Құрамында күшті әсерлі, улы және наркотикалық заттар бар дәрілерді дайындау
ҚР Үкіметінің қаулысы бойынша юристік және жеке тұлғаларды наркотикалық және психотроптық заттармен жұмыс істеуге жіберу ережелері бекітіледі. Дәріханалық ұйымдарда наркотикалық және психотроптық заттармен жұмыс істеуге фармацевтикалық қызметкерлерді жіберу дәріханалық ұйым басшысының еңбек шарты негізінде жасалған рұқсатымен жүргізіледі. 18 жасқа толмағандар наркотикалық және психотроптық заттармен жұмыс істеуге жіберілмейді.
Дәрілер дайындау үшін қажетті наркотикалық дәрілік заттарды ассистенттік бөлмеге беру материалдық жауапкершіліктегі тұлғалар арқылы жүргізіледі.
Дайындалатын дәрілік форманың құрамына кіретін улы және наркотикалық дәрілік заттарды фармацевт ассистент бөлім меңгерушісінен, оның орынбасарынан немесе басқа арнайы жауапты қызметкерден алады. Рецептің артына улы және наркотикалық заттың атауы, мөлшері жазылып, жіберушінің және алушы фармацевт ассистенттің қолдары қойылады. Алынған заттар сол мезетте дәрілік форманы дайындауда қолданылады, дәрі дайындалған бойда бақылауға беріледі және босатылғанға дейін арнайы жабық шкафтарда сақталады.
Дәріханалық жағдайда дайындалған дәрілердің жарамды мерзімдері мен сақталу жағдайлары ҚР ДСМ бұйрығымен анықталып бекітіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |