіне түсіру.
Жаңа тақырыпты бекіту 9мин (10%)
Сабақты қорытындалу 2 мин (2%)
Оқушылардың білім деңгейін бағалау. Келесі сабақтың тақырыбын хабарлау
Үйге тапсырма беру 2мин (2%)
Цитоқаңқаның рөлі
IV семестр
1. Сабақтың тақырыбы: Цитоқаңқаның рөлі
Сағат саны: 90 мин ( 100%)
Сабақ түрі: аралас сабақ.
Сабақтың мақсаты:
Оқыту : Студенттерге эукариоттық жасушалардағы цитоскелеттің рөлін, негізгі құрылымдық деңгейін, микротүтікшелерді, актин филаменттерін, аралық филаменттерін үйрету.
тәрбиелік: білімділікке, тазалыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
дамыту: жаңа қосымша инновациялық ақпараттармен хабардар етіп түрлі оқу әдістерін қолдану.
Оқыту әдісі: Жаңа инновациялық әдістер арқылы тақырыппен таныстыру (презентация), мультимедиялық құрылғы бейнемагнитофон, CD, DVD дискілер,тест тапсырмаларына жауап беру, баяндау, сұрақ-жауап, ситуациялық есептер, бақылау жұмысы, тест тапсырмалары, үлестірмелі кеспелер
Достарыңызбен бөлісу: |