Реферат Бастауыш сынып оқушыларының таным процестеріне талдау беруге көшелік



Дата11.12.2023
өлшемі18,29 Kb.
#136928
түріРеферат
Байланысты:
реферат Ойлау ерек


Бастауыш сынып оқушыларының ойлау ерекшеліктері
Бастауыш сынып оқушыларының ойлау ерекшеліктері туралы қазақша реферат

Бастауыш сынып оқушыларының таным процестеріне талдау беруге көшелік.

Бастауыш сынып оқушыларының негізгі таным процестері (қабылдау, зейін, жат пен ес, қиял, ойлану) мектепке кіргеннен кейін недәуір өзгерістерге ұшырайды. Осының ішінен біз дипломдың зерттеуімізде ойлау процесінің ерекшеліктеріне және оны дамыту жолдарына тоқтап өттік.

Бастауыш сынып оқушысының ойлау процесіне келсек, осының қаншалықты дамығаны туралы әр түрлі пікірлер бар. Л.С.Выготскийдің пікірі, бойынша оқымай жүрген ойын баласы оқуға кіргеннен соң ойымен интеллектысы үлкен өзгеріске ұшырайды: яғни натуральдық ойдан, мәдени, немесе ұғым арқылы ойлануға көшеді.

Ой операцияларының түрлері бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекетінде әр түрлі тереңдікте кездеседі. 1 кластағылар нақты затқа, не солардың көшірмесіне (үлгісіне, суретіне т.б.) негізделе отырып, тапсырманы орындайды. Сол затқа не оның көшірмесін көз алдынан алып кетсе, тапсырманы орындау қиынға түседі. 2-3 кластағылар бірте-бірте заттың жеке қасиеттеріне, әсіресе негізгі белгілерін есінде қалдырып, соларды мүмкіндікше топтастыруға үйренеді. Осының өзі сол заттың не оның көшірмесі жоқ кезінде жабайы тапсырмаларды орындауға мүмкіндік береді.

Ал аталған операциялар — өзінше динамикалық болып тұратын процессуалдық құбылыстар. Осы құбылыстар, яғни операциялар жүзеге асу үшін тиісті бейнелерге елестету бейнесіне, не ұғымға негізделуі тиіс.

Бастауыш сынып оқушының бірте-бірте ой өрісінің қалыптасып және заттарды тиісті ұғымдарға жатқыза алуына қалай өзінің ойын құрбылары арасында дәлелдеуге үйрене бастайды. Ол не болса, соған көнбейді, өзгелерден дәлел келтіруді талап етеді. Дәлелдеу үшін бала тиісті жүйелерге (логиканың негіздеріне) сүйенеді. Сонымен қатар өзінің пікіріне, не берген жауабына сынмен қарап: пікіріне не ісіне өзгерісінің бағыты тұрғысына қарай алуға үйренеді. Әркім өзінің пікіріне не ісіне талдау жасап сынмен қарауды рефлексиянық қарапайым түрі деп аталады. Рефлексияға не болу ойланудың шарты және оның жемісі бола тұрып, оқу үстінде 7-11 жастағыларда қалыптаса бастайды деу, бұл жастағылардың ақыл-ойының недәуір қалыптасып қалғанына дәлел бола алады.

Ойлау процесі бірнеше кезеңдерден өтеді. Ол қажеттіліктен немесе бірдемелерді түсіну, түсіндіру керектігінен басталады. Бұл, ойлау әрекетінің бірінші кезеңі.

Ойлау процесінің пайда болуы үшін екі шарт қажет:


  1. Жаңа әдеттен тыс нәрсені белгілі нәрседен айыра білу;



  1. Бұл жаңа және бейтаныс нәрсені тануға: түсінуге, сырын ашуға ұмтылу.

Ойлау процесіні пайда болуында адамның қоршаған дүниеден байқаған жаңа, белгісіз нәрселерге қызығуының да елеулі маңызы бар.

Күтпеген, бейтаныс жағдайлармен кездескенде адам алдына міндет қоя білуі керек. Ойы жоғары дәрежеде дамыған, жеткілікті мөлшерде мол өмір тәжірибесі бар ересек адамдар әдетте өздері-ақ міндетті аңғарады және мәселе қоя біледі. Сөйтіп, олар үшін нені танып білу керектігі, яғни ой нысанасы мен ой процесінің бағыты айқын болады. Ой әрекетінің міндетті атқару және қоя білу сияқты бірінші кезеңі осылай аяқталады.

Ойлау процесінің келесі кезеңі қойылған мәселені шешу.

Анализ-синтез формасы әр түрлі формада болады, әр дәрежеде өтеді, бірақ адам қандай ой міндетін атқарса да ол ылғи анализ-синтезді қолдайды.

Анализ – бүтінді бөлшектеп майдалау, мүшелеу, қайсыбір жақтардан, жеке бөлшектерден, белгілерден бөліп қарау, ажырату, абстракиялау. Синтез — бөлшектерді, жақтарды, белгілерді


Бастауыш сынып оқушыларының ойлау ерекшеліктері туралы қазақша рефератБастауыш сынып оқушыларының негізгі таным процестері (қабылдау, зейін, жат пен ес, қиял, ойлану) мектепке кіргеннен кейін недәуір өзгерістерге ұшырайды. Осының ішінен біз рефератқа ойлау процесінің ерекшеліктеріне және оны дамыту жолдарына тоқтап өттік. Бастауыш сынып оқушының бірте-бірте ой өрісінің қалыптасып және заттарды тиісті ұғымдарға жатқыза алуына қалай өзінің ойын құрбылары арасында дәлелдеуге үйрене бастайды сол туралы

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет