Референц-элипсоид Референц-элипсоид — Жер бетінде белгілі бір мөлшері мен орны бар жер эллипсоиды. Ол жер бетінде жүргізілген барлық геодезиялық өлшеулер нәтижесі келтірілетін көмекші математикалық бет ретінде қолданылады. Референц-элипсоид бетке топографиялық түсірулер және сол бойынша жасалған жер бетінің картасы да жатады.
Геоцентрлік координаталар жүйелері Координаталарының басы Жер массасының центріне дәл келетін жүйені геоцентрлік координаттық жүйе деп атайды. Геоцентрлік экваторлық жүйеде координата осьтері жер бетіндегі немесе аспан сферасындағы ерекше нүктелерге бағытталады. Эллипсоид бетінде геодезиялық есептерді шешкенде геодезиялық координаттар формулаларының күрделілігі қолайсыз жағдайлар туғызады. Белгілі бір территорияда геодезиялық өлшеулерді өңдеу үшін жазықтықтағы эллипсиод проекциясын қолданған тиімді болады, онда координаттар сызықтық өлшемдермен беріледі. ТМД елдерінде және Қазақстан Республикасында геодезиялық жұмыстарда көлденең-цилиндрлік Гаусс-Крюгер проекциясы, белдеулік, конформды (теңбұрышты) проекциялар қолданылады.
Кеңістік координаттар жүйесі Кеңістік координаттар жүйесі. Жер бетіндегі нүктелердің орнын оның координаталары, яғни алынған координаталар жүйесінің бастапқы жазықтары мен сызықтарына қатысты ізделіп отырған нүктелерді сипаттайтын шамалар арқылы анықтайды. Геодезияда колданылатын барлық координаталар жүйелері кеңістік және жазыктық жүйелері болып екіге бөлінеді.Координаталардың кеңістік жүйелерінің ішінде көпшілікке танымалысы-географиялык координаталар жүйесі. Бұл жүйеде нүктенің жер бетіндегі орны жалпы дүниежүзілік масштабта анықталады. Оларды географиялық ендік- және географиялық бойлық-λ дейді. Геодезиялык (φ) экватор жазықтығы мен бекітілген Р нүктесі арқылы өтетін тіктеуіш сызық арасындағы бұрыш. Ендік экватордан бастап, берілген нүктеге дейінгі географиялык меридианның доғасымен өлшенеді де, экватордан екі жаққа солтүстікке қарай 0° тан 90°-қа дейін өзгеріп отырады.
Жазық полярлық координаталар жүйесі Жазық полярлық координаталар жүйесі. Геодезиялык жұмыстарды жүргізген кезде, көптеген нүктелердің орындарын бастапқы бағыт немесе бағдар ретінде қабылданған белгілі бір нысанадан анықталатын жазық, полярлық координаталар жүйесі қолданылады. Осы координаталар жүйесінің элементтері 5-суретте көрсетілген:
1) бастапқы бағыт, полярлық осі-ОХ; ОХ осінен кез-келген жаққа бағыттауға болады, мысалы, А және В нүктелеріне;
2) О-нүктесі-координаталар басы (полюс), түсірістер кезінде, полюс ретінде теодолиттік жүрістер нүктесі қабылданады.
Жазық полярлық координаталар жүйесінде нүкте екі координата арқылы анықталады: полярлық осьтен нүктеге дейінгі бағыт аралығындағы горизонталь бұрыш-ß; полюстен бастап анықталатын нүктеге дейінгі арақашықтық-d. Мысалы, А нүктесінің координаталары ß1 d1 ал В нүктесінің координаталары ß2, d2 болып келеді.
Полярлық бұрыштар полярлык осьпен сағат тілінің бойымен О мен 360° аралыгында өлшенеді. Жазық полярлық координаталар жүйесі теодолиттік түсірістер мен жобадан жергілікті жерге қүрылыс объектілерінің нүктелерін көшіргенде қолданылады.
Қорытынды Геодезиялық координаталар жүйесі қашықтықтармен байланысты көптеген геодезиялық есептерді шешу үшін пайдаланылады. Дегенмен геодезиялық координаталар жүйесі нүктелердің өзара орнын ұзындық өлшемде емес, бұрыштық өлшемде анықтыйтын болғандықтан практикалық мақсаттарда қолдану тиімсіз. нүктесінің координатасы геодезиялық ендік (В), геодезиялық бойлық (L) және геодезиялық биіктік (Н) арқылы анықталады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Кыргизбаева Г. М. Жоғарғы геодезия: Оқу құралы. – Алматы: ҚазҰТУ, 2014. – 151 б.