Оқушыларға қалай қолдау көрсетесіз?
Сабақтың барысында оқушыларды бағалайды: Жарайсың, сен сұрақтарға толық жауап бересің! Сен өте байқампазсың! Сен табиғат нысандарын жақсы суреттей-
сің (суретшілер туындыларын)!
Сен тапсырманы жақсы орындауға тырыстың! Сен жұмыстарды талқылауға
белсене қатыстың! және т.б.
|
Бағалау
Сабақта оқушыларды бағалау:
оқушылардың мұға- лімнің және оқулықта- ғы сұрақтарға жауабы;
туындылардың ре- продукцияларын сурет- теуі;
жұмысты талдап, талқылауға қатысуы;
жұмыс дәптерінде орындалған тапсырма- лар (жақсы жасалған
жұмыстарды ғана баға- лаңыз).
|
Құндылықтармен байланыс Анималист-суретшілер мен пейзажшылардың жұмыс- тарын, жанды табиғат фото- суреттерін көрсетіп, таби- ғатқа, туған өлкеге сүйіспен- шіліктерін оятып, эсте- тикалық көзқарастарын қа- лыптастыруға септігін тигі- зетін №2 қосымшадағы
өлеңдер мен материалдарды қолданады.
|
|
Рефлексия. Мұғалім жылдың басында әрбір оқушыға бірнеше смайлик дайындап қояды. Оқушыларды сабақ барысында смайликтермен бағалайды. Мысалы: «Өте қызық!», «Мен көп жаңа нәрсе білдім!», «Мен көп нәрсе үйрендім!», «Маған қиындау болды!», «Мен бә- рін орындап үлгермедім!», «Мұның маған пайдасы бар!» және т.б. Оқушылар сабақтың соңында смайликтерін көрсетеді. Сабақтың қалай өткенін, ең қызықты нәрсе не болды,
қандай жаңа нәрсе білгендерін, нені үйренгендерін айтады.
|
|