Хазіреті Мәуләнә бұны қандай тамаша баяндайды:
«Аллаһ Тағала бір жұтым иләһи сүйіспеншілікке
сондай ерекшелік берген, одан нәсіп алған екі әлемнің
де қауіп-қатерінен аман болады».
Хақ достары махаббатта тереңдеудің айқын мы-
салдары. Аллаһ махаббатын лайықты түрде татқан
шынайы мүминдер Аллаһты, Елшісі мен Олардың
сүйгендерін де сүйеді. Жүректерінде басқа барлық
сүйіспеншіліктердің өмірі бітеді.
Әке-шеше, бала-шаға, мүлік, жан, жұбай-дос, көрші,
ұлт, Отан, азан, ту, және сол сияқты әр бір нәрсені,
яғни Аллаһтың барлық нығметтерін Аллаһ үшін сүю
– махаббаттың ақиқатына ие болудың белгілері. Өйт-
кені Аллаһтан өзгеге жөнелгендей көрінген осы сияқты
сүйіспеншіліктер негізінде Аллаһ үшін болғандықтан
жүрекке бақыт сыйлайды.
346
ХАҚ ДОСТАРЫНЫҢ ҮЛГІЛІ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ
|