Дәріс тезистері:
Ауруханаларда клиникаларда, диспансерлерде және басқа да емдеу-профилактикалық ұйымдарында (ЕПҰ) стационарлық жағдайда емделіп жатқан ауруларды дәрі-дәрмектермен қамту тұрғындарды қамтамасыз ететін дәріханалар, ЕПҮ дәріханалары (ауруханалық дәріханалар) немесе ауруханалық дәріханалар арқылы жүргізіледі.
Тұрғындарды қамтамасыз ететін дәріханалар емдеу-профилактикалық ұйымдарға қажетті дәрілік заттарды медицина бұйымдарын, басқа да фармацевтикалық тауарларды босатуды қор сақтау бөлімі арқылы жүргізіледі.
Қор сақтау бөлімі дәріханаға күнделікті қажетті дәрілік заттарға, медициналық бұйымдарға, басқа да фармацевтикалық тауарларға дәріханалық көтерме сауда фирмасына, дәріханалық қоймаға сұрау- талап қағаздарын уақытында тапсыруды және олардан дәріханаға келген тауарлардың саны мен сапасын тексеріп қабылдауды, сақтауды сонымен қатар қажеттіліктеріне қарай тауарларды дәріхананың басқа бөлімдеріне, майда бөлшек сауда жүйесіне және емдеу-профилактикалық басқа ұйымдарға босатуды жүзеге асырады.
Дәріхананың қор сақтау бөлімін фармацевт басқарады. Бөлім меңгерушісінің орынбасары қызметін де фармацевт маман атқарады.
Қор сақтау бөлімінің меңгерушісінің және орынбасарының негізгі міндетгері:
дәріханаға қажетті дәрілік заттар мен басқа фармацевтикалық тауарларға сұрау-талап қағаздарын уақтылы фармацевтикалық көтерме сауда фирмаларына, дәріханалық қоймаға беру;
дәріханада дәрілік заттардың ассортименттік қорының болуын және тауарлардың дұрыс сақталуын қадағалау;
фармацевтикалық көтерме сауда фирмаларынан дәріханалық қоймадан дәріханаға түскен тауарлардың санын, сапасын тексеріп қабылдау және олардың жолдама құжаттарының дұрыс безендірілуін тексеру;
бөлімдегі тауарлардың есебін жүргізу;
тауарлдарды дәріхананың басқа бөлімдеріне емдеу-профилактикалық ұйымдарға, майда бөлшек сауда жүйесіне және басқа ұйымдарға босату құжаттарын дұрыс безендіру.
Ауруханалық немесе ЕПҰ дәріханалары денсаулық сақтау мекемесіне жатады. Ауруханалық дәріханалар (АД) арнайы фармацевтикалық білімі бар заңды тұлғалармен және жеке кәсіпкерлермен ұйымдастырылып ашылады.
Емдеу-профилактикалық мекемелерде төсектер саны 100-ден асса, емдеу орыны құқығына ие ауруханалық дәріханалар ұйымдастырылады. Емдеу-профилактикалық мекеме дәріханалары емдеу орының құрылымдық бөлімдері мен кабинеттерін дайын және дәріханалық жағдайда дайындалған дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен, басқа да босатуға рұқсат етілген фармацевтикалық тауарлармен қамтамасыз етеді.
Ауруханалық дәріханалардың негізгі міндеттеріне емдеу-профилактикалық мекемелердің сұрау-талап қағаздары бойынша дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен, фармацевтикалық тауарлармен қамтамасыз ету; емдеу-профилактикалық мекемелердің жұмыс ерекшелігі мен бағытына сәйкес дәрілік заттардың, басқа да фармацевтикалық тауарлармен қажеттілігін анықтау; емдеу-профилактикалық мекемелеріне бекітілген дәрігерлерді жүйелі түрде дәрілік заттар ассортиметті туралы ақпараттандыруды ұйымдастыру.
Ауруханалық дәріханалар негізгі міндеттерін жүзеге асыруда келесі қызметтерді атқарады:
емдеу-профилактикалық мекемелердің емдеу бағыты мен ерекшелігіне сәйкес қажетті дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың, басқа да фармацевтикалық тауарлардың ассортиметтін анықтау;
Емдеу-профилактикалардың бөлімдерінен дәрілік заттарға, басқа да фармацевтикалық тауарларға сұрау-талап қағаздарын қабылдайды;
бекітілген емдеу-профилактикалық мекемелердің сұрау-талап қағаздары бойынша дәрілік формаларды дайындайды, олардың сапасына бақылау жүргізеді;
дәрілік заттардың басқа да фармацевтикалық тауарлардың бекітілген емдеу орындары бөлім, кабинеттерінде қолданылуын және сақталуын үнемі бақылайды;
фармацевтикалық тәртіп және санитарлық ереже талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;
дәрілік заттар туралы, олардың фармацевтикалық әсерлері, қосалқы әсерлері, дозалары туралы қажетті барлық мәліметтермен дәрілерді ақпараттандырады;
дәрілік заттарды, медициналық және ауруды күту бұйымдарын, басқа да фармацевтикалық тауарлардың сақталуын бекітілген тәртіптермен мерзімдеріне сәйкес қамтамасыз етеді;
бугалтерлік, оперативтік, статистикалық есептерді жүргізіп, айлық есептерді жасайды;
дәріхана жұмысына, фармацевтикалық қызметкерлер жұмыстарына озық әдістерді, жаңа технологияларды енгізуді қамтамасыз етеді.
ЕПМ дәріханалары және ААД дәріханалық ұйымдарға тән барлық қызметтерді атқарады. Бұл дәріханалардың тұрғындарды қамту дәріханаларынан айырмашылығы дәрі-дәрмектермен тұрғындарды қамтамсыз етпейді.
Ауруханалық дәріханалардың емдеу орындарының медициналық көмек көрсету қызметтерінің бағыттарына қарай жұқпалы аурулар емдеу орыны дәріханалары, диспаселер дәріханалары, клиникалар дәріханалары, т.б. болып бөлінеді.
Ауруханалық дәріханалар бөлмелермен, мүмкіндік болып жатса бөлек ғимараттарымен, дәріханалық мебелдермен, прибор, папараттармен, инвентарлармен жабдықталу нормаларына сәйкес қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар АД және ААД бекітілген нормативтерге сәйкес сыворотка, вакциналарды қажетті қорларымен, дәрілік формаларды дайындауда, сапасын бақылауда қолданылатын прибор реактивтермен қамтылады. Мемлекеттік формакопея, басқа да анықтама-ақпараттық әдебиеттердің болуы талап етіледі.
Ауруханалық дәріханалардың негізгі бөлмелеріне дәрілік формаларды дайындау бөлмесі, дәрілік заттардың, басқа да фармацевтикалық тауарларды сақтау бөлмелері (дайын дәрілік заттарды, улы және есірткілік әсері бар дәрілік заттарды, дәрілік өсімдіктерді, жанғыш және тезтұтанғыш суйықтарды, медициналық бұйымдарды, санитариялық және гигиеналық заттарды т.б.).
Дәріхананың дәрілік формалар дайындайтын бөлмелері ассистенттік- ассистенттік шлюзімен, бөлшектеу жұмыстары, стерилизациялау (автоклав), дистиллияциялық бөлмелерді қамтиды.
Дәріхананың қызметтік және тұрмыс бөлмелеріне дәріхана меңгерушісінің кабинеті, бухгалтерия, қызметкерледің киімдері бөлмесі, әжетхана, душ қабылдау бөлмесі т.б. жатады.
Емдеу-профилактикалық мекемелері диагностикалық және емдеу жұмыстарын жүргізуге керекті дәрілік заттарды, басқа да фармацевтикалық тауарларды бекітілген тәртіпке сәйкес безендірілген сұрау-талап қағаздарымен дәріханалардан алады. Құрамында есірткілік, психотроптық заттар және прекурсорлар бар дәрілік заттарға сұрау-талап қағаздары бекітілген үлгіде жазылады (кесте ). Сұрау-талап қағаздарында денсаулық сақтау ұйымының атауы, штампысы құрамында есірткілік, психотроптық заттар және прекурсорлар бар дәрілік заттардың айналасымен байланысты фармацевтикалық қызметті атқару құқығын беретін мемлекеттік лицензияның нөмірі көрсетілген дәріхананың атауы, қолданылу мақсаты, алушы қызметкердің Т.А.Ә., дәрілік заттардың атаулары, өлшем бірліктері, қажетті саны жазумен көрсетіледі, босатылған саны, емдеу орыны басшысыныңқолы қойылады.
Достарыңызбен бөлісу: |