358
Яғни Аллаһ пен Елшісіне мойынсұнуға жетелемей-
тін сүйіспеншілік тек бос дәмеден аса алмайды. Сүйге-
нінің жолында пидашыл болмағандардың жүрегіміз бір-
ге деген сөздерінің еш құны жоқ, бос әуре.
Хасан Басри Хазірет былай дейді:
«Ей, адамдар! "Адам сүйгенімен бірге" – хадисін
қате түсінбеңдер! Салихтардың амалын істемейін-
ше салихтардан бола алмайсыңдар. Өйткені яһуди мен
христиандар пайғамбарларын өздерінше сүйгенімен
бірге болмаған»
(Ихия, ІІ, 402)
.
Фұдайл ибн Ияз рахмәтұллаһи аләйһи нәпсісін бы-
лай жауапқа тартар еді:
«Фирдәус жәннатында пайғамбарлар мен сыд-
дықтармен бір жерде болуды қалайсың, бірақ бұл
үшін қандай амал істедің? Қай құмарлық қалауыңды
сындырдың? Қай ашуыңды жеңдің? Саған келмеген
қай туысыңа бардың? Бауырларыңның қай кемшілігін
кешірдің? Аллаһ үшін қай жақыныңнан алыстадың,
қай алысыңа жақындадың?...»
(Ихия, ІІ, 402)
.
Достарыңызбен бөлісу: