«Өмірдің мәні туралы ойланбайтын адам бар ма?» деген сұраққа кім болса да: «Жоқ, өз өмірінің мәні туралы ойланбайтын, толғанбайтын, мағыналы өмір сүруге әрекет етуге тырыспайтын адам болмайды», – деп жауап беретін болар. Олай болса, біз де бір уақыт өз өміріміздің мәні туралы ойларымызды ортаға салып көрейікші.
Оқушылар шеңберге жиналып , бір-бірімен сәлемдеседі де
М.Махатаевтың «Өмір жайлы» әнін айтады.
Талдау сұрақтары:
1. Өлеңді оқығанда қандай сезімде болдыңдар?
2. Өмір, өмірдің мәні дегеніміз не?
I. Шаттық шеңбері.
Шарты: Әр қатысушы өзінің ойларын ортаға салады. Ойлануға 5 минут уақыт беріледі. Қатысушыларының айтылған қасиеттер бойынша, жаттығу соңында, қорытынды жүргізіледі.
Талдау сұрақтары: Сендерге жаттығу ұнады ма? Не қиындық келтірді? Не сезіндіңдер? Қандай қасиеттерді бойымызға дарытуымыз керек?
2. Жаттығу. «Түймедейді түйедей ету».
Қатысушыларға нұсқау беріледі: «Ассоциация-бұл естіген немесе көрген зат жайында соған қатысты ойлардың басына келуі. Ең бірінші бізге қатысушының айтқан сөзіне байланысты ассоциация ойлау керек. Көп ойланбауға тырысыңыз,ойыңызға тез түскен нәрсені атауыңызға болады. Ал мен бастаймын: “Өмірдің мәні дегеніміз не? ...........”
3.“Ассоциация» жаттығуы”
“Екі бақа” туралы аңыз оқылады.
Шарты:
Оқушылар шеңбер (өмір) болып тұрады, ортада науқасы бар ауру адам, ол өмір сүру үшін күресіп шеңберден шығуы керек. Қатысушылар оны шығармауға тырысады.
Әркім өзі қиындықтан қалай шығатынын ортаға салады.
Талдау сұрақтары:
1. Өмір күрестен тұрады – дегенді қалай түсінесің?