Реферат Құқық қорғау органдарын сот, прокуратура, полиция, арнайы, қауіпсіздік


Азаматтардың құқығы мен бостандығын лайықты қорғау – басты міндет



Pdf көрінісі
бет6/7
Дата24.05.2023
өлшемі0,66 Mb.
#96421
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
Азаматтардың құқығы мен бостандығын лайықты қорғау – басты міндет 


«ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ NSEO «KAZAKH-RUSSIAN MEDICAL 

УНИВЕРСИТЕТІ» МЕББМ UNIVERSITY» 
 
Тәуелсіздік алғаннан кейін өз тарихының жаңа парақтарын ашқан еліміздің сот 
жүйесінің алдында тың реформалар жүргізу, сот жүйесінің тиімділігін арттыруға 
бағытталған нақты да түбегейлі шараларды жүзеге асыру талабы тұрған еді. Оған 
қоғам мен азаматтардың арасындағы құқықтық қарым-қатынастардың барған сайын 
қанат жайып, кеңейе түсуі, әлемдік трендтердің пайда бола бастауы себеп болды. 
Міне, осындай кезеңде, яғни 25 жыл бұрын, қоғамдық өзін өзі басқару органының 
құрылуы судьялар қоғамдастығын бір мақсатқа жұмылдыра білді. Мұның сол кезең-
дегі ең дұрыс әрі маңызды қадам болғанын уақыттың өзі дәлелдеп берді. 
Судьялар одағының ұйымдастыруымен өткен сегіз съезде сот құрылымы мен сот 
өндірісін ықшамдау, заңнамалық базаны жетілдіру, құқық қолдану тәжірибесінде 
бірізділікке қол жеткізу, судьяларды іріктеу және судьялардың мәртебесін бекіту, 
олардың кәсіби біліктілігін арттыру, мінез-құлқының моральды-этикалық нормаларын 
жақсарту, мүдделері мен құқықтарын қорғау сияқты өзекті мәселелер көтерілді. 
Соттарды мамандандыру, судьялардың жүктемесін азайту, процестердің жарыспалы-
лығын қамтамасыз ету туралы да сөз болды. Бір сөзбен айтқанда, судьялардың съез-
дері өткір тақырыптарды талқылаудың ашық алаңына айналып, сот жүйесінің әрі 
қарай дами түсуіне нақты бағыт-бағдар сілтеді. Судьялар одағының негізгі міндеті мен 
рөлі де осы болатын. 
Әрине, Судьялардың І съезінің сот жүйесіндегі алар орны ерекше. Өйткені мұнда 
құрылтайшылық құжаттар, Жарғы, филиалдар мен комиссиялар туралы ережелер, 
Судья мінез-құлқының этикалық кодексі қабылданды. 1999 жылы өткен Судьялардың 
ІІ съезі соттардың материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етілуін Әділет 
министрлігінен Жоғарғы соттың жанындағы Соттық әкімшілендіру комитетінің 
құзырына беру туралы маңызды мәселелердің көтерілуімен ерекшеленді. Бұл сот жү-
йесінің түбегейлі тәуелсіздігін қамтамасыз ету үшін аса қажет болатын. Соттарды 
мамандандыруға, судьяларды тағайындаудың ашықтығын қамтамасыз етуге, 
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» 
Конституциялық заңның қабылдануына алғашқы қадамдар жасалды. 
Қорытынды 
Қызметтік міндеттерін орындамағаны үшін немесе лайықсыз орныдғаны үшін қылмыстық
әкімшілік, азаматтық-құқықтық, тәртіптік жауапкершілікке ҚР заңдарына сәйкес тартылады. 
Қызметкерлерге олардың жекебасын және өкілеттіктерін растайтын қызметтік куәліктер және 
жетондар беріледі. Жетондар прокуратура органдарының қызметкерлеріне берілмейді. Қызметтік 
куәлік адамның құқық қорғау органына қатыстылығын, оның құқық қорғау қызметіндегі 
лауазымын және арнаулы атағын немесе сыныптық шенін растайтын құжат болып табылады. 
Қызметкердің қызметтік куәлігі, мемлекеттік өртке қарсы қызмет қызметкерін қоспағанда, оның 
атыс қаруын, арнаулы құралдарды алып жүру және сақтау құқығын, қызметкерге ҚР заңнамасына 
сәйкес берілген өзге де өкілеттіктерді растайды. 
Осылайша заманауи даму мүмкіндіктерінде ҚР азаматтардың бостандығы мен құқығын қорғайтын, 
тәртіпті сақтайтын, заңдылықты нығайтатын мүмкіндіктер құрылған. Бұл тапсырмаларды құқық 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет