Құрастырушылар



бет11/103
Дата20.10.2022
өлшемі12,21 Mb.
#44325
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   103
Байланысты:
метод-молбиология-леч.дело.пр.2к.каз.

Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (15 %)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  1. Нуклеин қышқылдарының құрылысы (ДНҚ, РНҚ)

  2. ДНҚ молекуласының үш реттік құрылымы

  3. РНҚ молекуласының үш реттік құрылымы

  4. АРНҚ молекуласының құрылысы

  5. РРНҚ молекуласының құрылысы

  6. ТРНҚ молекуласының құрылысы



Сабақтың мақсаты мен міндеті:
Нуклеин қышқылдарының ДНҚ, РНҚ молекуласының бірінші, екінші және үшінші реттік құрылымын, қызметін, түсіндіру.


Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 14 мин (15%)



  • Оқущылардың білімін жан жақты тексеру

  • Сұрақтарды дұрыс және мазмұнды құрастыруға мән беру

1. Ақуыз молекуласының табиғи құрылымын айқындайтын факторлар


2. Фолдинг факторлар
3. Фолдинг ферменттер
4. Шаперондар қызметі
5. Приондардың атқаратын қызметі


Жаңа сабақ түсіндіру 27 мин (30%)

  • Тақырыпты жоспарымен таныстыру

  • Түсіндірілетін материалдық негізділігімен жеткізілуінің ғылымилығы

  • Жаңа сабақты сапалы игеру үшін түрлі оқу әдістерін қолдану.

Нуклеин қышқылдары жасушаның ең маңызды макромолекулаларының бірі болып саналады. НҚ молекуласын ХІХ ғасырдың аяғында -1868 жылы Ф. Мишер ашқан, ал олардың қызметтері, молекуласының құрылысы кейінірек белгілі болды (ХХ-ғ 40, 50 жылдары).Қазіргі кездері нуклеин қышқылдарының тұқым қуалаушылықтың материалдық негізі екендігіне ешкім шүбә келтірмейді, бірақ бұл тек 1950 жылы Х. Френкель Конрат тәжірибелері нәтижесінде ғана үзілді кесілді дәлелденген. Ал ХХ ғасырдың 20 жылдарында 1928 ж. тұқым қуалаушылықтың материалдық негізі ретінде ақуыз молекуласы саналып келген (Н.Кольцов). ХХ ғасырдың 20 жылдары Т.Морган т.б ғалымдардың еңбектері арқасында тұқым қуалаушылықтың материалдық негізі хромосомалар екені белгілі болды (тұқым қуалаушылықтың хромосомалық теориясы). Сонымен бірге хромосомалар ақуыз және нуклеин қышқылынан (ДНҚ) тұратындығы да анықталды. Ал осы екі макромолекулалардың – ақуыз және НҚ (ДНҚ) қайсысы тұқым қуалаушылыққа жауапты деген мәселе ғалымдар арасында біршама пікірталас туғызды. 1928 ж. Н.К. Кольцов ген қызметін ақуыз молекуласы атқаруы мүмкін деген болжам жасады және 1940 жылға дейін ғалымдардың көпшілігі осы пікірді қуаттап келген.
1928 ж. Ф. Гриффитс бактериялардың трансформациялау қабілетіне тәжірибе жасап тұқым қуалаушылыққа ақуыз емес ДНҚ молекуласы жауапты болуы мүмкін деген болжам жасады. ДНҚ молекуласындағы тұқым қуалаушылық ақпараттың экспрессиялануының келесі ақуыз биосинтезі немесе трансляция. Ақуыз биосинтезі жасушаның тіршілігі үшін өте қажет, себебі жасушаның тіршілік үдерісінде ақуыз молекулалары түрліше қызметтер атқарып, әртүрлі биохимиялық реакцияларға қаынасып, ыдырап жойылып отырады. Ал олардың орнын толтыру ақуыз молекуласының жаңадан синтезделуі арқасында жүзеге асады. Трансляция немесе ақуыз биосинтезі полипептидтің N ұшынан басталып C ұшына қарай жүреді. Аминқышқылдардың активтенуін және активтенген аминқышқылдардың өздеріне сәйкес т РНҚ молекуласының акцепторлық ұшына қондырылуын қадағалайтын, басқаратын ерекше ферменттер аминоацил т РНҚ синтетаза ферменттері болады. Әрбір жиырма аминқышқылдарына сәйкес келетін аминоацил т РНҚ синтетаза ферменттері белгілі, демек олардың да саны жиырма. Ақуыз синтезі рибосома бөлшектерінің өзара қосылып, біртұтас органелла пайда етуінен басталады. Рибосома бөлшектерінің қосылуы белгілі бір тәртіппен жүреді және ол рибосоманың белсенді орталықтарының қатынасуымен жүзеге асады. ДНҚ (дезоксирибонуклеин қышқылы) нуклеотидтері-дезоксирибозадан, азоттық негіздерден, 1 фосфаттан (монофосфат) құрылған, оларды-д АМФ, д ГМФ, д ЦМФ, д ТМФ деп атайды. ДНҚ молекуласы қосширатпалы болып келеді (Ф. Крик, Д.ж. Уотсон). Оның алғашқы, екінші реттік, үшінші реттік құрылыстары белгілі.
ДНҚ молекуласының алғашқы құрылысы- бір жіпшеде нуклеотидтердің (А, Г, Ц, Т) бірізділікпен тізбектеліп орналасуы болып табылады. ДНҚ алғашқы құрылысы фосфодиэфирлік байланыс арқылы тұрақтанады, яғни бір жіпшедегі нуклеотидтер бір-бірімен фосфаттық топ және қанттың гидроксил тобы арқылы байланысқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет