Әмен Елемесұлы Тұяқов (12.2.1938 жылы туылған, Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Шайыр ауылы) – жеңіл атлетикадан КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері (1965), ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері (1997). Бұрынғы Гурьев педагогикалық инистутының физика-математика факултетін (қазіргі Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті) бітірген (1960). Бапкерлері – А.М. Куликова, Б.С. Токарев. Қазақстан чемпионаттары мен спартакиадаларының бірнеше дүркін жеңімпазы. КСРО чемпионатының 100 м жүгіруден күміс (1965, 1967), қола (1962, 1964) және 200 м-ге жүгіруден алтын (1962 – 63, 1965 – 66) медалін алған, 4*100 метрлік эстафеташылар жарысының чемпионы (1962 – 63), КСРО халықтары спартакиадасының чемпионы (1963, 1967). Еуропа чемпионатында 4*100 метрлік эстафеташылар жарысының күміс жүлдегері (1966, Будапешт, Венгрия) және кубогының жеңімпазы (1965, Штутгарт, Германия) болды. КСРО-АҚШ (1965, Киев, эстафета 4*100, 39,3 КСРО рекорды), КСРО-Англия (1966, Лондон), Франция-КСРО (1965, Киев) және Соц. достастық елдері әскерлері арасындағы матчтық кездесулерінің жеңімпазы. Ағайынды Знаменскийлерді еске алуға арналған халықаралық турнирде 100 және 200 м-ге жүгіруден алтыннан алқа тақты (1963, 1967, Мәскеу), чехословакиялық Рощитский, польшалық Кусатчинский құрметіне арналған халықаралық жарыстың жүлдегері (1962 – 67) болды. Он төрт рет КСРО Қарулы Күштерінің чемпионы атағын иемденді. 6 рет КСРО рекордын жаңартты. Алматыдағы Қ.Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернатта бапкер (1971 – 92), жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметтерін атқарды (1992 – 99). “Құрмет белгісі” орденімен марапатталған (1965).
Қосанов Ғұсман Сыйттықұлы
Қосанов Ғұсман - КСРО құрамында Олимпиадаға қатысқан тұңғыш қазақ желаяқ.1960 жылы Рим олимпиадасынан күміс медалға ие болды. Қосанов Ғұсман Сыйттықұлы(25.5.1935, Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Изатулла аулында – 13.6.1990,Алматы) – жеңіл атлетикадан КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері (1964). Қазақ мемлекеттік дене тәрбиесі институтын бітірген (1965). 4x100 метрлік эстафеташылар жарысынан 17-Олимпиадалық ойындардың күміс жүлдегері (Рим, 1960), КСРО чемпионатының 4x100 метрлік эстафеташылар жарысының жеңімпазы (Киев, 1960), 100 метрге жүгіруден КСРО чемпионатының күміс жүлдегері (Днепропетровск, 1966),КСРО –АҚШ матчының 4x100 метрлік эстафеташылар жарысының жеңімпазы (Киев, 1965) болды. 1967 жылдан жаттықтырушылық қызметпен айналысып, 1968 ж. Қазақстанның еңбек сіңірген бапкері атағына ие болды. Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдармен марапатталған. Қосанов құрметіне арналған жеңіл атлетикадан “Қосанов Мемориалы” атты халықаралық жарыс 1991 жылдан бастап өткізіліп келеді. Ғұсман Қосанов Лос-Анджелес қаласында АҚШ пен КСРО арасында өткен «Гиганттар додасы» атты жарыста басынан кешкен бір өкінішін былай баяндайды. «...Аяқ тірейтін тіреуішімді қапелімде таба алмай қалдым. Бір жігіттің тіреуішін алуға тура келді. Апыл-ғұпыл асығыс қақтым да, жігіттердің қатарына бардым... Пистолеттің жағымсыз үні құлағымның түбінен шықты. Ілки ілгері ұмтылдым. Сол кезде тіреуіш орнынан босап, кейін кетіп қалды да, жанымдағылардан 3-4 метр қалып қойдым. Соның өзінде жетуге тырыстым. Бірақ 100 метрлік қашықтықта екі-үш метріңіздің өзі жеткізбейтін дүние». Ғұсман марқұм өкінішін осылай жеткізеді...
Шишигина Ольга Васильевна (1968 жылАлматы қаласы, Қазақстан) - қазақстандық жеңіл атлет, спринтерші, Сидней олимпиадасының чемпионы (2000), Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері.
Шишигина Ольга Васильевна 1968 жылдың23 желтоқсанындаАлматы қаласында туылған. Жеңіл атлетикамен (Кедергілерден 100 метрлік спринтерлі орғу) 1978 жылдан бері шұғылданады. 1985 жылыКСРО құрама командасы сапына кірген. 1986 жылдан Кеңестер Одағының көптеген чемпионаттарына қатысқан және одан бірнеше дүркін жүлделерге ие болған. 1992 жылы ТМД елдерінің "Жастар ойыны" жарысының таңдаулы төрттігіне енген (Донецк қаласы). 1994 жылыСанкт-Петербург қаласында өткізілген ойында Халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындаған. 1994 жылғыЖапонияныңХиросима қаласында өткен Азия ойындарында жеңімпаз болған, осыдан кейін оған "Қазақстан Республикасының спортқа еңбек сіңірген шебері" атағы берілген. 1995 жылдардағы жазғы (Гетеборг, Швеция) және қысқы (Барселона) әлем чемпионаттарының күміс медаль иегері. Одан кейін 1999 жылғы жабық жайда өткен (Маэбаши, Жапония) әлем чемпионатында алтын жүлде мен 2000 жылғыСидней олимпиадасындағы жеңісі. 2007 жылыКанаданың Эдмонтон қаласында өткен әлем чемпионатында күміс жүлдені иеленді. Содан кейін спортшы жарақат алуына орай үлкен спортпен қоштасты. 2002 жылы Қазақтың мемлекеттік туризм және спорт Академиясын бітірген. Қазақтың мемлекеттік туризм және спорт Академиясының жеңіл атлетика кафедрасының меңгерушісі.
6.Жалпы дамыту жаттығулары
Гимнастикалық таяқпен орындалатын жаттығулар
11-12 жастағы оқушылар пайдаланатын гимнастикалық таяқтың ұзындығы 78-80 см, диаметрі 1-2 см болуы керек. Таяқпе орындалатын жаттығулар көзбен мөлшерлей білуге және бұлшық етті дамытуға көмегін тигізеді. 1.Негіз тұрыс – атяқты арқа сыртында тігінен ұстап тұрып, отырып, тұру. 2. Екі аяқты иық кеңдігі мөлшерінде қойып, ал таяқты арқа сыртында тігінен ұстап тұрып, бір бүйірге қарай қисаю. 3. Екі аяқты иық кеңдігі мөлшерінде қойып, ал таяқты горизонталь бағытта төмен түсіріп ұстап, оны сол қалыпта жоғары көтері. 4. Екі аяқты иық кеңдігі мөлшерінде, ал таяқты горизонталь қалыпта арқа сыртында шынтақтың ішінен өткізіп ұстап тұрып, кеудені бүйірге қарай ию. 5. Негізгі тұрыс – таяқты горизонталь қалыпта төмен түсіріп ұстап, сол қалыпта жоғары көтеріп, төмен түсіріп, арқа сыртына апарып, қайтадан бастапқа қалыпқа келу. 6. Таяқты горизонталь қалыпта төмен тусіріп ұстап, үстінен алға және артқа аттап өту. 7. Таяқты алақанға шыншыған сияқты тігінен ұстап, еденге сызылған сызықтың бойымен немесе гимнастикалық оырндық үстімен жүру. 8. Таяқты алақанға шаншыған сияқты тігінен ұстап, орындыққа отыру және қайта тұру. 9. Таяқты алақанға шаншыған сияқты тігінен ұстап, 5-10 адым алға қарай жүру. 10. Тізерлеп тұрып, таяқты алақанға шаншыған сияқты тігінен ұстап, оны құлатпай тұру және қайтадан тізерлеп тұру қалпына келу.
Секіртпе және қысқа жіппен секіру жаттығулары
Секіре жүріп, екі аяқты бір-бірінен бірте-бірте алшақтатып және қайта жақындату;
Бір аяқты алға тізеден бүгіп ұстап, екінші аяқпен секіру және алға қарай созылған аяқпен астынан әрбір екінші сан айтылу кезінде қолды шапалақтау;
Секіртпенің екі ұшын бір қолмен қосып ұстап, горизонталь бағытта бастың үстінде айналдырып тұрып тізерлеп отыру және қайтадан тұру;
Сызықты басып тұрып, жіпті сол жақта және оң жақта тепе-теңдікті сақтап айналдыру;
Секіртпені екі бүктеп, тұйықталған ұшы еденге тиіп жататындай етіп ұстап, пайда болған тұзақтан алдымен бір аяқты, содан кейін бүкіл денені өткізу;
Екі бүктелген секіртпенің ұштарынан екі қолмен ұстап, одан секіріп өту;
Екі бірге ұстап, әрбір екінші саннан кейін секіртпе аяқтың астынан өткізіп секіру.
Тепе- теңдікті сақтау жаттығулары
Екі оқушы «қыл көпір» үстінде қарама-қарсы келе жатыпа екеуі де құлап қалмай өтіп кетуі үшін, қарсы келген екі оқушы бір-бірін иығынан немесе белінен ұстап, оң аяқтарын бөрене үстіне қарама-қарсы қойып, оңға айнала бұрылып, сол аяқтарымен әркім өз бағытына қарай жүріп кете береді;
Бір аяқты алға созып тұрып, екінші аяқпен оытрып, тұру; бөрененің үстінде жүре отыру;
«Қарлығаш бейнесін жасап» 2-3 рет айналу жаттығуларын орындау;
Бөрененің үстінде тізені бүге басып жүру;
Бөрененің үстінде тіркеме адыммен жүгіру;
Теріс қарап жүру;
Тіркеме адыммен жүгіріп келіп, жерге секіріп түсу.
7.Қорытынды
Жеңіл атлетика халықты дене шынықтыруға тәрбиелеудің басты құралы болып табылады. Жүру мен жүгіру адам қимылының фундаментальды негізі болып табылады, ал лақтырулар мен секірулер әр қашанда танымал болған. Жеңіл атлетикалық жаттығулар көптеген спорт түрлері бойынша дене шынықтыру дайындығы сапасы мен функциональдық дайындықтарды дамыту үшін жаттығулар ретінде кең қолданылады. Гимнастикалық жаттығуларды үйретіп, меңгертудің мақсаты – баланың бұлшық еттерін, күш – қайратын өз уақытында жетілдіруге дайындау, иіліп-бүгілгіштігін дамытуға жағдай жасау. Сондай-ақ оқушы өз қимыл-қозғалысын соған сәйкес музыка ырғағымен үйлестіруге үйренеді. Көркем гимнастика мен акробатикалық жаттығулардың элементтерін орындауға дағдыланады. Ал жеңіл атлетиканың жүгіру, секіру, лақтыру жаттығуларының техникасын жетілдіргенде нәтижесі жақсарады. Жеңіл атлетика жаттығуларын кеңінен қолдану оқушының шапшаңдылық, күштілік, төзімділік қасиеттерін, қимыл-қозғалыстарын дамытып жетілуіне, күш-қайратының молаюына ықпал етеді. Жалпы дамыту жаттығулары – мойын, иық, кеуде, арқа және аяқ бұлшық еттерін дамытуға пайдасын тигізеді. Осы жаттығуларды дене шынықтыру дайындығы сабақтарында жүйелі қолдану моральді ерік жігер қасиеттерінің дамуына септігін тигізеді. Жаттығулардың тиімділігі дұрыс оқытуға байланысты болады. Жеңіл атлетикамен шұғылдану кезінде жас , жыныс, ағзаның жеке ерекшеліктері мен мүмкіндіктерінің есепке алынуы керектігі есте болғаны жөн. Басты талаптардың бірі – жеңіл атлетикамен айналысу тәртібін сақтау , яғни олардың жүйелілігін, жүктемелердің біртіндеп арттырылуын, сабақ өтілетіндей жағымды жағдайларды әр түрлі құралдар мен формаларды кешенді түрде пайдалану .
5.Пайдалнылған әдебиеттер тізімі
1) «Қазақ энциклопедиясы», 3 том 2) «Қазақ энциклопедиясы», 8 том 3) «Дене тәрбиесі» Б.Төтентай. 4) «Дене тәрбиес» С.Тайжанов, Б. Төтенай .