Түс көру – қиял процесінің ұйқы кезіндегі енжар бейнесі. Түс көруді физиологиялық тұрғыда түсіндірген академик И.П.Павловтың пікірі бойынша ұйқы кезінде ми клеткаларының қызметі толық тежелмейді, кейбір бөлімдері ояу қалпындағыдай жұмыс істей береді. Ми қыртысының осындай бөліктерін “күзетші пункт” деп атайды. Күзетші пункттерде адамның бұрынғы көрген, естіген, дәмін татқан нәрселердің бейнелері қайта “тіріледі”. Түсте ақылғасыймайтын бейнелердің туындауын мидағы сигнал жүйелерінің арасындағы байланыстың әлсіреп, бірінші сигнал жүйесінің іске қосылып, екінші сөздік сигналдардың толық тежелуімен түсіндіріледі. Осы түстерде алған әсерлердің болып көрмеген қиысулары ретінде түсіндірген И.М. Сеченов адамның ояу кезіндегі басынан кешкен оқиғалардың есепсіз көп фактілері себеп болады деп білді. Адамның дене мүшелеріндегі жайсыздық та әр түрлі түс көруге себеп болады. Түс көруді зерттеу бейсаналылықтытанудың жолы, адамның жан жүйесін түсінуге ықпал етеді деп білген психоаналитиктертүс көруді физиологиялық, соматикалық емес, психологикалық құбылыс деп білді. Түсте сана ұлғайып, кеңістіктік-уақыттық шектер жойылады, адам өзін басқа уақытта, кеңістікте, әлемде, мүлдем басқа күйде сезіне алады.
Түс көру – тез ұйқы кезіндегі мидың қалыпты жұмысы. Егер адамды осы кезең соңына қарай оятса, ол міндетті түрде түсінде көргенін айтады.
Біз түсімізде күндізгі өмірімізде кездескен оқиғалардың адам сенбейтін үйлесуін көреміз. Сондықтан зағип адамда туғаннан бастап ұйқы кезінде көру бейнелері жоқ, яғни оларда кәдімгі түс көру болмайды.
Түс көру – бастан өткен әсерлерге негізделетін, әртүрлі, кейде қисынсыз немесе фантастикалық байланысқа түсетін күрделі психикалық құбылыстар. Бұл сергек күйдегі мидың жұмысынан күрт өзгешеленетін ұйқы кезіндегі ми іс-әрекетінің ерекшеліктерімен түсіндіріледі.