Редакциясын басқарған Ғ. М. Мұтанов


- қолжазбаның оқу бағдарламасына және қазіргі заманғы ғылым мен техниканың  жетістіктеріне сай болуы;  -



Pdf көрінісі
бет129/208
Дата03.12.2023
өлшемі3,06 Mb.
#133288
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   208
-
қолжазбаның оқу бағдарламасына және қазіргі заманғы ғылым мен техниканың 
жетістіктеріне сай болуы; 
-
мағлұматтың жаңашылдығы және практикалық өзектілігі; 
-
қолжазбаның мазмұны мен құрылымы осы айтылмыш үлгідегі (оқулықтар,оқу 
құралдары және т.б.) баспалардың талаптарына сәйкес келуі; 
-
қолжазбаның оқулықтарды рәсімдеу талаптарына және жалпыға бірдей терминдер 
мен стандарттарға сәйкес болуы қажет. 
16. Қолжазба авторы қызмет жасайтын кафедраның,кафедра меңгерушісінің қолы 
қойылған тұжырымдамасында мына мәліметтер болуы керек: 
-
қолжазба жұмысының өзектілігі; 
-
қолжазба авторының шынайылығы; 
-
белгілі пәндердің оқу бағдарламасына қолжазба жұмыстарының сәйкестілігі; 


230
-
осы баспа жұмысын пайдаланатын студенттердің,аспиранттардың, оқытушылырдың, 
БЖИ (ИПК)тыңдаушыларының және т.б. нақты адамдардың тізімі, олардың қазіргі кездегі 
және оқу жоспары бойынша сәйкесінше келесі жылғы саны. 
-
басқа да баспаларда бұл қолжазбаның қайталанып басылмағаны жайлы мәлімет; 
-
осы мамандық бойынша студенттердің басқа әдебиетпен қамтамасыз етілуі жайлы 
мәлімет; 
-
ондай басылым жайлы (баспа,орналасқан жері,шыққан жылы,тираж); 
-
мұндай басылымдардың ҚазҰУ кітапханасында болу, болмауы жайлы ақпарат (неше 
дана кітап). 
4.
 
РБК-ның оқу-әдістемелік әдебиетті қабылдау тәртібі 
 
17. Қолжазбалар ең алдымен рецензенттердің,одан кейін кафедра мәжілісінде қаралуы 
керек. Кафедра мәжілісінің оң шешімінен кейін қолжазба факультеттің Ғылыми Кеңесіне 
ұсынылады. 
18. Сыртқы рецензент ретінде оқулықтар мен теориялық әдістемеліктерге факультеттің 
Ғылыми Кеңесі осы мамандық бойынша алдыңғы қатарлы жоғары оқу орнының кафедрасын 
тағайындауы керек: пікір осы кафедраның мәжілісінде бекітіледі. Дәріс мәтіндері бойынша 
факультеттің Ғылыми Кеңесі сыртқы рецензент ретінде осы мамандық бойынша, бірақ басқа 
жоғары оқу орнында,зерттеу, жобалау институттарында немесе өндірісте жұмыс істейтін 
жетекші маманды тағайындауы керек.Тәжірибелік және лабораториялық сабақтарға арналған 
оқу әдістемеліктеріне сыртқы рецензент Ғылыми Кеңестің шешімінсіз кафедра мәжілісінде
бекітіледі. 
19. Ішкі рецензерттер ретінде қолжазба авторларымен бір кафедрада (лабораторияда) 
жұмыс істемейтін ҚазҰУ-дың оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері тартылуы 
керек.ҚазҰУ-ның басқа кафедра мен лабораториясында ондай мамандар болмаған жағдайда, 
сыртқы рецензерттер басқа жоғары оқу орындары және ғылыми мекемелер мамандары 
арқылы алмастырылады. 
20. РБК-ның шешімімен, қолжазбалардың баспадан шығуының өзектілігіне 
байланысты (авторлардың аты-жөні жасырын),соңғы нақты шешім үшін жабық түрдегі 
қосымша пікірге жіберілуі мүмкін. 
21. Жабық түрдегі пікір сараптамасынан кейін, РБК мәжілісінде қолжазбалар 
авторларға нұсқаулар беріліп, қайтадан өңдеуге қайтарылады.
22. РБК шешімімен келіспеген авторлар,қолжазбаларын қайтадан сараптамадан 
өткізуге құқылы.Содан кейін,кафедраның кезекті шешіміне байланысты РБК-да қайтадан 
қаралады. 
23. Басылым таралымын кітапханалар мен басқа да ұйымдардың сұранысына 
байланысты РБК бекітеді.РБК-ның оң шешімінен кейін автор 1 айдың ішінде қолжазбаны 
«Қазақ университеті» немесе қашықтықтан білім беру орталығына ұсынуы керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет