Құрастырушылар


Сабақтың мақсаты мен міндеті



бет75/103
Дата20.10.2022
өлшемі12,21 Mb.
#44325
түріСабақ
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   103
Байланысты:
метод-молбиология-леч.дело.пр.2к.каз.

Сабақтың мақсаты мен міндеті:
Цитоскелеттің жасушадағы қызметін студенттерге түсіндіру
Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 14 мин (15%)

  • Оқущылардың білімін жан жақты тексеру

  • Сұрақтарды дұрыс және мазмұнды құрастыруға мән беру

1. ДНҚ репликациясы
2. Транскрипция, транскрипция тетіктері
3. Трансляция немесе ақуыз биосинтезі
4. Репликация тетіктері
5. Полимеризация ферменттері
6. ДНҚ репликациясын аяқтаушы ферменттер
7. ДНҚ ның теломерлік бөлімдерінің репликациялануы


Жаңа сабақ түсіндіру 27 мин (30%)

  • Тақырыпты жоспарымен таныстыру

  • Түсіндірілетін материалдық негізділігімен жеткізілуінің ғылымилығы

  • Жаңа сабақты сапалы игеру үшін түрлі оқу әдістерін қолдану.

Ағзалардың түпкілікті қасиеттері - өздігінен өрбу, өздігінен жаңару, өздігінен реттелу, жасушалардың бөлінуіне негізделінетіні бұрыннан белгі. Жасушалардың митоз, мейоз жолдарыменбөлінуі (Чистяков-1875, Е.Страс бургер-1877), митоздың негізгі фазалары (профаза, метафаза, анафаза, телофаза), жасуша циклінің кезеңдері (G1, S, G2, М)осыдан 100 жыл бұрын зерттеліп сипатталған.Жасуша циклі (митоздық цикл) дегеніміз жасушаның пайда болуы, өсуі, атқаратын қызметтеріне икемделуі және әрі қарай бөлінуі кезеңдерінде байқалатын құбылыстар мен үдерістер жиынтығы болып табылады. Жасуша циклі (митоздық цикл) 4 кезеңдерден тұрады:


G1(Gар-1)-пресинтетикалық кезең-жаңадан пайда болған жасушалардың өсуі, ДНҚ молекуласының синтезделуіне (репликация) дайындалу кезеңі. Осы кезеңде жасушаның кезекті митоздық циклға енуі не бөлінуін тоқтатуы туралы «шешім» қабылданады. Көптеген сүтқоректілер жасушаларында бұл кезеңнің ұзақтығы 9-12 сағатқа тең.
S-синетикалық кезең-ядрода ДНҚ молекуласы синтезделінеді (екі еселенеді), цитоплазмада органеллалар, оның ішінде центриолялар, көбееді. Бұл кезеңнің аяғында жасуша, ДНҚ бойынша, тетраплоидты болады. Бұл кезеңнің ұзақтығы шамамен 10 сағатқа тең. G2 (Gар-2)-постсинтетикалық кезең-жасуша бөлінуге дайындалады, яғни митоздың қалыпты жүруі үшін қажет барлық ақуыздар, оның ішінде бөліну жіпшесін қалыптастыратын тубулин, синтезделінеді. Бұл кезеңнің ұзақтығы 4,5-5,0 сағатқа тең.
М-митоз - жасушаның бөліну кезеңі, ол 4 фазадан - профаза, метафаза, анафаза, телофазадан тұрады. Митоздың жалпы ұзақтығы 30-40 мин.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет