164
және қанша қайталап оқылса да жалықпай оқылатын
кітап етіп түсірді...»
(Зүмәр, 23)
.
Расында әдебиет жәрменкелеріндегі сайыстар мен
айтыстарда бірінші орынды иеленген сөз шеберлері араб
ақындары Құран аяттарының теңдесі жоқ көркем және
баяндау құдіретін көргенде Қағбаның қабырғасына ілін-
ген өлеңдерін алып тастауға мәжбүр болған.
Сондықтан сөз тұрғысынан мұғжиза болған Құран-
ға тыңдаушы болған мүминдер оның мінезімен мінез-
денуі және оның сөз тұрғысындағы әсемдіктеріне жа-
қындауға тырысулары керек. Яғни, ең кемел баяндау
құдіретіне ие болған Құран бізден де алмастай сөздер
талап етеді. Мақсатымызды көркем және әсерлі түрде
түсіндіре білуіміз үшін тұнық су сияқты ағылған және
рухқа ләззат беретін тура тілге ие болуымыз шарт. Өйт-
кені Исламның әсемдік, нәзіктік және сыпайылылығы
тіл көркемдігімен де көрсетілуі керек.
Достарыңызбен бөлісу: