Редактор: Закия Махитжанқызы



Pdf көрінісі
бет10/293
Дата07.01.2022
өлшемі7,99 Mb.
#18646
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   293
БІТПЕС  РуХАНИ  күШ

Мәуләнә  Жәләлүддин  Руми  бір  күні  шәкірттері-

мен  сұхбаттасып  отырғанда  Шәмс  Тәбрізи  оны  сына-

мақ болып, бір толқу үстінде мына оғаш сұрақты қойды:

«Баязид  Бистами  жоғары  ма,  әлде  Хазіреті 

Мұхаммед Мұстафа 

r

 жоғары ма?»



Мәуләнә Жәләлүддин үрейге бөленеді де, айбынды 

түрде:


«Бұл  қандай  қисынсыз  сауал?!  Әлемдерге  мейірім 

ретінде жіберілген ұлы Пайғамбарды барша рухани қа-

зынасы  Оған  тәуелді  болу  және  көңіл  ләззатын  Одан 

алған әулиемен салыстыруға бола ма?» – дейді.

Тәбріздік  Шәмс  сол  байсалдықпен  сұрағын  былай 

түсіндіреді:

«Олай  болса,  неге  Баязид  Раббысынан  тозаққа 

кіргізілуін  және  онда  денесінің  ешбір  күнаһарға  орын 

қалмайтындай  деңгейде  үлкейтуін  талап  етіп,  бірақ 

кішкене  ғана  иләһи  көріністе  «Данқым  қандай  ұлы! 

ХАҚ  ДОСТАРЫНЫҢ  ҮЛГІЛІ  МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ



27

Өзімді  дәріптеймін!...»  –  десе,  Хазіреті  Пайғамбар 

r

  сансыз  иләһи  көріністерге  көз  жекізгенімен,  үлкен 



кішіпейілділікпен  қол  жеткізген  жоғары  дәрежелермен 

шектелмей, Раббысына хамд-мадақ пен шүкір кейпінде 

және Оған жақын болу арманымен үнемі қалап жатты, 

қалап жатты, қалап жатты?» – деп сұрайды.

Бұл  сұрақ  Мәуләнә  Жәләлүддинді  тек  ақыл  нұр-

ландырған  заһир  (позитивтік)  ғылымның  шегіне 

әкеліп тірейді. Мәуләнә сол кездегі ғылыми деңгейімен 

бұл  сұраққа  толық  жауап  беруі  мүмкін  емес-ті.  Бұл 

шектен  Шәмс  оны  рухани  қолданыс  әрі  күшпен  алға 

қарай  бағыттайды.  Өйткені  заһир  (ашық,  сыртқы) 

әлемнің  арғы  беті  –  ұшы-қиыры  жоқ  «ләдун  әлемі». 

Өстіп,  Шәмс  әңгімеге  тартқан  адамын  жан  дүниесін-

де  жасырын  болған  рухани  көкжиек  тұңғиығына  қарай 

найзағай жылдамдығымен кәшф (табу, ашу) саяхатына 

шығарғандай болды.

Мұндай  кенет  кемелденудің  әсерімен  Хазіреті 

Мәуләнә  заһири  ғылым  қайталауларынан  алдын  ала 

жаттап алғандай тез арада былай жауап береді:

«Баязидтің:  “Данқым  қандай  ұлы!  Өзімді  дәріп-

теймін! Мен сұлтандардың сұлтанымын!...» – деген сөзі 

рухани  тоқтық  халінің  бейнесі.  Яғни  оның  рухани  шөлі 

кішкене  ғана  көрініспен  басылған  болды.  Мұхиттың 

көлемі  шексіз,  бірақ  оның  жүрегінің  ауқымы  мен  күші 

осындай  ғана  еді.  Сондықтан  кішкене  ғана  иләһи  кө-

рініспен  оның  рухы  талапсыз  кейіпке  келді,  есінен  та-

нып, ақыл әлемінен шығып кетті.

ХАЗІРЕТІ  ПАЙҒАМБАРДЫ  ЖҮРЕКПЕН  ТАНУ



28

Хазіреті Пайғамбар r «  

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   293




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет