ғасыры, табиғат ғасыры деуі жай емес. Дегенмен, адамзаттың осы
ұлы білім жеңістеріне назар аудара отырып, əсіресе Лавуазье, Ляй-
эл, Дарвин, Гельмгольц, т.б. жұмыстарынан кейін, аса маңызды əрі
мəнді кемістікті байқамауға болмайды. Негізінен əр түрлі денелер
– минералдар, тау жыныстары, өсімдіктер мен жануарлар жəне
олардың болмысы, кейбір табиғи заттар – от, су, жер, ауа зерттелді.
Тек олардың қатынастары, пайда болулары, ғасырлық, əрдайым
заңды табиғат күштері мен денелері, тірі мен өлі табиғат арасындағы
байланыстары мен болмыстары зерттелмеді. Ал шын мəнінде, тек
осы қатынастар, осы заңды қарым-қатынастар мен бір-біріне əсері
табиғаттанудың негізін құрайды, табиғаттанудың ең бір тамаша əрі жоғарғы ғажабы» – деп бастайды.
В. В. Докучаев өзі негізін қалаған ғылым – топыралып топырақтану кафедрасын ұйымдастырды. Кафедраны
В.В. Докучаевтың шəкірті Н. М. Сибирцев (1860-1900) басқарды.
Ол 1900 жылы Докучаевтың топырақ жайындағы идеяларын жүйелі
етіп баяндаған алғашқы «Топырақтану» оқулығының авторы болды.
1898-1900 жылдары Докучаев Кавказ тауларының топырақтарын,
Түркістан, Каспийдің шығысын, тіпті, Қарақұмдағы Чарджау
аймағындағы Репетек құмдарын, гипсті топырақтарды зерттеді.
Докучаевтың бұл əртүрлі аймақтарды зерттеу, оның топырақтану
жайындағы ілімінің аясын кеңейте түсті. Бұл топырақтың, жалпы
ландшафтардың көлденең жəне тік зоналық заңдарын негіздеуге
мүмкіндік берді. Оның осы кездердегі еңбегі – «Табиғат зоналығы
туралы ілім, көлденең жəне тік белдеулік зоналары». Сондай-ақ,
оның Жердің терістік жарты шарының сызбанұсқалық топырақ кар-
Достарыңызбен бөлісу: |