Редактор: Закия Махитжанқызы


рет  үлкен  Бұрса  қаласының  қазысы  бола  тұра,  рухани  тәрбие  үшін  үфтада  Хазірет



Pdf көрінісі
бет37/293
Дата07.01.2022
өлшемі7,99 Mb.
#18646
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   293
рет  үлкен  Бұрса  қаласының  қазысы  бола  тұра,  рухани 

тәрбие  үшін  үфтада  Хазіреттің  шәкірті  болғанда,  ұс-

тазы  алдымен  оның  дүниелік  те  нәпсіге  тән  сүйеулерден 

бас  тартуын  талап  етті.  Оған  қазы  бола  тұра  қаланың 

базарында  сәнді  шапанымен  ішек-қарын  сату  әмір  етіл-

ХАҚ  ДОСТАРЫНЫҢ  ҮЛГІЛІ  МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ




ді.  Кейін  дәргаһтың  (медресенің)  әжетхана  тазалығы 

қызметі тапсырылды.

Үлкен Хақ досы Халид Бағдади Хазірет те ғылым 

әлемінің  күні  мәртебесіндей  болған  кезінде  дәһләуи 



Хазіреттің  алдына  тізе  бүгіп,  берілген  әжетхана  таза-

лығы  міндетін  тиянақты  түрде  атқарған.  Осылайша 

кішпейілдік  танытып,  жоқтық  пен  ештік  тәжін  киген, 

нәтижесінде ұстазының ілтипаттары мен рухани сыйлар-

ға қарық болған.

Сөзімізді қорыта келе айтарымыз – рухани кемел-

дік  үшін  ешбір  мезет  кішіпейілдік  киімін  үстімізден 

шешпеуіміз керек. Кішіпейілдіксіз құл болу – кем және 

науқас құлдық, менмендік пен тәкаппарлық – Аллаһтың 

кәріне  ұшыраған  шайтан  сияқты  адамды  күпірлікке  дейін 

апаратын ең қауіпті апаттардың бірі.

Хақ  достары  кішіпейілдік  деген  абзалықты  өздері 

үшін өмірлік ұстаным деп қабылдағандары үшін Аллаһ-

тың  үлкен  нығметтеріне  кенеліп,  руханият  аспанының 

жұлдыздарына  айналған.  Сөйтіп  қол  жеткізген  рухани 

билік пен қолданыс күштері арқылы өмір бойы адамдар-

дың тура жолға түсуіне күш-жігер жұмсағандары сияқ-

ты  фәни  өмірлерін  тауысып,  бұл  жалғаннан  көшкеннен 

кейін де туралыққа үндеуді жалғастырып келе жатыр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   293




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет