2 тапсырма .Бір ойшылдың (өз таңдауыңыз бойынша) еңбегін мысалға ала отырып, индуктивті және дедуктивті ойлаудың салыстырмалы талдауын жасау, конспект түрінде
Мың жылдан артық уақыт өтсе де, аты ауыздан-ауызға жатталып, еңбектері уақыттың, мезгілдің катыгез сынынан мүдірмей өткен, сол адамзат ұлдарының, тарих перзенттерінің бірі Әбу насыр Фараби. Ол да осы Отырарда туды, осында “кірін жуып, кіндігін кесті”. Қаратаудың тасына секірді. Сырдың суын ішті. Арыстың суын кешті, Қызыл-құмның аптабына күйді.
Казіргі қолда бар мағлұматқа қарағанда ұлы бабамыздың ғылымға белгілі (зерттелген-зерттелмегенін қосканда) 70-ке тарта шығармасы бар көрінеді. Олардың толық немесе үзінді түрінде кезінде КСРО халықтары тілдеріне бірсыпырасы аударылған. Олар мыналар: “Ғылымдардың шығуы”, “Ғылымдар энциклопедиясы немесе тізбегі”, “Ізгі кала тұрғындарының көзқарастары туралы кітап”, “Мәселелердің түпкі мазмұны”, “Жұлдыз бойынша болжаулардың дұрысы мен терісі туралы”, “Вакуум туралы” трактат, “Музыканың ұлы кітабы” (кіріспесі қазақтіліне аударылған), “Евклидтің бірінші және бесінші кітаптарына түсініктеме”, “Философияны оқып-үйрену үшін алдын ала не білу қажеттігі жайлы”, Порфирийдің “Философияға кіріспе” атты кітабына түсініктеме, “Химия өнерінің қажеттігі жайлы”, “Птолемейдің “Алмагесіне” түсініктеме” және қосымша кітап, “Платон мен Аристотельдің көзқарастарының ортақтығы жайлы”, “Философиялық сұраулар және оған жауаптар”, “Бақытқа жету туралы”, “Адам ағзалары жөнінде Аристотельге қарсы шығушы Галенді бекерге шығару трактаты”, “Ақылдың мәні тұралы”, “Түсініктемелер”, “Философияның дінге қатысы”, ‘Әріптер туралы кітап”, “Логикаға кіріспе трактат”, ” Геометриялық трактат” т.б.
Фарабидің қоғамдық-философиялық, жаратылыстану туралы ғылыми көзқарастары орта ғасырлардағы Таяу және Орта Шығыс елдеріндегі мәдениет, философиялық және ғылыми ой-пікірлердің даму нәтижесі болып табылады.
Фарабидің ғылыми-философиялық көзқарастары мен бағыт-бағдарлары өте күрделі саяси-әлеуметтік және экономикалық жағдайларда калыптасты. Ұзаққа созылған жаулаушылық саясаты нәтижесінде құрылған жаңа мемле-кет — араб халифаты тек қана жерлерді, елдерді, территорияларды қосып қана қоймай мемлекеттік дін дәрежесіне көтерілген ислам идеологиясы біріктірген әртүрлі мәдениеттерді қосып жаңа қоспа (синкреттік) мөдениет туғызды. ІХ-Х ғасырларда саяси, философиялық ойдың даму — таптық және діни ағым қайшылықтардың көрінісі болған әртүрлі ағымдар мен кешендердің осы шиеленіскен идеологиялык тайталасы, күресі жағдайында жүрді. Бұл ең әуелі кертартпа жөне ілгерішіл күштер арасында, Араб халифаты мүддесін кездеген ресми мұсылман дін басылары мен бағынышты, тәуелді халықтардың егемендігі мен еркіндігінің жоғын жоктаушылар арасындағы күрес болды, Мұндай жағдай философияда айқын боп қалды.
Әл-Фараби - ғылымның барлық саласымен дерлік, айналысып, 150-дей ғылыми трактат жазып, артына өшпес мұра қалдырған энциклопедист ғұлама, орта ғасырлардағы түркілік, исламдық өркениеттің жарық жұлдызы. Оның есімі әлемдік өркениеттің тарихында әйгілі ойшыл, философ, математик, физик, астроном, әлеуметтанушы, тілді, сөз өнерін, саз өнерін зерттеуші ретінде кеңінен танымал болды.
Ол «Ғылымдардың жіктелуі туралы сөз» атты еңбегінде ғылымды бес салаға бөліп жіктейді:
«біріншісі - тіл білімі және оның бөлімдері;
екіншісі - логика және оның бөлімдері;
үшіншісі - математикалық ғылымдар. Бұлар : арифметика, геометрия, оптика, тәлімдік астрономия, музыка ғылымы, ауырлық туралы ғылым, механика;
төртіншісі - физика және оның бөліктері, діни ілім және оның бөлімдері;
бесіншісі - азаматтық ғылым және оның бөлімдері, діни ілім және оның бөлімдері» (Әбу Насыр әл-Фараби. Таңдамалы трактаттары. Алматы, «Арыс», 2009, 15-бет).
«Поэзия (өнері) туралы» трактатында ол негізінен, арабтың сөз өнері жайлы ойларын басқа елдермен салыстыра отырып, әңгімелейді. Өлеңдегі дыбыстың, ырғақтың, басқа да бөліктердің, шарттардың, айтылымның үйлесім табуы заңдылық дейді. Бұл жерде сөз өнерінің бейнелеушілік сыпаты басқалармен салыстыра отырып, дәл көрсетеді.
Оның «Поэзия (өнері) туралы» трактатындағы «Демек, өнер екі түрге бөлінеді: біреуінің мақсаты тамаша көркемдікке ие болу, екіншісінің мақсаты пайдаға ие болу»; «Тек тамаша көркемдікке жетуді мақсат ететін өнер философия деп, немесе абсолюттік мағынада айтқанда, даналық деп аталады» (сонда, 35-бет)-деген пікірлері күні бүгінге дейін өзінің маңызын жойған жоқ. Ғұламаның «Барлық поэтикалық шығармалар бір нәрсені қиялмен жақсы бейнелеу үшін ғана шығарылған» (233-бет)-деген ой түйінінде сөз өнерінің басты қасиеті ашылған.
Ғалымның «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат», «Бақытқа жету жайында», «Бақыт жолын сілтеу», «Азаматтық саясат», «Соғыс пен бейбіт өмір туралы кітап», «Қоғамды зерттеу кітабы» еңбектерінде адам қайтсе, бақытты болады, адамдар бақытты өмір сүре алатын қоғамдық құрылыс қандай болуы керек деген сауалдар төңірегінде мәселенің мәніне тереңдеп барады.
Әл-Фараби қоғам дұрыс болу үшін онда өмір сүретін адамдар дұрыс болу керек деп біледі. Ал адамдардың алдына белгілі бір мақсат қойып, соған жету үшін барынша ұмтылатыны белгілі. Сонда адам тіршілігінің бар мәні бақытты болуға саяды. «Екінші ұстаз» адам өмірінің ең жоғары сатысы саналатын «бақыт» категориясына тоқталып, оған философиялық тұрғыдан сыпаттама, терең талдаулар жасайды. Ол «Адамзат кемелдігінің ең биік дәрежесіне жеткен» адамды бақытты адам санайды. Адам бақытты болу үшін ол өмір сүріп отырған елдің басшысы да кемел адам болуы керек», «Адамдар ішіндегі ең таңдаулы жан бірінші басшы болуға тиіс» деп біледі. Осындай оймен басшыға қойылатын алты талапты атайды:
«Бірінші шарт - дана болу.
Екінші шарт - қалаға арнап бірінші имамдар (басшы, Д. Ы.) белгілеген заңдарды, ережелер мен әдет-ғұрыптарды жадында сақтап, жетік білу, өзінің барлық іс-әрекетін осыларға сәйкес жүргізу.
Үшінші - бұрынғылардан тиісті заң сақталмаған жағдайда, бірінші адамдардың үлгісімен әрекет жасай отырып, бұл жөнінде тапқырлық көрсету.
Төртінші - бірінші имамдар аңдай алмаған нәрселерді бұрыннан қалыптасып қалған жағдайды да, болашақ оқиғаларды да қалаған кезінде танып-біліп отырарлықтай тапқыр да білгір болу; өзінің осындай іс-әректінде ол халықтың әл-ауқатын жақсартуды мақсат етуге тиіс.
Бесінші - бірінші имамдардың заңдарын және солардан кейін, олардың үлгісі бойынша өзі белгілеген заңдарды орындауға жұртты өз сөзімен жігерлендіре білу.
Алтыншы - әскери істерді жүргізу үшін қажетті дәрежеде қайратты болу, оның бер жағында әскери өнерді қызмет бабындағы өнер ретінде және билеуші өнер ретінде біліп алу».
Ғұлама «Адамдар ішіндегі ең таңдаулы жан бірінші басшы болуға тиіс...» (сонда, 356-бет)-деп, негізгі ойын нығарлай түседі. Сонда ең таңдаулы, кемелдікке жеткен бақытты адам қандай адам? Бұл сауал - адамзат қоғамын Адам-ата жаралғалы бері ойландырып келе жатқан мәңгілік мәселе. Әл-Фараби «Бақыт жолын сілтеу», «Бақытқа жету жайында», «Мемлекеттік қайраткердің нақыл сөзлері», «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» секілді еңбектерінде осы мәселеге тереңдей барып, күні бүгінге дейін өзінің құнын жоймаған бағалы пікірлер айтты. Жаһанданудың салдарынан әлем дағдарысқа, тоқырауға ұшырап отырған мына заманда Әл-Фарабидың гуманистік идеяларға негізделген ғылыми ой-пікірлерінің өміршеңдігі көрініп тұр.
Әл-Фараби өмірге келген әрбір адам бақытты болу үшін өмір сүреді дейді: «Бақыт - әрбір адам ұмтылатын мақсат...» (Әл-Фараби. Әлеуметтік-этикалық трактаттар. Алматы, «Ғылым», 1975, 3-бет), «Жан біткеннің бәрі ең биік кәмелеттікке жету үшін жаралған, ол бұған өзіне тән болмыс сатысына сәйкес жете алады» (Әл-Фараби. Философиялық трактаттар. Алматы, 1973, 347-бет).
Адамның бақытқа жету жолындағы күресінде үш түрлі жағдайды басынан өткереді. Олар: «1. Бұл - әрекеттер, адам өзінің дене мүшелерін пайдалану үшін керекті әрекеттер, мысалы, орнынан тұру, отыру, көлікке мініп жүру, көру, есту үшін керекті әрекеттер. 2. Жан эффектілері. Мысалы, құштарлық, рахат, қуаныш, ашу, қорқыныш, жабырқау, күйіну, қызғаныш және сол сияқтылар. 3. Ақыл-парасат. Бұл үшіншісі адамның бүкіл өмір бойында болады немесе кейде болып, кейде болмайды».
Осы үшеудің ішіндегі ақыл-парасат - адамдардың бақытты болуы үшін Алланың сыйлаған сыйы. «Адам нақ осы ақыл арқылы адам болған...»; «Ақыл-парасат күші - адамның ойлауына, пайымдауына ғылым мен өнерді ұғынуына және жақсы қылық пен жаман қылықты айыруына көмектесетін күш» (сонда, 194-бет).
Достарыңызбен бөлісу: |