Реферат Адамның тарихқа дейінгі эволюциясы


Осы заманғы алғашқы адамдар



бет3/3
Дата04.11.2023
өлшемі21,44 Kb.
#122116
түріРеферат
1   2   3
Байланысты:
Реферат

Осы заманғы алғашқы адамдар. Оларды ғылым тілінде қазба неоантроптар немесе көшпілікке арналған әдебиеттерде кроманьондар деп те атайды. Өйткені, бұл кезеңнің адамдарының сүйек қалдықтары алғаш рет 1868 жылы Франциядағы
Кро-Маньон үңгірінен табылған. Олар бұдан 30—50 мың жыл бұрын өмір сүрген. Бұл кезеңде де өмір сүрген адамдардың мекен-жайлары Қазақстанның да көптеген жерлерінен табылды.
Неоантроптар бойының ұзындығы 170—180 см, 30—40 жыл өмір сүрген. Ми сауытының көлемі шамамен 1400—1600 текше см. Үлкен ми сыңарларының самай және маңдай бөлімдері жақсы дамыған. Маңдай сүйегі алға шығыңқы келген, қас үсті доға айқын байқалады, көз шарасы үлкен, сүйектері қалың, иегі анық білінеді. Бассүйегі онша биік емес. Олар өздеріне баспана салып, сонда тұрған. Негізінен етті тағамдарды пайдаланған. Аң аулау үшін тастан, сүйектен әр түрлі құралдар жасаған. Өздері тұратын үнгірлердің қабырғасына түрлі түсті бояулармен, кейде
тастарды қашап та суреттер салған. Қолөнердің түрлі салалары дамыған. Қыштан ыдыс жасауды білген. Олар алғаш рет кейбір жануарларды қолға үйрете бастаған және егіншілікке де алғаш қадам жасаған. Тайпа, ру болып өмір сүру салты қалыптаскан. Айналасындағы табиғат туындыларына сыйыну, оларды қастерлеу, т.б. сияқты нанымдарға ерекше көңіл бөлген. Эволюция барысында олардан осы заманғы саналы адам келіп шыққан. Неоантроптарда биологиялық факторлардан гөрі әлеуметтік факторлар басты рөл атқарған. Олардың эволюциясында тәрбиелеу, үйрету және тәжірибе жалғастыру негізгі орын алған. Олар көбінесе өздерінің ептілігі, батылдылығы және тапқырлығы арқылы жаңа өмір сүру салтына көшкен. Ұрпақтарына деген қамкорлық қарттарды қадірлеу және онымен санасу дәстүрі басым болған. Тайпа, ру және отбасы үшін күресе білу мен өзінің келешегін ойлау басты мақсат болып саналған.
Қазіргі адамның пайда болуы, дамуы және қалыптасуы ұзақ уақытқа созылған өте күрделі кұбылыс.
Атақты ғалым Я.Я.Рогинскийдің пікірі бойынша адам эволюциясында негізінен, мынадай морфологиялық өзгерістер басты рөл атқарады. Ол біріншіден — қол, аяқ және тұлға сүйектерінің өзгеруі арқылы тік жүруге көшуі; екіншіден — мидың дамуы мен көлемінің ұлғаюы; үшіншіден — жақсүйектердің кішірейіп, сөйлеу мүмкіндігіне көшуі екенін атап көрсеткен. Бұларға қоса ғалым әлеуметтік әрекеттер, еңбек құралдарын жасап, пайдалана білу және оларды жетілдіре түсу, қоғамдасып тіршілік ету, айқын сөз арқылы бір-бірімен қарым-қатынас жасау, ақыл, ой мен мәдениеттің дамуы адам эволюциясындағы сапалық өзгерістердің пайда болуына тікелей ықпал жасаған деп қорытындылайды.
Қазіргі кезде де жеке адамдарда болатын тұқым қуалайтын өзгерістер (яғни мутациялар) кездесіп тұрады. Ал оларды басқару, зиянды белгілердің болуынан сақтандыру тек биодогиялық зандылықтарды жақсы білген кезде ғана жүзеге асады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет