190
23. Әрбір білім алушы академиялық кезең басталғанға дейін БӨЖ-ді орындау туралы
қағаз немесе электронды тасымалдағыштардағыәдістемелік
нұсқаулықтармен қамтамасыз
етілуі тиіс. Онда
- тапсырмалардың мақсаты, тақырыптары мен мазмұны;
- ұсынылатын әдебиеттер тізімі;
- есеп формалары мен бақылау кестесі;
- бағалау талаптары көрсетулге тиіс.
24. Пәнді оқытудың тиімділігі үшін білім алушының өзіндік жұмысынкелесідегідей
ұйымдастыруға болады:
- негізгі қызмет білім алушыға жүктелетін аудиторияда тыс жұмыс (дәріс, практикалық
және зертханалық сабақтарға дайындық, рефераттар мен баяндамалар жазуы,
презентация
дайындау, есеп шығару, басқа да үй тапсырмаларын орындау);
- негізгі қызмет білім алушымен қатар оқытушыға жүктелетін белсенді түрдегі
аудториялық жұмыс (үй жұмысына дайындалумен қатар, сабақ кезіндегі жұмыс – тренинг,
диспут, іскерлік ойындар, презентациялар, логикалық есептер, кейстер және т.б.).
25. БӨЖ-дің орындалуы мен ұйымдастырылуын бақылау
кафедраның БӨЖ кестесіне
сәйкес жүзеге асырылады.
26. БӨЖ-ді орындау мен ұйымдастырудың барлық түрі кеңес беру, аралық бақылау
есептері, оқытушының БӨЖ тапсырмаларын қабылдау және т.б. кестелердің, жеке пәндер
бойынша БӨЖ бақылау журналдарының болуын талап етеді.
27. Білім алушының өзіндік жұмысының жалпы көлеміне оқытушының басшылығымен
жүргізілетін білім алушының өзіндік жұмысы (ОБӨЖ) кіреді.
28. ОБӨЖ көлемі БӨЖ-дің жалпы көлемінің 25-50%
құрайды және оқытушының
академиялық мерзімдегі педагогикалық жүктемесі бойынша анықталады:жүктеме 1-4 кредит
болған жағдайда офис-сағаттар саны аптасына 1 академиялық сағатын құрайды, сәйкесінше
5-9 кредит – 2 сағат, 10-15 кредит – 3 сағат.
29. Кәсіби пәндер бойынша ОБӨЖ академиялық топтарда, жалпыға міндеттер пәндер
бойынша білім алушылардың саны 50-ден аспайтын академиялық ағымдарда
ұйымдастырылуы тиіс.
30. Оқытушының басшылығымен жүргізілетін білім алушының өзіндік жұмысының
кестесі негізгі оқу кестесінен бөлек құрастырылады.
31. ОБӨЖ барысында үй жұмысын, курстық, семестрлік
және бақылау жұмыстарын,
есептер мен басқа да тапсырмаларды орындау бойынша кеңес беріліп, ағымдағы және
аралық бақылау жүргізіледі.
32. Егер БӨЖ тапсырмасының орындалуы қиындық тудырмаса, білім алушы кестеге
сәйкес ОБӨЖ сабағына қатыспауына болады.
33. ОБӨЖ кестесінде көрсетілген уақытта оқытушының аудиторияда болуы міндетті.
34.
ОБӨЖ
семинарлар,
практикалық
немесе
зертханалық
сабақтарға
алмастырылмайды.