Реферат "Қазақ жеріндегі тайпалар"



бет3/5
Дата07.10.2024
өлшемі0,55 Mb.
#147035
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
реферат

Үйсін тайпасы. Үйсіндердің қоғамдық құрылысы. үйсіндер туралы жазба деректер.
Жетісудағы тиграхауда сақтар жерлерін б. з. д. II ғасырда Орталық Азиядан келген үйсін тайпалары мекендеді. Үйсіндердің негізгі орналасқан жері Іле даласы болды. Батыс шекарасы Шу мен Талас өзендері арқылы өтіп, қаңлылыр жерімен астасып жатқан. Шығыста үйсіндер ғұндармен шекаралас болып, оңтүстікте Ферғанаға дейін созылған. Жетісу таулары мен олардың етектерінде, Іле, Шу, Талас өзендерінің жағасында үйсіндердің қыс  қыстаулары мен жаз  жайлаулары болған. Үйсіндердің астанасы Чигучен немесе Қызыл Аңғар қаласы болды. Ол Ыстықкөлдің жағасында орналасқан. Мемлекет басшысының лауазымы жазба деректерде гуньмо деп аталған. Ол елдегі барлық қарулы күштерінің ең жоғарғы қолбасшысы болды. Оған ру  тайпаларды басқаратын бектер бағынды. Бүкіл үйсін елі өз ішінен оң қанат, сол қанат және орта болып үш әскери  әкімшілік бөлікке бөлінді. Оң қанат пен сол қанатты екі қолбасы меңгерді, гуньмо ортада отырып бәрінің үстінен қарады.
Үйсін елі құрылғаннан бастап, оның бүкіл елді басқаратын үкіметтік үйымы болды. Оның негізгі лауазымдары мынандай:

  1. Гуньмо, күнму, яғни күнби  бүкіл мемлекеттің ең жоғарғы билеушісі, алғашқы кезде бүкіл елде тек бір ғана гуньмо болған. Б.з.д. 53 жылдан бастап бүкіл елді ұлы гуньмо, кіші гуньио болып билейтін болды.

  2. Дулы (дұғлұ)  Хан патшалығының бас уәзірі дәрежелес лауазым, үйсін елдің әкімшілік бастығы, бұл лауазымға бір адам тағайындалды.

  3. Қолбасы  оң қанат қолбасы, сол қанат қолбасы, бұл лауазымға екі адам тағайындалды, сол қанат қолбасының мәртебесі жоғары болып, бүкіл елдегі қарулы күштерді меңгерді.

  4. Оңқа (Оңқы)  ел ішіндегі ру  тайпа басшылары. Бұл лауазымдарға үш адам тағайындалды.

  5. Дарту  қолбасшының көмекшісі, әр қолбасшыда бір көмекші болды. Бұл лауазымға екі адам тағайындалды.

  6. Абыз  бұл лауазымға екі адам тағайындалды.

  7. Ұлыс бегі  бұл лауазымға бір адам тағайындалды.

  8. Орда бегі  бұл лауазымға екі адам тағайындалды.

  9. Атқосшы  бұл лауазымға бір адам тағайындалды.

Үйсін қоғамы бір текті болған жоқ. Онда бай адамдар, атақты тайпа және ру басшылары, жауынгерлер, абыздар, қарапайым малшы, егінші бұқара өмір сүрді. Ең бай адамның 4  5 мың бас жылқысы болды. Байлар өз жылқыларына өзінің жеке меншігі екенін білдіру үшін ен, таңба салды. Әскер басшылары мен жоғары лауазымды адамдардың алтыннан, мыстан жасалған мөрлері болды. Лауазымы төмендердікі тастан, саздан жасалды.
Тек малға ғана емес, жерге де жеке меншік болды. Бай көсемдер шөбі мол жайылымдарды иемденді. Сөйтіп, таптық қоғамға тән қатынастар қалыптасты. Бұл мемлекеттің белгілері болды.
Кемілене келіп дәуірленген кезде үйсін елінде 120 мың түтін, 630 мың адам, 188 мың 800 сайлауыт болды 1. Бұл сан заманда батыс өңірде болған 40 мемлекеттің жан саны мен әскер санының мәліметі бойынша, батыс өңірдегі 40 мемлекетте 39 мың 895 түтін, 309 мың 757 адам, 70 мың 499 әскер болған. Атап айтқанда, үйсіндердің жан саны олардан үш есе, әскер саны біржарым есе артық болды. Ол заманның деңгейімен алғанда, үйсіндердің аса құдіретті мемлекет болғандығы осыдан көрінеді. Осы себепті тарихшылар: «Үйсіндер батыс өңірдегі мейлінше құдіретті мемлекет»2 деп жазды.
Үйсін қоғамындағы әлеуметтік теңсіздік археологиялық олжалардан айқан көрінеді. Үйсін қорғандары көлемі жағынан үшке бөлінді: үлкен қорғандар  диаметрі 80 м, биіктігі 15 м дейін, орташа қорғандар  диаметрі 15 м, биіктігі 4 м дейін және көптеген кішкене қорғандар  диаметрі 10 м, биәктігі 1 м. Үлкен қорғандардан археологтар көптеген алтыннан жасалған сәндік бұйымдар, қару жарақтар, қыш ыдыс  аяқтар тапты. Орташа қорғандардан бірнеше қыштан, ағаштан жасалған ыдыстар, қолдан, сирегірек алтыннан жасалған сырғалар, түйреуіштер, білезіктер табылды. Қару  жарақтың ішінде темір қанжарлар мен пышақтар, үш қырлы, жалпақ жебе ұштары бар.
Кішкене қорғандардағы қабірлерден бәр  екі қыш ыдыстар, темір пышақтар, қола сырғалар, моншақтар табылды.Қорыта айтқанда, жазба деректері мен археологиялық олжалар үйсін қоғамы мемлекеттік дәрежеге дейін көтерілгенінің куәсі болады.


1Уақ Миңжие, Уақ Бинхуа «Үйсін жайындағы зерттеулер», 48  49 беттер.
2 «Хан патшалығы тарихы. Батыс өңір шежіресі».


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет