274
18. Магистрлік диссертация мазмұны ғылыми зерттеулер алғышарттарын, оның барысы
мен нәтижелерін көрсетеді. Магистрлік диссертация барлық диссертациялық жұмыстың
сипаттамаларын қамтиды. Диссертацияның мазмұнында таңдалған тұжырымдамасын
пайдасына салмақты дәлелдер ұсынылуы тиіс. Оған қайшы көзқарастарға мұқият талдау
және сынақ бағалау жүргізілуі керек. Талқылау және пікірталастық материалдар
диссертацияның элементтері болып табылады.
19. Магистрлік диссертацияның мазмұнында келесі ережелер қамтуы тиіс:
- зерттеу тақырыбының өзектілігін, теориялық және практикалық маңыздылығын
негіздеу;
- ғылыми-зерттеу бағытына сәйкес мәселенің жағдайын талдау;
- зерттеудің мақсаттары мен нақты міндеттерін қою;
- зерттеу объектісі мен пәнін анықтау;
- әдіснамасы және зерттеу әдістерін таңдау;
- зерттеу кезеңдері мен үрдісінің сипаттамасы;
- қорытындыларды тұжырымдау мен алынған нәтижелерін бағалау;
- алынған нәтижелердің негізділігі, сенімділігіжәне ғылыми жаңалығын анықтау.
20. Қорғауға ұсынылған магистрлік диссертация нәтижелері жариялануы тиіс.
Жарияланған еңбектердің ең аз саны - бір ғылыми мақала. Жарияланымдарға
предпатенттер(патенттер), баяндамалар халықаралық, республикалық және аймақтық
конференциялардың тезистері, аналитикалық шолулар теңестіріледі.
Достарыңызбен бөлісу: