Реферат ХІХ ғасырдың соңындағы Қазақстан халқының этнодемографиялық сипаттамасы



Дата16.03.2023
өлшемі19,38 Kb.
#74839
түріРеферат
Байланысты:
Тариих Олжас

Реферат
ХІХ ғасырдың соңындағы Қазақстан халқының этнодемографиялық сипаттамасы.

Жасаған : Амантай Олжас
Топ : 106 А
Факультет : Жалпы медицина
Тексеруші : Хамытхожаева Д

ХІХ ғасырдың соңындағы Қазақстан


19 ғасырдың 60-жылдарында қабылданған реформалар бірден іске аса қоймады. Қазақ шаруаларының көтерілістері салдарынан бұл Ережелерді заңдастыру 20 жылдан артық уақытқа созылды. 1886 жылы 2 маусымда “Түркістан өлкесін басқару және онда жер-салық өзгерістерін енгізу туралы” Ереже бекітілді. Түркістан өлкесінде Ресей үлгісімен жаңа сот жүйесі құрылды. “Халық соты” деген атпен мұсылман тұрғындардың ісін жүргізетін төменгі сот буынын ұйымдастыру көзделді. Соттардың төтенше съезі уездік және болыстық тұрғындарға қатысты мәселелерді шешті. Бұл сот жиыны тек әскери губернатордың рұқсатымен шақырылды. Бітістіруші сот облыстық, уездік билеушілердің мүддесін қорғады. Билердің соттары жеңілдіктерін сақтап қалуға тырысқан билеуші топтардың мүддесін қорғаштады.

1891 жылы 25 наурызда “Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Торғай облыстарын басқару” туралы Ереже қабылданды. Қазақстанды әкімшілік-аумақтық жағынан басқару жүйесіне бірқатар өзгерістер енгізілді. 1867-1868 жылдардағы әкімшілік-сот саласындағы өзгерістер 1886-1891 жылғы жарлықтарда заң жүзінде бекітілді. XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың алғашқы екі он жылдығында отандық тарихтың, оның ішінде Қазақстанның ұлан-ғайыр оңтүстік өңірін қамтитын бұрынғы Түркістан өлкесі, Сырдария облысы тарихтың аса күрделі де ауыр кезеңдердің біріне жатады.Қазақстанның оңтүстік және оңтүстікшығыс аймақтарының 60-70-жылдары Ресей империясының отарына айналуына байланысты 1887 жылдың бірінші қаңтарында патша үкіметінің шешімімен Сырдария облысы құрылып, оның құрамына Қазіргі Қазақстан Республикасының Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облысының аумағы және Өзбекстанның Ташкент аймағы енген болатын.Бұл жыл тарихиәлеуметтік және саяси қарама-қайшылықтарға толы жыл болды. 1905 жылдары бірінші орыс революциясы және оның Ресей империясының Түркістан сияқты отарлық аймақтарына тигізген әсері Орта Азия мен Қазақстанды түгелге дерлік қамтыған. 1967 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс оларға жалғасқан 1917 жылғы қос революция мен азамат соғысы және оның нәтижесінде Кеңес үкіметінің жеңіске жетуі осы кезеңнің басты саяси оқиғалары болды [1].


Жоғарыда аталған кезеңнің 1917-1920 жылдар аралығын қамтитын уақыты аса өткір әлеуметтік және саяси қарама-қайшылықтарға толы болды. Дәл осы жылдары Кеңес үкіметі толық жеңіске жетіп, келешек тоталитарлық Кеңес Одағы аталған мемлекеттің негіздері қаланды, оның таптық ұстанымдары мен коммунистік идеологияға негізделген билік жүйесінің саясат, экономика және идеология салаларындағы негіздері құрылды. Қазақстанның оңтүстік аймағының Ресей империясының отарына айналуы мен оның салдары жөнінде көптеген зерттеулер жазылды. Олардың қатарына К.К.Паленнің, В.Задорскаяның, Г.Александрованың, А.И. Добромысловтың, П.Г. Галузоның, М.Шоқайдың т.б зерттеушілердің еңбектерін бірінші кезекте атаған жөн. Кеңестік тарихнама тарихының 1917-1920 жылдар аралығын қамтитын кезеңі зерттеушілер тарапынан үлкен ықыласқа ие болды. Зерттеушілердің 80-жылдардағы есеп мәліметтеріне сүйенсек, елде қазан революциясының жеңіске жету тарихына, оның ішінде Қазақстан кеңес үкіметінің орнау тарихына арналған тек қана кітаптар мен басқада қорытынды еңбектердің саны 15 мыңдай болған
Еңбек жасындағы еркектердің өлім-жітім деңгейі әйелдеркімен салыстырғанда айтарлықтай жоғары болып келеді. Бұл жұмыстағы жарақаттанумен, алкоголизммен және темекі тартумен байланысты, өлім-жітімнің мұндай секірмелі өлуі соғыс болған жағдайда көптеп кездеседі. Бұрын эпедемиялар жұқпалы аурулардан туындайтын демографияның еркектермен әйелдердің арасынағы алшақтықты байқаймыз.

Пирамидаға қарай отырып, 1000 адамға шаққандағы туылған сәбилер бойынша ұл балалар көп болса, 20-25 жасқа келгенде екі жыныс ортасында өлім-жітімге байланысты теңесе бастайды. 25 жас аралығынан кейін қыз балалар саны көбейе бастайды. Қазақстанда әйелдердің артықтығы 600 мың адамда болған (1000 әйелге- 900 еркек). Барлық жерде жастардың арасында еркектер көбірек те, ал, ересек адамдар арасында әйелдер көбірек болып келеді.

Себебі, әлі күнге дейін екінші дүние жүзілік соғыстың, соғыстан кейінгі репрессияның зардаптары байқалуда: соғысқа қатысқан елдердің ересек адамдар арасындағы әйелдердің артықтығы табиғи құбылыс жесірлік пен жалғызбастылық көптеген әлеуметтік-психологиялық проблемалар туғызады.

Халықтың жыныстық құрылымына көші-қон айтарлықтай ықпал әсер етеді. Бұл жағдайда еркектер әйелдермен салыстырғанда шымырлау келеді. Көші-қон қай жаққа бағыт алмасын, еркектер көбірек болады. Осыған байланысты жаңа игерілген аудандарда қала мен село халқының жыныстық құрылымының айырмашылығы байқалады.

Түркістан өлкесі


Түркістан өлкесінде үш облыс құрылды: Сырдария, Ферғана, Самарқан. Негізгі басқару орталығы – Ташкент.
Дала генерал-губернаторлығының құрамына үш облыс кірді: Ақмола, Семей, Жетісу. Негізгі әкімшілік орталығы – Омбы.Өндіріс орындарында жұмыс қолының 60-70 пайызын құраған қазақтар ауыр еңбектерге тартылды. Алтын өнеркәсібінде әйелдер үлесі жалпы жұмысшылар санының 1-ден 4-ке дейінгі пайызын құрады. 1873 жылы әйелдердің үлесі 12% болса, 1893 жылы 17,8%-ға жетті.19 ғасырдың 90 жылдарынан бастап кен орындарында балалар еңбегі кеңінен пайдалана бастады. 16 жасқа дейінгі жасөспірімдердің жұмысшылар арасындағы үлесі 14%-ға дейін көтерілді.
Жұмысшылардың таптық қарсылықтарының бірі өндіріс орнын тастап кету болды. 1880 жылы Семей облысында жұмысшылардың 2,7%-ы, 1890 жылы 4,7%-ы, 1896 жылы 6,4%-ы ауыр жағдайға шыдамай өндіріс орындарынан қашып кетті. 19 ғасырдың соңынан бастап өндіріс орындарын өз еркімен тастап кеткен жұмысшыларды 3 айға дейін абақтыға қамау жазасы қолданылды.
Өскемен уезі
1888 жылы Өскемен уезіндегі кен өндірісінде қазақ жұмысшыларының ереуілі болды. Кен иесі ереуілді басу үшін Зайсанға жазалаушы әскери күш шақыртты. Ереуілшілер жалақыларын арттырып, мақсаттарына жетті. 1891 жылы Өскемен уезінің Владимирск алтын кенішіндегі ереуіл біршама ұйымдасқан түрде өтті. Ереуілге басшылық еткен Жағалтайұлы, Жанғазин, Төлегенұлы жергілікті халықтан шыққан алғашқы жұмысшы өкілдері болды. 1890 жылы Алтайдағы Асташево кен орнында қақтығыс кезінде кен орнының басқарушысы өлтірілді. 1893, 1895, 1899 жылдары Батыс Сібір темір жолының жұмысшылары, Омбы теміржолшылары ереуілге шықты.
Өндіріс орындарының ұсақтығы, жұмысшылар санының аздығы, олардың арасында бірліктің жетіспеуі осы қозғалыстардың саяси әлсіздігін байқатты. Алғашқы өлке жұмыскерлерінің әлеуметтік күресі біртіндеп тәжірибе жинай бастады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет