321
§41
ОҚУ САБАҚТАРЫНА БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗУДІҢ ТӘРТІБІ
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың оқу үдерісі «Жоғары оқу орындарындағы білім
алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің
типтік ережесі», басқада ҚР Білім және ғылым министрлігінің нормативтік құжаттарына,
Оқу орнының Жарғысына, университет ректорының (проректорларының) өкімдері мен
бұйрықтарына сәйкес ұйымдастырылып жүзеге асырылады.
1.
Оқу сабақтарын ұйымдастыру
Оқу қызметінің ұйымдастырылуы академиялық күнтізбе, сабақ кестесі негізінде жүзеге
асады.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың оқу сабақтары оқу ісі жөніндегі проректор бекіткен
сабақ кестесін қатаң сақтай отырып жүргізіледі.
Аудиториялық сабақтардың кестеге сәйкестігін жоспарлы түрде:
- Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру институты қызметкерлерінің тартылуымен
Білім беру үдерісінің мониторинг бөлімінің қызметкерлері;
- деканат қызметкерлері;
- кафедра меңгерушілері
тексереді.
Оқу сабақтарының мониторингі бейне бақылау арқылы да жүзеге асырылады.
Тексеру барысында анықталған сабақтағы тәртіп бұзушылық немесе сабақтың болмауы
сәйкессіздік болып табылады.
Тәртіп бұзушылық –
сабақ кестесі бойынша оқытушының оқу сабағына 5 минуттан
артық кешігуі, сабақтың уақыттан бұрын аяқталуы, бөгде тұлғаның оқу сабағын өткізуі
(келмей қалған оқытушыны басқа оқытушыға алмастыру туралы кафедра меңгерушісінің
ұсынысы болмаған жағдайда), күннің, уақыттың немесе аудиторияның себепсіз ауысуы.
Сабақтың болмауы
– жүргізілмеген сабақ (білім алушылардың немесе оқытушының
болмауы).
2.
Оқытушылардың міндеттері
Оқытушылар:
Дәріс (семинар, тәжірибелік) сабағына қатысушы білім алушылардың санына
қарамастан сабақ кестесінде көрсетілген уақытта сабақты бастауға міндетті.
Білім алушылардың сабаққа толықтай келмеген жағдайында сабақ басталған
уақыттан соң 20 минут ішінде оқытушы факультет деканатына бұл туралы мәлімдеме беріп,
ары қарай басшылықтың нұсқауымен әрекет жасауға міндетті.
Оқу сабақтарының барлық түрін жүргізу барысында оқытушы ішкі тәртіп
ережелерінің, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Жарғысының, Студенттің ар кодексінің
бұзылуына жол бермеуге міндетті.
Достарыңызбен бөлісу: