Рдістері, есімдер


Гүлжаһан ОРДА, филология ғылымдарының докторы



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата07.01.2022
өлшемі1,18 Mb.
#20016
1   2   3   4   5
Байланысты:
sciPaper112935

Гүлжаһан ОРДА, филология ғылымдарының докторы,  

қауымдастырылған профессор 

 

 



 

 

 


199 

 

ПОРТРЕТТЕР 

 

ҚҰМАРОВА ШӘРБАНУ 

(1936 жылы туған) 

 

1936 жылы, 13 мамырда Алматы облысының Есік қаласында 

туған. 1961 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің тіл-әдебиетін 

факультетін бітірген.  

«Мәдениет және тұрмыс» («Парасат»), «Қазақстан әйелдері» 

журналдарына  қызмет  еткен  ол  Халықаралық  «Алаш»  әдеби 

сыйлығының лауреаты (1999), «Құрмет» орденінің иегері.  

1961  жылы  шыққан  «Қыз  сыры»  атты  тұңғыш  әңгімелер 

жинағынан  бастап,  «Терезелер»,  «Қос  шынар»,  «Сәуірдің  ақ 

таңы»,  «Қазбауыр  бұлттар»,  «Қызыл  қайың»,  «Өмірім  менің  – 

өнерім»,  «Әйел  шырағы»,  «Жердің  тұзы»,  «Құлжа  жолы»,  «Сезім 

патшалығы»  атты  прозалық  шығармалармен  қатар  бірсыпыра 

драмалық туындылар берді. Оның «Кімнің тойы», «Бір бойдақтың 

хикаясы»,  «Қара  сандық»,  «Күләш  –  Шара»  сынды  туындылары 

қазақ  театрларымен  бірге  басқа  да  халықтардың  театрларының 

репертуарынан орын алды.  

Жазушы  шығармалары  «Белое  утро  апреля»  деген  атпен 

орыс  тіліне  аударылып,  «Жазушы»  баспасынан  100  мың  данамен 

шықса  (1978),  «Женщине  сорок  лет»    Мәскеудің  «Советский 

писатель» баспасынан жарық көрді (1980).   

 

* * * 


Ш.Құмарованың  алғашқы  әңгімелері  1958  жылдан  бастап 

«Қазақ  әдебиеті»,  «Социалистік  Қазақстан»,  «Лениншіл  жас» 

тәрізді  республикалық  газеттерде  шыға  бастады.  Көпшілік 

арасында  қызу  талқыланып,  әдеби  жұртшылықты  елең  еткізген 

әңгімесі  –  «Бағираш».  Бұл  әңгімені  кезінде  Б.Тоғысбаев:  «Это  – 

бесподобный  рассказ»,  –  деп  бағаласа,  «Қыз  сыры»  атты  тұңғыш 

әңгімелер жинағы жөнінде жазылған «Жас талантқа жақсы пікір» 

мақаласында  ақын  Ж.Саин:  «Тыңға  түрен  тартқандай  қазақ 

әдебиетіне тұңғыш прозашы әйел келді...» – деп, жаз жазушыға ақ 

батасын  берген  болатын  [1].  Ал,  1961  жылдың  12  мамырында 




200 

«Образ  және  образдылық»  деген    дипломдық  жұмысының  ресми 

оппоненті  М.Әуезов:  «Әсіресе,  осы  дипломның  жазылу  тілі  аса 

жатық,  орамды,  ылғалды  келген.  Ой  да  бар,  оны  таратып, 

нанымды-қонымды  етіп  берерлік  сөз  суреткерлігі  мен  кестесі  де 

бар. Көбінше дұрыс, ұйтқылы ойды мөлдір түсінікті тілмен шебер 

тарата  білу  жақсы  өнерді  аңдатады.  Сондықтан  бұл  еңбекті  өте 

жақсы деп бағалау әділ болар деп санаймын» [2, 19], – деген пікір 

берген екен. Міне, осылайша әдебиетке деген қадамын нық басқа 

жазушы  қыз  ұстазы  З.Қабдоловтың  жетекшілігімен  дипломдық 

жұмысын жаза жүріп бірсыпыра ақын-жазушы ағаларымен жақын 

араласты,  ақ  батасын  алды.  Олардың  қатарында  М.Әуезов, 

С.Мұқанов, 

Ж.Саин, 


Ә.Нұршайықов, 

Д.Әбілов, 

Ж.Жұмақановтардың есімдерін ілтипатпен атауға болады.   

Замандастары 

жайында 

сыр 


шерткен 

жазушының 

«Терезелер»  атты  жинағына  енген  әңгімелерінің  негізгі 

кейіпкерлері – болашаққа батыл қадам жасаған озық ойлы, өршіл 

рухты  кеңес  жастары  болса,  «Қос  шынар»  жинағынан  ауылдың 

әсем  суретімен  бірге  еңбек  адамдарының  жан  сұлулығын  көруге 

болады.  «Шылым»  әңгімесіндегі  кейіпкердің  «уһ»  деп  күрсінуі  – 

оның  жанын  жеген  күйініштің  көрінісі.  Әскерге  кеткен  жарынан 

айырылып,  жалғыздықтың  зардабын  шеккен  жандардың  жайын 

сол бір күрсіністің өзі-ақ жеткізіп тұрғаны белгілі.  «Замандастар» 

жинағының  негізгі  кейіпкерлері  де  еңбекшілер.  Күрішші,  шопан, 

ғалым, композитор әже тағы басқа маман иелері туралы әңгімелер 

жастардың  болашақ  мамандығын  таңдауға  өз  септігін  тигізері 

даусыз.   

«Көк жұлдыз», «Самал», «Сәуірдің ақ таңы», «Ең сұлу қыз», 

«Сергелдең», «Бастық», «Ауылнай әкеңнің баласы», «Әуеде ұшқан 

көкқұтан»,  «Қызыл  қайың»  атты  повестеріне  адамгершілік, 

махаббат, отбасы мәселелері арқау болса, «Жердің тұзы» атты үш 

таған повесіне қилы-қилы үш кезең оқиғасы негіз болған. Ләззат, 

Нұрсұлу,  Кенжегүл  сынды  кейіпкерлердің  тақсіретті  тағдыры 

арқылы  1937  жылдың  нәубеті  ашылса,  Айбану,  Айна,  Сұңғат 

кешкен  өмір  өткелдерінен  кешегі  сұм  соғыстың  ызғары  еседі. 

«Жыңғыл  бүр  жарғанда»  повесі  кешегі  тоқырау  кезеңінің 

көріністері  – адам  жанының  рухани жағынан жұтаңдауын,  ойдың 

таяздануын,  дүниеқоңыздық  пен  табансыздық  секілді  жағымсыз 

жат  қылықтардың  бой  алуын  ар  талқысына  салатын  көркем 

туынды.  



201 

 «Қазбауыр  бұлттар»  жинағына  енген  «Сәуірдің  ақ  таңы», 

«Биші», «Көк жұлдыз»,  повестері мен «Келін боп түскен жылы», 

«Хатшы», «Бозқырау», «Адамға адам керек» әңгімелерінде бүгінгі 

замандастардың  жан  дүниесін  әр  қырынан  бейнелеп,  олардың 

тұрмыс-тіршілігі,  мұрат-мүддесі  хақында  өрнекті  ой  түйеді. 

Жинаққа енген «Ханым қыз» атты роман-толғау оның бұл уақытқа 

дейін  жазып  жүрген  әйел-ана,  отбасы,  махаббат  туралы 

шығармаларының  жиынтығы  десе  де  болғандай.  Себебі,  жазушы 

бұл  шығармасына  өзі  өмірден  көрген  жайттардан  түйін  жасауға 

тырысқан.  «Махаббатта  да  майдандағы  сияқты  әркімнің  өз 

тағдыры бар» деген Теодор Драйзердің пікірін негізге ала отырып, 

махаббат  туралы  сыр  шерткен    жазушы  бір-біріне  ғашық  болған 

Ұлан  мен  Кербездің  оқиғасы  арқылы  сонау  ХХ  ғасыр  басындағы 

оқиғаларға  жан  бітіреді.  Хиуаның  қызы  Кербез  бен  1918  жылы 

әкесінен бір жасында қалған Керімбаланың ұлы Ұланның бір-бірін 

жоғалтып  алған  бауырлардың  табысуына  септігі  тиеді.  Жазушы 

Мырзатай  мен  Ақжолтай,  Кербез  бен  Сәлімгерей,  Бұхарбай  мен 

Мәнтай,  Қамқанай  мен  Әмірәлі,  Қамқанай  мен  Ораз  линиялары 

арқылы  махаббаттың  тылсым  сырларынан  сыр  шертеді.  Арғы-

бергі  тарихқа  шолу  жасаған  автор  кеше  мен  бүгінді  салыстырып, 

жиырмасыншы,  отызыншы  жылдардағы  нәубатты  еске  алып,  сол 

жылдардың  салған  жарасын  нақты  мысалдармен  тұжырымдайды. 

Мәселен,  отызыншы  жылдардың  құрбаны  болған  Дулаттың 

артында  қалған  балаларының  араға  көп  жыл  салып  кездесуі  – 

кешегі  қуғын-сүргін  жылдарының  зардабын  аңғартса,  соғыстың 

салған жан жарасы да бірнеше ұрпаққа өз зардабын тигізгені рас. 

Ал,  роман  басындағы  бөксесі  топыраққа  көміліп  жататын 

Мырзатайдың  жұбайы  Ақжолтайды  бір  қызымен  тастап  кетуі 

өмірге 


деген 

салғырттықты, 

жауапсыздықты 

аңғартса, 

Қамқанайдың құдай қосқан жарының өмірден ерте озуы адам бар 

жерде  өлім  бар  екенін  еске  салады.  Ақжолтай  –  кешегі  қырыққа 

жетпей  кемпір  болған  жандардың  жиынтық  бейнесі  болса,  одан 

туған  Қамқанай  –  тағдыр  тәлкегіне  ұшырап  денсаулығынан 

айырылған  ана.  Ал  Қамқанайдың  қызы  Гүлқадиша  – 

жиырмасыншы,  отызыншы  жылдардың  қуғын-сүргінін  көрмеген, 

соғыстың зардабын тартпаған қазіргі заман жастарының жиынтық 

бейнесі.  Олардың  басынан  өткен  оқиғалардан  жазушы  мынадай 

тұжырым жасайды: «Күйеуі тастаған әйелдің қайғысын ол көрген 



202 

– онысы Ақжолтай. Ал күйеуі өлгеннің күйігі одан да қиын ба деп 

қалды:  біріншісі  –  ұзақ  та  жіңішке  ауру  сияқты,  ішті  үңгіп  өле-

өлгенше  жеп  тынатын;  екіншісі  –  бір-ақ  әкететін  опат  ауру 

секілді».  Жазушы  осылайша  әйелдердің  жан  сырын  түсініп  қана 

қоймай, оны көркем әдебиетке алып келіп оған жан бітірді.  

Жазушының  махаббат  тақырыбын  қозғайтын  романының 

бірі  –  «Әйел  шырағы»  (1985).  Автор  романда  әйел  бақыты    не, 

деген  сауалға  жауап  беруге  тырысқан.  Оны  екі-үш  кейіпкер 

бойындағы  ерекшелік  пен  олардың  тағдыр  тауқыметімен  ашуға 

ден  қойған.  Тек  әйел-ана  ғана  сезінер  шынайы  сезім  иірімдері 

шығармада  әдемі  өріліп  отырған,  әйел  затына  ғана  тән  махаббат 

атты  ынтық  та  ыстық  сезім  шарпуын  жеткізуде  автор  жетістікке 

жеткен.  Нәзік  сезім  иелері  бойындағы  сырлы  да  сыршыл 

сезімдерге үңілу әйел жазушылардың ғана қолынан келер жетістік 

болса керек. Романның негізгі жетістігі де оның сыршылдығы мен 

сыншылдығында. Автор тек әйел затына ғана тән физиологиялық 

өзгерістер  мен  адам  жанындағы  тебіреністерге  жан  бітірген. 

Шығармадағы  үлкен  жетістік  –  лиризм.  Бұл  –  жазушының  нәзік 

көңіл  күйімен,  сезім  әсерімен  суарылған  эпикалық  шығарма. 

Романның  композициялық  құрылымы  да  кейіпкерлердің  жан 

тебіреністеріне  қарай  өріліп  отырады.  Ақтеңгенің  бүкіл  ғұмыры 

оның  сыры  ретінде  романға  арқау  болған.  «...Дүниеде  бір 

қайталанбас нәрсе болса, ол – махаббат! Ол – құдіреттің құдіреті! 

Оны сезген, ыстық шербетінен татқан адам  – бақытты! Ал сезбей 

өткен дүмшелерді аяймын»,  – деген Ақтеңге сөзінен оның бойын 

махаббат  атты  алаудың  күйдіріп-өртеген  құдіретін  танимыз. 

Осындағы  әрбір  сөйлем  соңындағы  леп  белгілер  кейіпкердің 

көтеріңкі  көңіл  күйін  ашу  қызметін  атқарып  тұр.  Шығарма 

желісінің күтпеген жерден күрт өзгеруі де лирикалық прозаға тән 

ерекшелік.  Ақтеңгенің  ең  жақын  сырлас  сіңілісі  бола  білген 

Пәризатқа  оның  бұрынғы  күйеуі  Әбдіқайымның  кездесуі  – 

лирикалық  прозаға  тән  ерекшелік.  Ақтеңге  сыры  арқылы 

Пәризаттың өмірінің ұштасып отыруы оларды жалғастыра түседі. 

Ақтеңгенің  бар  сырына  қанық  Пәризаттың  Әбдіқайымның 

қалыңдығы  болуы  –  лирикалық  проза  қаһарманының  күтпеген 

жағдайларды 

басынан 


өткеріп 

отыратынына 

мысал. 

Кейіпкерлердің  басынан  кешкен  көңіл  күйлеріне  құрылған  бұл 

роман  лирикалық  прозаның  қатарын  толтырары  даусыз. 



203 

Жазушының  үлкен  жетістігі  –  әйел  затының  болмыс-бітімі  мен 

оның  жан  дүниесіне  терең  үңіле  білуі.  Кейіпкерлер  бойындағы 

шынайы  нәзік  сезімдер  олардың  сөзі  мен  ісі,  бір-біріне  айтқан 

сыры арқылы айшықтала түскен. Барша әйел затының тоқырайтын 

кезіндегі  физиологиялық  өзгерістерді  автор  шынайы  түрде  жете 

суреттеген. Сырт көзге жын ұрғандай өзгерген Ақтеңге бойындағы 

құбылмалы  құбылыстың  сырын  жазушы  табиғат  заңдылығы 

ретінде  көрсетуге  тырысқан.  «Қайда  қашса  да  Қорқыттың  көрі» 

дегендей  уақыт  шіркіннен  қашып  құтыла  алмайтындығын  дер 

кезінде ойламау – уақыт оздырудың бір белгісі.  

Оқиға  негізгі  үш  кейіпкердің  төңірегінде  жүріп  жатады. 

Махаббат тек екі адамға ғана ортақ болса, үшіншінің біреуі артық 

екені  белгілі.  Осы  негізгі  кейіпкерлер  төңірегіндегі  оқиғаны 

толықтырып  отыратын  жанама  кейіпкерлердің  де  атқарар 

міндеттері  аз  емес.  Төл  сөз  бен  төлеу  сөзді  орынды  пайдаланған 

автор  Торта  ана  болмысы,  оның  өмір  тарихы,  өмірден  көрген 

бейнеті  арқылы  бүкіл  әйел  анаға  ортақ  қасиеттерді  жинақтаған. 

Тортаның  жастық  шағына  жасалған  шегініс  те  оның  бейнесін 

толықтырар  қызмет  атқарары  даусыз.  «Еркектің  ісі  үйде  емес, 

түзде өнбек» дегенді сылтау етіп, бітірері болмаса да үйде дамыл 

тауып  отыра  алмайтын    Бейсенбінің  Тортаны  жөнсіз  қамшы 

астына алуы сынды шағын ғана эпизодқа автор үлкен жүк артып, 

мақалдың  тозығы  бар,  озығы  бар  екенін  әркім  ескере 

білмейтіндігіне назар аударған. Түзде жүріп бала-шағасын асырап 

қызмет  етсе,  әйел  адамның  да  шатағы  бола  қоймас,  бірақ,  ата-

бабадан  қалған  мақалдың  мәнісін  қашырып  бейберекет  жүретін 

еркектердің  әйеліне  төмен  етекті  деп  қарауы  да  өмірден  алынған 

шындық.  Ауылда  таңның  атысы,  күннің  батысы  бір  тынбайтын 

Тортаның  екі  қолы  алдына  сыймай  «тезектің  шоғына,  табаға 

пісірген қолдан ашытқан нанды аңсауында» шынайылық басым. 

Жазушы  Пәризатты  ес  білгелі  оңы  мен  солын  танып  әке-

шеше арасындағы орынсыз кикілжіңге, аға мен жеңге арасындағы 

жанжалдың  шығу  себебіне  жаны  күйзеле  жүріп  бойжеткен, 

өмірден тоқығаны көп жан ретінде бейнелеген. Кейіпкерінің жасы 

жиырма  беске  келгенше  оң  жақта  отырып  қалғанын  былайша 

түсіндіреді:  «Тұйықтығынан,  әлде  кісікиік  тағы  мінезінен  көрсін, 

бұл жасқа шейін құйысқаны көтерілмей үйде отырып қалу – нәзік 

әйел  затына  қиын-ақ.  Енді  қайтсін,  «мені  алғын!»  деп  көк  атты 



204 

көлденең біреудің мойнына асыла кетсін бе? Бұл дегенің Пәризат 

үшін  өрескел,  жалпы  қазақ  қыздарына  жат  қылық»  [3,  4].  Қазақ 

қыздарына  тән  биязылық,  тәрбиелілік,  бұйығылық,  ұялшақтық, 

үлкенге құрмет, кішіге ізет, сабырлылық сынды қасиеттердің бәрі 

де  бір  кейіпкер  бойынан  табылуынан  олардың  типтік  дәрежеге 

көтерілгені  байқалады.  Ауылдық  жерде  өсіп,  отбасында  жақсы 

тәрбие  алған,  бойына  тек  жақсы  қасиеттерді  жинақтаған 

Пәризаттың  көпшілдігі,  еңбекқорлығы,  кісі  жанын  ұға  білетін 

нәзік сезімі арқылы оқиғаға жалғасып отырады. Ауыр операциядан 

жаны  аман  қалып,  ауруханада  жатқан  Ақтеңгені  бәйек  болып 

күтуі,  оның  сырына  қанық  болып  жан  жарасын  түсінуі  махаббат 

атты  тылсым  күшке  кедергі  бола  алмайды.  Ақтеңгенің 

Әбдіқайымды қаншалықты сүйетінін білгенмен, бұл да өз бақыты 

үшін күресе білетін жан.  

«Ана ақылы Пәризатқа ғұмыр бойы серік болғандай: өзіндегі 

барды  базарлап  ұстау,  жоқты  жасаймын  деп  жанықпау,  барға 

тасымау,  жоққа  жасымау  –  бойтұмардай  жадында  сақтаған 

нәрсесі»  екенін  автор  ана  тәрбиесі  арқылы  түсіндіреді.  Ендеше, 

Әбдіқайымның  «Шешесін  көріп  қызын  ал»  деп  жүргені  де  аяулы 

ана тәрбиесінің оң нәтижесінен болса керек. 

Ақтеңгенің жан сырын бөлісер жаны Пәризат болғанына не 

дерсің:  «Ақтеңгенің  сырынан  соң  Пәризат  теңселіп,  салы  суға 

кетіп  қайтты.  Әйелдің  ақтарылған  әр  сөзі  бұған  шаншу  болып 

қадалды.  Мың  ине  сұққылағандай,  тұла  бойы  түршігіп:  «Несіне 

бардым?, несіне тыңдадым?» – деумен зар иледі...» [3, 139].  

Ал  уақытында  жар  тауып,  күйеуге  шыққан  жеңгесі 

Шамшынұрдың  да  арманы  аз  емес.  Қасында  Құдай  қосқан  жары, 

басында  баспанасы  бар  дегені  болмаса,  оның  алдында 

төменшіктей  беруінің  де  өз  себебі  бар.  Ол  өмірге  нәресте  алып 

келе алмағаны үшін жазықты.  Пәризат  оң  жақта отырып қалғаны 

үшін өзін жазықты санаса, Шамшынұр бала таппағаны үшін кінәлі. 

Сонда, күйеуге шықты не, шықпады не? Көргені қос үрей, еститіні 

қаралау  болса,  әйел  баласының  көресісі  көп  екен-ау  деген 

авторлық ұстаным кейіпкер ойы арқылы беріледі.  

Романға  арқау  болған  әр  алуан  оқиғалар  мен  монолог, 

диалогтар негізгі кейіпкерлердің бейнесін ашу үшін қызмет етеді. 

Бір  көрген  адамға  не  киемін,  не  ішемін  деп  бас  қатырмайтын, 

қайда  барамын  деп  қиналмайтын  Ақтеңгеден  бақытты  жан  жоқ 



205 

тәрізді.  Бірақ,  оның  ішкі  дүниесіне  үңілген  сайын  одан  бақытсыз 

адам  сірә  тумағандығына  көзің  жетеді.  Бетінің  әрі,  бойының  нәрі 

уақыт  өте  кетерін  байқамаған  Ақтеңге  –  бір  сәттік  сезім  құлы 

болғаны  үшін  барынан  да  жарынан  айырылған  бейбақ  жан. 

Жазушы дүние-мүлік, атақ-дәреже, қызмет ешбір жанды бақытты 

ете  алмайтындығын  өмір  шындығы  ретінде  көрсеткен.  Ол 

ғылыммен  айналысуға, жаз  бойы  экспедицияда  жүруге  мүмкіндік 

жасап,  бала-шағасына  қарап,  үй  шаруасын  дөңгелетіп  отырған 

Нақанның  қадірін  кеш  түсінеді.  Сол  бір  өмірде  орны  толмас 

шатасуды  автор  Ақтеңгенің  өз  аузымен  айтқызу  арқылы 

шынайылығын  аша  түскен:  «Бірақ  «түрт  шайтаның  түрт»  деп 

тұрса,  жаңылмайтын  жерде  жаңылады  екен  адам.  Оны  мен  саған 

айта алмаймын, сіңлім, Пәризат, қысқасы, Нақанның бетіне қарай 

алмайтын  күн  туғанда  ажыраспауға  амал  қалмады...»  [3,  136]. 

Сезім  жетегіне  ерік  берудің  де  өз  орны  болары,  бір  мезгіл  сезім 

деген  шіркінге  де  тежеу  керек  екендігі  Ақтеңгенің  істеген 

істерінен  айқындала  түседі.  Махаббат  атты  нәзік  сезімге 

ашқарақтық,  қызғаншақтық  сынды  қасиеттердің  опа  алып 

келмейтіндігі де Ақтеңге ісімен ашыла түскен. 

Орталық  кейіпкердің  бірі  –  Әбдіқайым.  Ол  өзінің 

іскерлігімен,  пысықтығымен,  ашықтығымен  көріне  білген  жан. 

Ағасы  қайтыс  болған  соң,  Ақтеңгенің  қолымыздан  келгенді 

аямаспыз деген сөзін медет тұтып қалаға оқуға келгенімен тынбай, 

онымен жақынырақ араласуы әрине артығырақ. Ағасындай болған 

Нақанның  көзін  ала  бере  жеңгесіне  сөз  салуы  –  оның 

жылтырағаннан  құр  қалғысы  келмейтін  көрсеқызарлығы.  Жасы 

өзінен  үлкен,  балалы-шағалы,  үйлі-баранды  жанға  сөз  салуының 

өзі қазақ қауымы  үшін жат қылық. Алаулаған ыстық сезімнің өзі 

жанға дауа бола алмайтындығын, бақыт атаулының негізі басқада 

болатындығын  Әбдіқайым  кеш  түсінеді.  «Балалы  үй  –  базар, 

баласыз үй – мазар» екенін кеш ұққан ол жасы егде тартқан сайын 

жас  нәрестенің  иісін  иіскегісі  келетінін жасыра  алмай,  араларына 

кикілжің  түседі.  Ынтыға  қосылған  екеуінің  аралары  суына 

бастауының  екінші  себебі  Ақтеңгенің  өзіне  байланысты.  Оны 

ынтыға  қосылған  сүйіктісі  Әбдіқайымның  мына  сөзінен  байқауға 

болады:  «Мүлік  иесі  әйелге  ұқсамайсың,  үйге  ұсынықты, 

шаруашылыққа  үпті  әйелден  айналып  кетпеспісің?  Қашан  келсең 

де аузы-мұрнынан шыға ыбырсып, қоқсып жатқан үй, жуылмаған 



206 

еден,  шашылған  төсек-орын,  көшетін  үйдейміз  құдды...».  Артық 

сөзі  жоқ,  үй  шаруасына  икемді  Нақанның  мойнына  мініп,  өз 

міндетін  ұмытуы  –  оның  негізгі  кемшілігі.  Бір  көрмекке  көркі 

керек  болғанмен,  отбасының  ынтымағы,  бірлік-берекесі    әйел 

көркімен  шешілмесі  анық.  Сыртта  қызметкер  болғанмен  әйел 

адамның үйде атқарар өз міндеті бар. Тапқан ақшасын міндет етіп, 

үй  шаруасына  қарамайтындығын  Нақан  көтергенмен  ауылда 

өскен, оң-солын танып қалған Әбдіқайымның көтере алмасы анық.  

Автордың  бір  жетістігі  –  үлкен  әлеуметтік  мәселелерді 

орнын тауып көтере білу, оқырманға ой салу. Ақтеңгенің шетелдік 

репартерларға  берген  сұхбатындағы  мәселелердің  күні  бүгінге 

дейін шешімін таппай келе жатқаны белгілі. Ауыл-село тұрмысын 

қаламен  теңестіру,  ядролық  апатты  болдырмау,  әйел  теңдігі, 

экологиялық мәселелердің күні бүгінге дейін өзекті болып тұрғаны 

анық.  Ел  өміріндегі  осындай  мәселелердің  қатарына  Пәризаттың 

хатын  інілерінің  түсінбеуін  (қазақша  сауатсыз  болуы)  де 

жатқызуға  болады.  Қазақстанның  астанасы  Алматыда  қазақша 

мектептің емге табылмауы да сол жылдардың ащы шындығы.  

Шығармада  көзге  түсетін  тағы  бір  ерекшелік  –  ұлттық 

нақыштар  мен  қазақ  халқына  ғана  тән  салт-дәстүрдің  жеткілікті 

дәрежеде бейнеленуі. Оны ә, дегенде Тортаның баласы Алмастың 

сөзіне  еріп  қалаға  кеткелі  жатқан  тұсынан  келтіруге  болады: 

«Әншейінде  арадай  талайтын  ағайынның  қимас  сөзі  көбейді: 

«Қара орманды құлатып... ағайыннан жырылып... жылы орныңды 

суытып...»  Бейсембінің  үлкен  әпкесі,  бүгінде  кебісін  сүйреткен 

кәрі кемпір, қалтақтап әрең келіп, ал кеп Тортаны қарғасын. Сай-

сүйегін сырқыратқан сұмдық нәлеті сөздерді төккенде, тура өлген 

шалының  соңынан  қоса  аттандырып  жіберердей»  [3,  13].  «Бар 

болса  –  көре  алмайтын,  жоқ  болса  –  бере  алмайтын»  ағайынның 

жақынын  жатқа  қимауы,  ауыл  адамдарының  қала  тіршілігіне 

көңілдері  толмауы,  қара  шаңырақты  иесіз  қалдыруды  жөнсіз  деп 

қабылдауы – қазақы ұғым-түсініктің көрінісі.  

Келін  түсірудегі  әдет-ғұрыпты  Ақтеңгені  ауылға  алып 

барған сәттен кездестіреміз. Жаңа келген келіннің бетіне ақ орамал 

жабу,  отқа  май  құю,  босағаны  оң  аяқпен  аттау,  үлкендерге  иіліп 

сәлем  жасау,  жаңа  түскен  келіннің  төрге  озбай  босағада  отыруы, 

жас  келіннің  үлкенге  құрмет,  кішіге  ізет  жасауы  сынды  әдет-

ғұрыптардың  бірін  де  Ақтеңгенің  сақтамауы  –  оның  шыққан 



207 

ортасы  мен  тәлім-тәрбиесін,  өнегесін  көрсетер  эпизодтар.  Ал, 

Пәризат  пен  Әбдіқайымның  қайын  жұртын  есік-төр  көрсетуге 

шақырып  қонақ  етуі,  олардың  әрқайсысына  өздеріне  арнайы 

алынған сыйлықтарды тарту етуі  – қазақ халқының атадан-балаға 

жалғасып  келе  жатқан  «Қалыңсыз  қыз  болса  да,  кәдесіз  күйеу 

болмайтындығын»  танытар  көрініс.    Шығарманың  осындай 

ерекшеліктері  жөнінде  қазақ  романының  білікті  маманы 

Ш.Елеукенов  былай  дейді:  «Шәрбанудың  кейіпкер  тағдырына  

уақыт  таңбасын  салуға  құштарлығы,  ұлттық  бояу,  айшықтарға 

ерекше зер салатын мәнері әбден құптарлық».  

Ш.Құмарова  әйел  бақыты  неде,  деген  сауалға  бір-біріне 

кереғар  бейнелерді  қатар  ала  отырып  жауап  бере  білген.  Әйел 

бақыты  –  нәресте  сүйіп  ана  болу,  шаңырақтың  шайқалмауын, 

береке-бірлікті  сақтау  екендігін  Торта,  Ақтеңге,  Шамшынұр, 

Пәризат  бейнелері  арқылы  бейнелеген.  Торта  –  өмірден  көргені 

көп,  балаларының  ынтымағын, отбасының берекесін  ойлаған  ана.  

Ол  –  баласы  Алмастың  сөзін  қимай  өзінің  қара  орманын  тастап, 

қартайғанда қалаға келіп, сырласар абысын-ажынын сағынған жан. 

Шамшынұр  –  үйі  де,  күйі  де  болғанмен,  бір  перзентке  зар  әйел. 

Ақтеңге  –  қолда  барын  бағалай  білмеген,  отбасының  берекесін 

қызғаншақтықпен,  көрсеқызарлықпен  кетірген,  бір  сәттік  сезім 

үшін  бар  бақытынан  айырылған  берекесіз  жан.  Пәризат  –  өмір 

атты  теңізден  жиғаны  мен  тергені  көп,  сезімді  ақылға  билеткен 

саналы  да  сабырлы,  көпті  көрген,  жаманнан  жиреніп,  жақсыдан 

үйреніп өскен жан. Әйел затының көрер бақыты да жақұты да бала 

екендігін автор роман соңында Пәризаттың толғатуымен нақтылай 

түскен.  Айдай  сұлу  Ақтеңгеге  қыр  көрсеткен  Әбдіқайымның 

аяғына  ілінген  сүйретпемен  көшеде  далақтап  шауып  бара 

жатуының  да  негізгі  себебі  –  дүние  есігін  ашқалы  тұрған 

перзенттің құдіреті.  

 «Шылым»  атты  алғашқы  әңгімелерінен  бастап  анасы 

туралы  сыр  шерткен  жазушы  қырқыншы  жылғы  келіншектердің 

қасіретті  тағдырын  бар  шығармасына  арқау  етті  деп  айтуға  да 

болады. Соның нақты мысалы – «Ханым күз» роман-толғауы. Бұл 

–  алғашқы  әңгімелерінен  бастап  кейінгі  жылдары  жазылған 

үлкенді-кішілі  шығармаларына  арқау  болған  ана  туралы 

оқиғалардың  заңды    жалғасы.  Романның  негізгі  идеясы 

жазушының  оқырманмен  сырласқан  толғауынан-ақ  аңғарылады. 



208 

«Қырыққа  келмей  жатып  қартайған  апам  туралы  айтпақпын 

сіздерге. Иә, қырыққа келмеген кемпірлер туралы. Әйел қасіретін 

әйел  түсінбегенде,  кім  түсінер.  Менің  апам  қырыққа  келмей 

қартайса,  ал  біз  қырыққа  келсек  те,  өз  жасымыздан  жастау 

көрінеміз  бе?...  Апамды  уақыт  қартайтты.  Біз  де...  жоқ,  біз  қайта 

жасаңғырап  барамыз,  ал  біздің  аналарымыз  біздің  жасымызда 

қандай  кәрі  еді!»  –  деп  толғанған  автор  сол  бір  алапат  жылдарға 

шегініс  жасайды.    Иә,  бүгінгі  қырқында  қылшылдап  тұрған 

келіншектерді 

көріп 

жүрген 


жандар 

қырқында 

кемпір 

болғандардың  қандай  болғанын  қайдан  білсін?  Осылайша, 

оқырманға  үлкен  ой  салар  роман  оқиғасы  сонау  қырқыншы 

жылдардан  басталады.  Осындағы  «Қойныңа  алмадың»  деп,  талай 

қыз-келіншекті  сабаған  Әли  де,  Солтүстік  Кавказдан  Қазақстанға 

эвакуацияланған  Әзиз  де,  анасы  шейіт  болған  жас  нәрестені 

бауырына басқан Омекең де, тағдыр тауқыметін тартқан Ақжолтай 

да сол тұстағы типтік бейнелер. Жазушы қазақ романын мазмұны 

ғана емес, түрі жағынан да байытты. Роман-толғау арқылы өзінің 

өмір жайындағы түйіндерін жеткізе білген ол «Адал еңбек – бәрін 

де жеңбек» деген тұжырым жасайды. 

Бұған  дейін  отбасы,  махаббат,  адамгершілік  мәселелерін 

үзбей көтеріп жүрген Ш.Құмарова «Сезім патшалығы» (2003) атты 

романда  махаббат  тақырыбына  қайта  оралды.  Ризат  пен  Жәнібек 

арасындағы кикілжіңнен басталған роман шытырман оқиғалармен 

ширай  түскен.  Ризаттың  шамадан  тыс  қызғаншақтығы, 

дүниеқоңыздығы мен тәкаппарлығы Жәнібек екеуінің арасындағы 

сезімді от сепкендей сөндіріп тынады. Жазушы бір-біріне кереғар 

кейіпкерлер  арқылы  адам  баласының  бір  қалыптан  шыққандай 

мінсіз  болмайтындығын  түсіндіреді.  Мәселен,  Құдай  қосқан 

жарының  қадірін  білмейтін  Ризат  пен  дүниеқоңыз  Сараның  іс-

әрекеттері  Гүлмира  мен  Қызғалдақтың  бейнесін  толықтырады. 

Әке-шешесіз  балалар  үйінде  өскен  томаға  тұйық  Гүлмираның 

олардан қорқып жұмысын тастай қашуы оқиғаны ширатуға қызмет 

етеді.  Балалар  үйінде  жүргенде  Райхан  апайының  үйіне  барып 

тұратын  Гүлмираның  сол  үйге  Қызғалдақты  ертіп  келуі  арқылы 

көп  сыр  ашылады.  Райхан  отызыншы  жылдары  өзі  ұсталып  бара 

жатқанда жалғыз қызы Кәмешті Түсіпхан мен Үрсұлудың қолына 

ұстата  кетеді.  Араға  жылдар  салып  немересінің  алғырлығының 



209 

арқасында қызын тапқан ол Алтайға барып, замандастарына сәлем 

беріп, алғысын алып қайтады.  

Кәмеш  пен  Сланбек,  Ризат  пен  Жәнібек,  Жәнібек  пен 

Қызғалдақ,  Сағындық  пен  оның  жұбайы  арасындағы  оқиғалар 

арқылы  оқырманға  ой  салған  жазушы  Әзімнің  опасыздығы  үшін 

шаранасын  алдырып  тастаған  Зарауқаның  ғұмыр  бойы  бала 

көтермеуімен  не  нәрсені  де  екі  өлшеп,  бір  кесу  керектігін 

ескерткеді.    Отбасының  тыныштығын,  береке-бірлігін  сақтау  екі 

адамға  да  ортақ  екенін  романдағы  оқиғалар  растайды.  Айрандай 

ұйыған  отбасын  іркіттей  іріткен  шайпыауыз  Ризат,  Зарауқа 

жолының  жіңішке  екендігін  ойламаған  Әзім,  беті  жылтыраған 

әйелді алдынан өткізбейтін Сланбек, бақытты дүниемен өлшейтін 

Саралар  –  махаббат  пен  отбасылық  бақыттың  қадір-қасиетін 

түсінбеген  жанкештілер.  Зарауқа  жеңгесінің:  «И-и,  еркектің  бәрі 

сол, сәл көзің тайса, басқа әйелдің құшағын аңсайды. Мына ағаңды 

да... талайының үстінен аударып алғам... Қайтейік. Әйел сорлының 

киген  кебі  осы,  маңдайдағы  жазмыш  деген  де  осы...»  –  деген 

сөзінен еркектердің ессіздігінен әйел баласының көретін азабының 

шексіз  екенін аңғарсақ,  Ризаттың  өзінің есепшісімен  Қара  теңізге 

демалуға баруынан әйелдердің де бәрі бірдей мінсіз болмайтынын 

байқаймыз.  Жазушы  осындай  мысалдар  арқылы    өмірдің  адам 

ойлағандай мінсіз болмайтынын шынайылықпен бейнелеген.  

Ал,  жазушының  «Ғасыр  нұры»  [4]  романына  ХХ  ғасырдың 

басынан  бастап  1986  жылғы  Желтоқсан  оқиғасына  дейінгі 

аралықтағы  ел  өміріндегі  өзекті  мәселелер  негіз  болған.  Бірнеше 

хикаяттардан тұратын оқиғалар легі адам тағдыры, замана лебімен 

бірге  суреттеліп,  жеке-жеке  оқиғаларға  арқау  болған    адамдар 

тағдыры  жинала  келіп,  өткен  ғасырдың  әр  кезеңіндегі  тарихи 

оқиғалардан хабар береді.  

Роман  ХХ  ғасырдың  сексенінші  жылдарындағы  Үкітай  мен 

Шынаргүл  арасындағы  оқиғадан  басталады.  Жазушы  адамдармен 

бірге құмырысқалар өмірін параллель суреттейді. Ондағы мақсат – 

Құмырсқа  аталып  кеткен  қыздың  өмірінде  құмырсқаларға  қандай 

ұқсастығы  барлығы  ғана  емес,  адамдар  мен  құмырсқалар 

тіршілігіндегі айырмашылықтарға назар аудару арқылы оқырманға 

ой  салу.  «Таза,  қауымдастыққа  үйір  тіршілік  иелерінің» 

жәндіктердің  ішіндегі  ең  еңбекқоры  екендігін  баршамыз 

білетініміз жасырын емес, ал Ата құмырсқа мен Ана құмырсқаның 



210 

ұрпақ  өрбітудегі  міндеттері,  Ана  құмырсқаға  тамақ  тасу,  оны 

күзету тәрізді олардың өмір тіршілігінен адамдардың үйренері көп 

екені ащы болса да шындық. Жазушы осындай мақсатпен адамдар 

мен құмырсқалар өмірін қатар суреттеген тәрізді. Елден келген бір 

қойдың еті таусылған күні Үкітай Шынаргүлді бөлмеден шығарып 

жібереді. Барар жер, басар тауы жоқ қыз қолына чемоданын ұстап 

шыға  береді.  Міне  адамдардың  тіршілігі.  Ал  құмырсқалар  бірі 

үшін бәрі жанталасып еңбек етуде. Сонда біздің жәндіктер құрлы 

болмағанымыз ба? 

Лирикалық  шегініс  арқылы  Бала  батырдың  мал  бағып 

жүргеніне  тап  боламыз.  Қалмақпен  соғыс  кезінде  қолға  түскен 

тұтқын  бала  Саймасай  батырдың  жылқышысы  болып  қазақ 

арасында  жүреді.  Жылқы  баға  жүріп  төңіректегі  ауылдардың 

біресе қойын айдап әкетіп, біресе шеткі үйлердің туырлығын тіліп, 

тыныштық бермегендіктен Бала батыр атанып кеткен-тін.  Қалың 

малын  төлейтін  малы  жоқ,  алып  қашып  кетейін  десе,  барар  жері 

жоқ болғандықтан, Бала батыр ауылды сырттан ғана торып жүріп 

көзі  Елшібектің  қызы  Айнұрға  түседі.  Әкесі қажылыққа  кеткенде 

жеңгесі  Салиха  екеуі  «сабан  арасында  тебен  көрінетіндей  жап-

жарық  түнде  серуенге  шыққан  Айнұрды  қапыда  Бала  батыр  бас 

салады. Тоқтыдай өңгеріп, аузын айқайлауға келтіртпей бөркімен 

басып,  бөрідей  сүйрей  жөнеледі».  Айдын-күннің  аманында 

қарындасының  масқара  болып  қалғаны  үшін  Омарғазы  бар  өшін 

Салихадан алады.  

Жазушы Елшібек – Сұлуқас, Мінуар – Шынаргүл, Нұрқасым 

–  Биғаным  линиялары  арқылы  махаббат  мәселесін  қатар  алып 

отырған.  Романның  негізгі  кейіпкері  –  Шынаргүл  болғандықтан, 

оның төңірегіндегі адамдарға қатысты шытырман оқиғалар жинала 

келіп,  романның  негізгі  мазмұнын  құрайды.  Жеке-жеке 

хикаяттардың басын бір жерге қосып тұрған да Шынаргүл.  

Жазушы Мінуар өмірі арқылы өнер мен өнер иелерінің жолы 

ауыр  екенін  нанымды  бейнелеген.  Белгілі  әртістің  бала-шағасы 

ауылда,  өзі  пәтер  жалдап  тұрып  жатқаны  –  ХХ  ғасырдың  ғана 

емес, бүгінгі тәуелсіздік тұсында да шешімін таппай жатқан өзекті 

мәселенің бірі. Қанша талантты болса да, Мінуар  – өз қоғамында 

көптің көргенін көріп, көппен бірге өмір сүріп жатқан жан. Өзіне 

берілген  рөлді  дұрыс  сомдағаны  үшін  дұшпандарын    төңірегіне 

көп  жинаған  оны  өнер  иелерінің,  соның  ішінде  актерлердің 



211 

жиынтық  бейнесі  ретінде  қабылдауға  болады.  Алғаш  көргенде 

«Осы ақарлы-шақарлы басыммен он екіде бір гүлі ашылмаған қыз 

балаға  қиянат  жасасам,  Аллам  кешіре  қоймас-ты»  деп  ойлаған 

Мінуардың  мектепті  жаңа  ғана  бітірген  Шынаргүлге  деген  сезімі 

қалайша  үлкен  махаббатқа  ұласуын  жазушы  олардың  шынайы 

сүйіспеншіліктері арқылы ашуға тырысқан. 

Қазан  төңкерісінен  кейін  жаңа  өкіметті  орнатамыз  деп  ала 

шапқынға ұшырағандардың би-болыстар мен байларға, қажыларға, 

олардың  әулетіне  қырғидай  тигені  тарихтан  мәлім.  Елшібек 

қажының  отбасы  да  осындай  ойранды  басынан  өткеруі  шынайы 

бейнеленген. Баласы Омарғазы айдап кеткен жылқысын қайтарып 

алып Қытай асса, соны қуып келгендердің Бижігіт бәйбішені атып 

кетуі,  Елшібектің  үдере  көшуі,  артынан  жеткен  баласы 

Тоқсейіттен  бәйбішесі  оққа  ұшқанын  естігенде  жүрегі  тоқтап 

қалуы – бәрі де сол бір содырлы жылдардың жанды картинасы.  

Елшібектің  үлкен  ұлы  Жансейіттің  немере-шөберелері 

Жалағашты,  Айсолтаннан  туған  Досымбековтер  Кегенді  мекен 

етіп жатқанда  Салиха олардан осылайша көз жазып қалады. Бір-

бірінен  көз  жазып  қалған  әулеттің  бірін-бірі  табуына  бірден-бір 

себепкер  –  Шынаргүл  мен  Мінуар  болса,  айғақ  –  бір  кезде 

Нұрқасым түсірген Елшібек, Сұлуқас, Биғанымдардың суреті еді. 

Романда  кездесетін  тарихи  тұлғаның  бірі  –  Қазақстан 

Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Дінмұхамед 

Қонаев.  Д.Қонаевқа  қатысты  деректер  озат  шопан,  Еңбек  Ері 

Жүніс  Досымбековтің  естелігімен  толықтырылады.  1970-1974 

жылдары  Республикалық  ауылшаруашылық  слетіне  еңбек 

озаттары  қатысқанын,  жарыссөзге  шығып,  сөз  сөйлеген  озат 

шопан Жүніс Досымбеков, атақты комбайыншы Наталья Геллерт, 

шиелілік  шопан  Жұмабек  Әлиев  және  басқа  озат  сауыншы, 

малшы, егіншілердің қатысуынан көруге болады. Осындай тарихи 

тұлғаның  бірі  –  Қазақ  ССР  Министрлер  кеңесінің  төрағасы  – 

Бәйкен Әшімов.  

1986 жылы Желтоқсан оқиғасына қатысқан жастардың сөзін 

сөйлеймін  деп  Мінуардың  өзі  де  түрмеге  түседі.  Жазушы  бұл 

жолғы  нәубаттың  1937  жылғыдан  кем  соқпағанын  жеткізе 

суреттеген.  Қаржаудың  қазған  орына  түскен  Мінуар  «Саржаз» 

жындыханасына  алып  бара  жатқан  жерде  қашып  құтылады. 

Тоқмурзин  Дайырдың  қолшоқпары  болған  Қаржау  осы  сәтті 



212 

пайдаланып  Мінуардан  кегін  қайтарып  әлек.  Әнші  Жайнаны 

құрығына  ілген  Тоқмурзин  оны  қолы  жетпей  жүрген  Қаржауға 

ысыра  қояды.  Сол-сол  екен  Қаржау  Тоқмурзиннің  театрдағы 

жансызы болып шыға келеді.  

Жазушы  Желтоқсан  оқиғасына  қатысты  біраз  шындықты 

Мінуардың  басынан  кешкендері  арқылы  бейнелеген.  Жастардың 

жазықсыз сотталуы, Мәскеуден келген Соломенцовтің «іскерлігі», 

ес-түссіз  соққыға  жығу,  икемге  келмегенін  жындыханаға  салып, 

ақыл-есінен  айыру  тәрізді  сұмдықтардың  барлығы  да  өмірде 

болғанын Мінуар басынан өткен оқиғалар растайды. Қол-аяғы үсіп 

қалған  оны  тоқсаннан  асқан  Салиха  кемпірдің  балалары  тауып 

алады.  Қайын  сіңлісі  Айнұрды  Айсолтанға  өз  қолымен  қосқан 

Салиха кемпір Мінуарға бар тарихты айтып береді.  

Романда  көзге  түсетін  негізгі  мәселенің  бірі  –  достық.  Оны 

Мінуар  мен  Мәтиештің  арасындағы  достықтан  көреміз. 

Алғашында  Шынаргүл  арқылы  танысқан  екі жігіттің  сыйластығы 

үлкен  достыққа  ұласады.  Олардың  достығы  хат-хабарсыз  кеткен 

Шынаргүлді іздеу үстінде (Есік, Күрті аудандарынан), 1986 жылғы 

оқиға  барысында  шыңдала  түседі.  Осы  тұста  Мәтиеш  Жүніс 

қарияның қасынан табыла біледі.  

Осыдан кейін жазылған «Мың жылдық сағыныш» хикаятына 

Моншақтың  басынан  өткен  оқиғалар  негіз  болған.  Жазушы  

қолында  бардың  қадірін  түсінбеген  Айнагүл,  Бекбосынның 

тапқанына  марқайған  Нұриша,  ауылдан  келген  момақан  қыз 

Моншақтың  өмірі,  Ферузаның  күнделігі,  Ақтеңге  мен  Сырғаның 

әңгімелері 

арқылы 


қырық 

шырақты 


қыз-келіншектердің 

мастықпен, жастықпен ойланбай басқан қадамдарынан бірі тағдыр 

тәлкегіне ұшыраса, бірі ерте есейіп ес тоқтататына кезігеміз. Ауыл 

қызы  Моншақтың  да  бір  отбасын  шайқап  барып  отбасын  құруы 

осының  жарқын  мысалы.  Бар  дүниесін  бәйбішесі    Нұришаға 

тастаған  Бекбосын  Моншақпен  бірге  пәтер  жалдап  тұрып  жатыр. 

Қызыл билеттен айырып, қызметтен босатып жібереді деп қорқып 

жүрген  Бекбосынға  Кеңестік  Империяның  құлағаны  тіпті  жақсы 

болды. Содан кейін ол бәйбішесін қара шаңыраққа қалдырып, өзі 

Моншақпен қол ұстасып, пәтер жалдап шыға келді.  

 «Замана  зары»  атты  хикаятын  жақсы  шығармаларын 

қатарына  қосуға  болады.  Себебі  мұнда  өзіміз  өмір  сүріп  отырған 

қоғамның эрозиясы негіз болған. Жалғыздықпен күн кешіп отырған 



213 

кейіпкеріміз осыдан отыз жыл бұрынғы өміріне лирикалық шегініс 

жасалып,  Ерекеңнің  қосағына  үй-жайын  қалдырып,  бір  киер 

киіммен  қағаздарын  ғана  алып  шығып  кетуінен  басталады.  Семей 

жақта туған Ерубай  вокзалда қайыр сұрап жүргенін көріп әкемнің 

ағасы  Арынбай  үйге  алып  келіп  балаларымен  бірге  өсіреді.  Кейін 

Назира екеуі үйленіп үйлі болады.  

Бұл  кезде  негізгі  кейіпкеріміз  Айтжамал  Ленин  атындағы 

мемлекеттік  педагогикалық  институтына  оқуға  түскенмен, 

қаражаты  болмағандықтан  оқи  алмай  елге  қайтады.  Сайран  екеуі 

бас қосып  тұрып жатқанда қайын атасы қайтыс болады да, күйеуі 

еліне  кетеді.  Сол  кеткеннен  шешесі  оны  қайта  қалаға  жібермей 

қояды.  Бұл  күйеусіз  босанып,  тұрып  жатады.  Жеңгесі  Сұлуқас 

мұның  күйеусіз  босанғанын  естіп,  үйіне  алып  келіп,  баласын  

бауырына басуға қолқа салады. Шаранасын жеңгесіне беруден бас 

тартқан  ол  шешесіне  хабар  жіберіп,  баласын  анасына  елге  беріп 

жібереді. Күндердің күнінде онкологиялық аурухананың жанынан 

Сайранды кездестіреді.  

Тірі  аруаққа  айналған  Сайран  Айтжамалды  таппай  қалған 

соң  шешесінің  айтуымен  үйленіп,  екі  қызды  болады.  Үлкені 

экологияның  зардабынан  тұрмыс  құрмай,  кішісі  тұрмыс  құрған, 

балал-шағалы.  Тұрып  жатқан  жерлерінен  бір  күнде  күштеп 

көшіріп, Нарын құмында адасып жүріп әскери базаға тап болады. 

Жүк  артқан  түйесі  мен  сауып  ішер  сиырын  ауруға  ұшыраған  деп 

атып тастаған малдың өзі ауруға ұшыраған экологиялық аймақтан 

адам баласы қалай аман қалсын. Айтжамал оны баласы Дәуренмен 

таныстырады. Іздеушісі жоқ науқасты баласы дәрігерлерден сұрап 

алып, тұз-дәмі таусылғанша бағып-қағады.  

Авторлық  ұстаным  қаңсыған  Арал,  сазарған  сар  дала,  жан 

түршіктірер  Семей  мен  «Капяр»  палигондарынан  зардап  шегіп 

жатқан қандастарымыздың өмірден өтіп жатқанына жауап іздеген: 

«Қазақтың  жері  мен  малы  –  Жаны  десе  де.  Онсыз  қазаққа  тірлік 

жоқ»  дегенге  саяды.  «Құйқалы қара  жердің  астын-үстіне  шығара, 

тіршілік-тамырын қырқа, жер аптабын қуыра, онсыз да шақтаулы 

ғұмырды  қысқарта  адамдарды  айықпас  ауру-дерттің  тәжірибесіне 

айналдырғанда  шығар  ұшпағымыз  –  ақырзаман  болар»,  –  деген 

автор  «табиғат  да  адам  баласына  қастасады»  деген  тұжырым 

жасайды.  Адам  қолымен  жасалып  жатқан  озбырлық  пен 

қатыгездіктің  салдарынан  табиғат  тозып,  көз  көріп,  құлақ 



214 

естімеген аурулардың түрі көбеюде. Қара жерге қолмен жасалған 

озбырлықтың,  қатыгездіктің  салдарынан  адам  баласы  зардап 

шегуде.  Бүгінде  қазақ  жерінің  қай  жерін  алсаңыз  да  экологиялық 

апатқа кез боласыз. Жер – ананы эрозияға шалдықтырған адамзат 

болса,  оның  зардабын  көріп  жатқандар  өзіміздің  қара  көздер 

дегенге саяды авторлық ұстаным.  

Хикаяттың  негізгі  жетістігі  –  өзіміз  өмір  сүріп  отырған 

қоғамның  шешімін  күтіп  тұрған  өзекті  мәселесін  бір  отбасы 

төңірегінде  көтере  білуі.  Жер  эрозиясы  бүгінде  адамзат 

эрозиясына  айналуда.  Адам  қолымен  жасалған  қатыгездіктің 

зардабын жазықсыз жандардың тартып жатқаны ащы болса да ХХІ 

ғасырдың шындығы.  

Ш.Құмарованың 

екі 

бөлімнен 



тұратын 

«Қостаған» 

хикаятына  Кеңестік  империя  ыдырап,  тәуелсіз  Қазақстанның 

аяғынан  тік  тұра  алмай  жатқан  өтпелі  кезеңіндегі  халықтың 

тұрмысы  негіз  болған.  Жазушы  ХХ  ғасырдың  соңғы 

онжылдығындағы 

экономиканың 

құлдырауынан 

халықтың 

әлеуметтік жағдайы тым төмендеп кеткенін бір отбасы төңірегінде 

суреттеген.  Балаларының  алды  мектеп  бітіргелі  отырған, 

төртіншісі  мектепке  жаңа  барған,  төрт  баласы  да  мектеп 

жасындағы  жанұя  мүшелерінің  тұрмыс-тіршілігі  арқылы  сол 

тұстағы  халықтың  жағдайынан  хабар  береді.  Алматыдан  150 

шақырым  жердегі  «Жаңаталап»  колхозы  тараған  кезде  колхоз 

мүшелері  қалай  күн  көрудің  ретін  таппай  тығырыққа  тірелгені 

белгілі.  «Жаңаталаптың»  бас  агрономы  болған  Тұрлыбайдың: 

«Неге  дерің  бар  ма,  колхоз  тарады,  бас  агроном  –  маған  жұмыс 

жоқ,  әркім  колхоз  егістігін  талан-таражға  салды,  мал  да  әркімнің 

қолында. Егістік, жайылым жерлерді бөлшектеп қалталылар қағып 

алып  жатыр.  Жаның  күйзелмей  қайтерсің.  Қарақан  басымды 

сыналататын  жер  таппай  жүргенде.  Облысымыздың  орталығына 

бара тұрармын, екі қолға – бір жұмыс, табылса егер» [5, 3], – деген 

монологі сол тұстағы елдің хал-жағдайын танытар штрих.  

 Қорыта  айтқанда,  Ш.Құмарова  шығармаларының  негізгі 

өзегі  ауыл  өмірінің  әсем  бейнесін  жасаудан,  еңбек  адамдарының 

жан  сұлулығын  бейнелеуден,  қыз-келіншектердің  қат-қабат  сезім 

сырларын  ашудан  байқалады.  Сондықтан  да  оның  ұсақ 

әңгімелерінен  бастап,  кең  құлашты  эпикалық  романдарына 

адамгершілік, махаббат, отбасы, еңбек мәселелері арқау болған.  




215 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет