Жылу алмастырғыш аппараттардың түрлері 1. Қаптамалы құбырлы аппараттар.
2. «Құбыр ішіндегі құбыр» тәріздес жылу алмастырғыш аппараттар.
3. Ирек түтікті жылу алмастырғыштар.
4. «Бу көйлекті аппараттар»
5. Қабырғалы (калорифер) аппараттар.
Булардың конденсациялануы.Конденсация – буды салқындату арқылы оны сұйықтыққа айналдыру процессі. Буды сұйылту жүретін аппараттар конденсаторлар деп аталады, мұндай аппараттарда бу суық жылу тасымалдағыштармен салқындатылады.
Конденсация кептіру процессін жылдамдату үшін, құнды еріткіштерді және экстрагенттерді бөліп алу үшін қолданылады.
Конденсацияның екі түрін ажыратады: а) беттік конденсация, мұнда конденсацияланатын бу мен салқындатқыш агент қабырға арқылы бөлініп тұрады, ал булардың конденсациясы оның ішкі немесе сыртқы бетінде жүреді; б) араласу арқылы конденсациялану, бұл кезде конденсацияланатын бу салқындатқыш агентпен тікелей жанасады.
Беттік конденсация беттік конденсаторларда жүргізіледі. Олардың құрылысының «құбырлы» немесе «ирек түтікті» жылу алмастырғыштардан еш айырмасы жоқ. Беттік конденсаторлар құнды экстрагенттің немесе еріткіштің буларын ұстап қалу үшін қолданылады, оларда әрқашан қарсы ағым принципі пайдаланады. Алдымен бу жасырын булану жылуын бере, конденсацияланады. Конденсация барысында будың температуралық өзгерісі конденсаторға кірердегі қайнау температурасына тең. Барлық бу конденсаторға енген соң, ол берілген температураға дейін салқындайды.
Буландыру процессі сұйық ұшпа еріткіштерден қатты ұшпайтын заттарды койылтып, бөліп алу үшін қолданылады. Бұл процестің мәні мынада: қыздыру арқылы, ал кейде қысымды төмендету арқылы, еріткіштің біраз бөлігін буға айналдырып, оны бу түрінде сұйық қоспадан бөліп шығарады.
Буландыру процессі ерітінділерді жартылай бөлу үшін де, ерітіндіден қатты заттарды толық бөліп алу үшін де қолданылады. Соңғы жағдайда буландыруға кристалдану қабаттаса жүреді.
Заттың сұйық күйден бу күйіне айналуы сұйықтықтың кез келген температурасында жүреді, осы уақытта булану және қайнау құбылыстары орын алады.