Редакциясын басқарған Ғ. М. Мұтанов



Pdf көрінісі
бет131/208
Дата03.12.2023
өлшемі3,06 Mb.
#133288
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   208
§27 
 
ФАКУЛЬТЕТТІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК БЮРО ҚЫЗМЕТІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ 
МЕН ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ 
 
1. Негізгі ережелер 
 
1.
Осы ереже жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiби оқу бағдарламасын iске 
асыратын әл-Фараби атындаы қазақ ұлттық университетiнiң бiлiм беру қызметiнiң бiрыңғай 
талаптарын белгiлейдi. 
2.
Университеттiң даму стратегиясына сәйкес әдiстемелiк бюро қызметiнiң басым 
салаларына: 
- университеттің біртұтас,органикалық байланысқан,толассыз білім жүйесін құру; 
-маманның заманға сай, ішкі және сыртқы еңбек нарығында бәсекеге қабілетті моделін 
құру; 
-студенттің жеке ниет-тілектері мен мүмкіндігіне орай әр түрлі деңгейде білім алуына 
барлық жағдайды жасау; 
-университеттік білімнің барлық деңгейіндегі барлық бағдарламаларға бейімділік және 
динамикалықты қамтамасыздандыру; 
- басқа да ЖОО-мен елдердің тәжірибесіне сүйене отырып, университет көздеген білім 
беру қызметтерінің сапасы мен деңгейін кешенді диагностикалау жүйесін іске асыру; 
-университет баспасы мен өзге баспаларда оқулықтар мен оқу құралдарын дамытудың, 
шығарудың тиімді жүйесін енгізу; 
-университетке ақпараттық жүйе қызметін әрі қарай енгізу мақсатында шараларды іске 
асыру; 
-университет студентінің мемлекеттік,орыс және бір шетел тілінде толыққанды 
сөйлеуіне фундаменттік дайындық ұйымдастыру. 
Жоғарыда көрсетілген бағыттарды іске асыру үшін факультеттің әдістемелік 
бюросының қызметін жаңа мазмұндағы функционалды-ұйымдастырушылық міндеттермен 
толықтыру. 
3. Әдістемелік бюро факультеттің жұмыс органы болып табылады. Ол бакалавриат, 
магистратура және докторантурадағы әдістемелік жұмыстардың үйлестіріліп, жетілдіруі 
мақсатында ұйымдастырылған. Факультеттің оқу жоспары мен бағдарламаларын 
әзірлеу,білім беру үрдісіне инновациялық компьютерлік технологияларды енгізу,қашықтық 
оқыту және жеке оқыту түрлерін дамыту, профессор-оқытушылар құрамының біліктігін 
арттыру, жоғары білікті, бәсекеге қабілетті кадрлар даярлау, қосымша білім беру 
қызметтерінің түлері мен нысандарын кеңейту және ҚазҰУ даму стратегиясының бағытымен 
өзге де жұмыстар атқару. 
4. Факультеттің әдістемелік бюросы өз жұмысыда ҚР Білім және ғылым министірлігі 
мен ҚазҰУ-нің нормативті құжаттарын басшылыққа алады.
5. Әдістемелік бюро мүшелерінің саны мен құрамын факультеттің ғылыми кеңесі 
анықтайды. Әдістемелік бюроның мүшесі болып жоғарғы мектептің мәселелерімен белсенді 
түрде айналысатын, жоғары білікті оқытушылар сайланады. 
Әдістемелік бюроның мүшелері жауапты,жігерлі,жоғарғы білімді сонымен катар 
нарықтық экономиканы дамытуға мүмкіндігі бар жаңа буынды дайындап жетілдіуге белсенді 
түрде қатысуға міндетті. 
Әдістемелік бюроның басқару органы төрағадан (төрайымнан), оның орынбасарынан, 
хатшыдан тұрады. Аталғандар әдістемелік бюро мүшелерінің арасынан сайланады. 
6. Әдістемелік бюро төрағасына жүктелетін міндеттер: 
- факультеттің әдістемелік бюросының жұмысын ұйымдастыру; 
- әдістемелік бюроның жұмыс жоспарын құру және жүзеге асыру; 


234
- университеттің Ғылыми және ғылыми-әдістемелік кеңесінің шешімдерін сонымен 
қоса, ҚазҰУ-дегі және факультеттің ғылыми кеңесінде болатын дөңгелек үстелдер мен 
ғылыми-әдістемелік конференцияладың ұсыныстарын жүзеге асыру; 
- факультеттің әдістемелік бюросындағы жұмыстың жылдық есебін даярлау;
7.Әдістемелік бюроның төраға орынбасары іс-қағаздар жүргізуге, ал хатшы –
құжаттардың техникалық рәсімделуіне жауап береді. 
Әдістемелік бюроның өзге мүшелеріне мынадай функционалды міндеттер жүктеледі: 
- факультет деңгейінде ғылыми-әдістемелік семинарлар ұйымдастыру және өткізу
ҚазҰУ-дегі болатын ғылыми-әдістемелік конференцияларда факультеттің барлығының 
қатысуы; 
- кафедралардың әдістемелік бюросына көмек көрсету, факультеттің ғылыми кеңесінің 
бұрын қабылданған шешімдерінің орындалуын жүйелі түрде қадағалау,факультеттің 
мерзімді отырыстарында әдістемелің бюроның аудиториялық есебін ұсыну; 

оқу-әдістемелік әдебиеттерді жариялауға ұсыныстар мен талқылауларды 
ұйымдастыру
ғылыми-әдістемелік 
конференция 
материалдарын, 
типтік 
оқу 
бағдаламаларының, ғылыми, оқу, оқу-әдістемелік әдебиеттің тақырыптық жоспарын 
қалыптастыру мен бақылау, оқу үдерісінің қазақ және орыс тіліндегі заманауи оқу, ғылыми 
әдебиетпен қамтамасыз етілуін бақылау, соның ішінде электрондық тасымалдаушылармен 
және кафедра информатоларымен жұмысты бақылау. 
- қазақ тіліндегі оқу әдістемесін, білім беру пәндерінің қалпын бақылау,барлық 
формадағы және мерзімдегі оқу жоспарларын, жұмыс бағдарламаларын жетілдіру, емтиханға 
дайындалу үшін тесттің мазмұны мен сұрақтардың сапасын; 

білім 
беру 
процесіне 
жаңа 
технологиялар 
мен 
оқытудың 
жаңа 
нысандарын,оқытушылардың даму нәтижелерін енгізу; 
- күндізгі, сырттай, кешкі қысқартылған түрде оқыту бойынша әдістемелік база құру 
жұмыстарын ұйымдастыру, бакалавриат және магистратурага практикалық, бейіндік 
дайындау; 
- ағымдағы және мемлекеттік сертификаттау кезіндегі билеттердің мазмұнын бақылау. 
8. Әдістемелік бюроның жұмысы бір жылға құрылған жоспар бойынша орындалады. 
Жұмыс жоспарын құру барысында университеттің даму стратегиясын, ақпараттандыру 
құрылымдарын, ҚазҰУ-гі тілдік және ғылыми дайындықты, факультеттің Ғылыми кеңесінің 
жұмыс жоспарын, сондай-ақ университеттің ғылыми істер департаментінің жұмыс жоспарын 
басшылыққа алуы тиіс. 
9. Әдістемелік бюроның отырысы қажет болған жағдайда, айына кем дегенде 1 рет 
өткізіледі. Әдістемелік бюроның отырысында қарастырылған сұрақтардың шешімі ашық 
дауыс беру арқылы және бюро мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданады. 
10. Әдістемелік бюро атқарылған жұмыс жөнінде мезгілімен факультеттің ғылыми 
кеңесінің отырысында, Университеттің ғылыми-әдістемелік кеңесінде, ал жыл соңында 
факультеттің ғылыми кеңесіне, Академиялық мәселелер жөніндегі департаментінің 
әдістемелік бөліміне жазбаша есеп береді.
11. Әдістемелік бюроның тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін факультет бөледі: 
- әдістемелік бюроның отырыстары мен ағымдағы жұмыстарын өткізетін бөлме; 
- құжаттарды сақтайтын сейф; 
- оқу-әдістемелік құжаттарды әрлейтін компьютер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет