Тұндырмалар (лат. tinсturae - батыру, бояу, жiбiту) деп дәрiлiк өсiмдiк шикiзатынан қыздырусыз және экстрагенттi аластатусыз алынатын сұйық спирттi сығындылар. Тұндырмалар мөлдiр, боялған сұйықтықтар, дәмi мен иiсi олар алынған өсiмдiктің иiсi мен дәмiне сәйкес болады. Тұндырмалар өте көне дәрi түрi, медициналық тәжiрибеге Парацельс (1495-1541) енгiзген болатын және осы уақытқа дейiн өз мәнiн жойған жоқ. МФ ХI басылымына жалпы мақала енгiзiлген. МФ Х басылымына тұндырмаларға бiр жалпы және 10 жеке мақалалар кiредi. МФ IХ басылымына 21 тұндырма енгiзiлген. Көптеген тұндырмалар фармацевтiк өңдiрiстерде РАТШ (МРТУ) бойынша шығарылады.
Тұндырмалар қарапайым және күрделi болып екi топқа бөлiнедi. Қарапайым тұндырмалар өсiмдiк шикiзатының бiр түрiнен, ал күрделi әртүрлi өсiмдiк шикiзатынан, кейде дәрiлiк заттар қосу арқылы дайындалады.
Күрделi тұндырмаларға бiрнеше тұндырмалар жатады: