Терминдердің қазіргі қолданысы
СТРАНИЦА 08
Қазіргі уақытта «музей» сөзін қазақ тілінде «мұражай» деп қате аударып жүр. Атырау қаласындағы облыстық музейде екі түрлі жазу қолданылған. Сыртында «мұражай», ал ішкі жағында «музей» деп жазылып тұр екен. Терминнің дұрыс қалыптаспағандығынан, мұндай жағдайлар көп жерлерде кездеседі.
Алайда «мұражай» сөзі «музей-квартира» сөзінің мағынасын береді. Мұражай деп қайраткер тұлғаның тұрған үйін музейге айналдырған кезде айтуға болады. Халықаралық «музей» термині біздің қазақ тіліндегі сөз қолданысына еніп кеткен. Енді оны аударудың қажеті жоқ. Үлгі ретінде Астана қаласында «Қазақстан Республикасының бірінші Президентінің музейі», «Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі» деп тайға таңба басқандай жазылып тұр. Біз кейбір терминдердің баламасын табамыз деп, керісінше, мағынасын өзгертіп жатырмыз.
Достарыңызбен бөлісу: |