Раупова Надежда Алимовна КӨркем еңбек оқыту əдістемесі мазмұны


Мақсатқа жету үшін орындалатын міндеттер



бет60/128
Дата15.11.2023
өлшемі436,32 Kb.
#123800
түріҚұрамы
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   128
Байланысты:
Көркем еңбек оқыту әдістемесі 3-сынып

Мақсатқа жету үшін орындалатын міндеттер

Мұғалім үшін: қағаздан көлемді бейнелер қалай
жасалатынын, оларды сәулет кешеніне қалай айнал-
дыруға болатынын түсіндіру. Ұжымда шығармашылық жұмысты таныстыру және талқылау жұмысын
ұйымдастыру.
Оқушылардың шығармашылық міндеті: ұжым болып сәулет үлгісін жасау, жұмысын қызықты түрде
таныстыру.

Оқушылардың міндеті

Өзінің алда жасайтын жобасын, оның идеясын, қандай мақсатқа арналғанын сипаттау. Тақырып терминдерін үш тілде білу. Топта жұмысты дұрыс бөліп, орындалу реті мен міндеттерді жоспарлау.
Тірек сөздер: сәулет жобасы, сәулет кешені, құрылыс детальдары, жобаға арналған материалдар, жұмыс реті, жоспарлау.
Талқылауға арналған сұрақтар мен оған берілетін жауаптар:

  1. Еліміздегі бірнеше әйгілі сәулет құрылыстарын атаңдар.

Жауап. Астанадағы «Ханшатыр» ойын-сауық орталығы,
«Бәйтерек» монументі, Алматыдағы «Қазақстан» қонақүйі және т.б.

  1. Сәулет кешені дегеніміз не?

Жауап. Сәулет кешені – идеясы мен безендірілуі жағынан біртұтас бірнеше ғимарат.

  1. Қазақстандағы ең әйгілі тарихи сәулет кешенін ата. Жауап. Қожа Ахмет Ясауидің кесенесі.

  2. Сендер қандай сәулет кешенін жасағыларың келеді? Жауап. Жауаптар әртүрлі болуы мүмкін. Оқушыларға белгілі бір бағыттағы кешенді салу керегін айтыңыз. Мысалы, ғылым қалашығы, театр ансамблі, этно- ансамбль.

4. Сендердің сәулет кешендерің қандай болу керек? Жауап. Ол ыңғайлы, берік, әдемі әрі заманға лайық болу керек. Бұлар кез келген сәулет кешеніне қойылатын талаптар.

Күтілетін нәтиже



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет