Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан университеті
Реферат
“Қылмыстық құқықбұзушылықтардың басқа құқық
бұзушылықтардан айырмашылығы ”
Орындаған:Жанғазықызы Ж.
Тексерген:Самуратова А,
ЖОСПАР:
Кіріспе
1.Қылмыстық құқық бұзушылвқ
2. Бейморальдық объектісі
3. қылмыстық жолмен жазаланушылық………………………………………….
Қорытынды
Кіріспе.
Құқық бұзушылық — қоғамға зиян келтіретін және заң бойынша жазаланатын қоғамға қарсы әрекет. Құқық бұзушылық: азаматтық (жеке басқа, азаматтың немесе заңды тұлғаның мүлкіне зиян келтіру, азаматтыңабыройы мен қадір-қасиетін қаралайтын мәліметтерді тарқату және т.б.), әкімшілік(ұсақ бұзақылық жол ережесі тәртібін бұзу), тәртіптік (жұмыстан кешігу, жұмысқа бармау және т.б.) теріс қылық және т.т. Құқық бұзушылықтың барынша қауіпті түрі қылмыс болып табылады.
Құқық бұзушылықтар үшін заңмен тиісінше әкімшілік, азаматтық құқықтық, тәртіптік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
Қылмыс құқық бұзушылықтың жеке бір көрінісі болып табылады. Осыған орай қылмысты азаматтық-құқылық, әкімшілік және тәртіптік құқық бұзушылықтан және бейморальдық жат қылықтардан ажырата білудің маңызы ерекше. Қылмыс пен басқа құқық бұзушылықтың өзара басты айырмашылығы құқықтық қайшылықтың мәніне байланысты. Қылмыс әр уақытта да қылмыстық заңға қайшы болады.Басқа құқық бұзушылық құқық саласының басқа нормаларына, заңдар мен мемлекеттің ең ауыр күштеу шарасы – қылмыстық жаза және содан туындайтын сотталғандық атақ болып табылады. Басқа құқық бұзушылыққа мұндай жазалау шаралары жоқ, ал қолданылған ықпал ету шаралары сотталғандық атақ әкелмейді.
Кейбір қылмыстар басқа құқық бұзушылыққа орын алмайтын қоғамдық (адамның өмірі, мемлекеттің қауіпсіздігі) қол сұғады.
Қылмысты қол сұғушылықтың объектісі бойынша айқындалатын қоғамға қауіптіліктін сипаты мұндай іс-әрекетті қылмыс қатарына жатқызуға мүмкіндік береді. Мұндай жағдайда қылмысты басқа құқық бұзушылықтан ажыратудың еш қиындығы жоқ. Кейбір реттерде құқық бұзушылықта да, қылмыста да бір объектіге қол сұғу мүмкін. Мысалы, көлік құралдарын жүргізуші адамдардың көлік құралдарының жүріс қауіпсіздігі мен пайдалану ережелерін бұзу үшін қылмыстық және әкімшілік жауаптылық белгіленген. Мұндай аралас құқық бұзушылықта қоғамға қауіптіліктің дәрежесін дұрыс анықтаудың маңызы ерекше.
Іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігінің негізгі көрсеткіші келтірілген зиян мөлшері болып табылады. Егер көлік құралдарын жүргізуші адамдардың көлік құралдарының дұрыс қауіпсіздігі мен пайдалану ережелерін бұзуы, осының салдарынан жәбірленушінің денесі орта немесе одан жоғары дәрежеде жарақатталса немесе едәуір материалдық нұқсан келтірілсе іс-әрекет қылмыс қатарына, ал көрсетілгеннен гөрі аз зиян келтірілсе, әкімшілік тәртіппен жазаланатын құқық бұзушылыққа жатады. Сонымен, келтірілген зиян мөлшері қылмысты басқадай құқық бұзушылықтан ажыратуға мүмкіндік беретін бірден-бір белгі болып табылады. Лауазымды адам болып табылмайтын мемлекеттік қызметінің қасақана әрекетті қылмыс (309 бап), ал елеулі зиян келтірмеген басқа әрекеттер тәртіптік теріс қылық болып табылады. Өзінің нақты құқығын немесе басқа адам таласа алатын жорамалды құқығын, белгіленген тәртіптен тыс өз бетінше жүзеге асыру, бұл азаматтың құқығының елеулі түрде бұзулуына әкеп соқтырса, қылмыс ретінде сараланады. Ал елеулі түрде бұзушылық жоқ болса, мұндай әрект әкімшілік жолмен жазаланатын құқық бұзушылыққа жатады.
Қылмыс пен басқа құқық бұзушылықты бір-бірінен қоғамға қауіптілік дәрежесінің көрсеткіші арқылы ажыратуға да болады. Қазақ ССР-нің 1959 жылғы Қылмыстық кодексі бойынша көп жағдайларда бірінші рет істеген құқық бұзушылығы үшін әкімшілік жазалау шаралары қолданылған адамның дәл сол іс-әрекетті қайталап жасауы қылмысқа тартуға негіз болып табылады. Мысалы, кәсіптік маңызы бар суларда рұқсатсыз немесе аулауға тыйым салынған кезде, я рұқсат етілмеген тұстарда балық аулау, су андарын аулау, суда жүргізілетін басқа бір кәсіппен айналысу, егер бұл әрекеттер бұрын да осындай тәртіп бұзғаны үшін әкімшілік жолмен айыппұл тартқаннан кейін істелген болса, ол қылмыстық жазаланатын әрекет болып табылатын. Ондай болмаған жағдайда іс-әрекет әкімшілік құқық бұзушылық ретінде қарастырылатын. Енді іс-әрекетке әкімшілік шарасы қолданылса, ол қайталану санына қарамастан қоғамға қауіптілік дәрежесіне ие болмайды, яғни қылмыс қатарына жатпайды. Әскери қылмыстарды тәртіптік теріс қылықтан ажыратуға көп жағдайда іс-әрекеттің істелген ауқыты, жағдайы, орны үлкен әсер етеді. Мысалы: соғыс уақытында өз бетімен кетіп қалу – қылмыс, ал бейбіт ауқытта істелген осы әрекет тәртіптік теріс қылық болып табылады.
Іс-әрекетті қылмыс немесе басқа құқық бұзушылық қатарына жатқызуға негіз болатын қоғамға қауіптіліктің дәрежесі қылмысты субъективтік белгілерге жататын кінәнің насындарын, ниет пен мақсаты дұрыс анықталған да байланысты. Мысалы, денені жеңіл түрде жарақаттау қылмысқа жатпайтын іс – теріс қылық, мұндай ретте келтірілген зиянды өтеу азаматтық құқық тәртібімен реттеледі. Егер лауазымды адам пайдақорлық немесе басқа бір зұлымдылық ниетпен құжаттарға жалғандық жасаса – қылмыс, ал ондай ниет болмаса, ол қылмыс болмайтын құқық бұзушылықтың түрі болып табылады.
Қылмыс пен бейморальдықтың ара қатысын дұрыс түсінудің де маңызы ерекше. Кез келген қылмыс бір мезетте моральға жат құбылыс болып табылады. Яғни, моральдық норманың ауқымы үлкен. Кез келген құқық бұзушылық бір мезетте моральдық норманы бұзушылық негізінде бағаланады. Дегенмен, қылмыс пен бейморальдық теріс қылық бірінен-бірі объекті, қоғамға қауіпкерлік, сондай-ақ құқыққа қайшылық белгілері бойынша ажыратылады.
Бейморальдық объектісі қылмыстың объектісіне қарағанда кең ауқымда болады - адамдардың өзара қатынасы, мысалы, махаббат, достық, жан ашарлық сияқты құбылыстар тек қана мораль нормалары арқылы ғана реттеледі. Бұл моральдық нормалардың объектісін құрайды. Қылмыс әр уақытта белгілі бір іс-әрекет, ал адамдардың теріс мінез құлқын, жаман ойлары, соларды айтудың өзі моральға жат құбылыс болып табылады. Қылмысқа қарағанда моральға жат теріс әрекеттер арнамысты аяққа басу, өзімшілік сияқты өзара тіркес элеуметтік – психологиялық мазмұнға ие.
Қылмыс пен бейморальдықты құқыққа қайшылық белгісі арқылы нақты ажыратуға болады. Қылмыс дегеніміз қылмыстық заң арқылы тыйым салынған іс-әрекеттер. Ал моральдық жат қылықтар құқық нормаларымен реттелмейді. Мораль нормалары ауызша (мысалы, әдет-ғұрып) немесе жазбаша (жолдастық немесе билер соттарының ережелері, адамдардың этикалық кодексі, қала тұрғындараның моральдық кодексі, Гиппократ анты) болуы мүмкін. Отбасы мүшелерінің арасындағы қатынасты реттеу мораль нормалары арқылы реттеледі. Мысалы, ата-ананың балаларға, балаларының ата-аналарына деген қамқорлығының бұзулуы немесе оқушы мен оқытушының өз арасындағы педагогикалық өнегелік нормаларының бұзулуының орын алуы мораль нормаларымен анықталады.
Балаларды асыраудан немесе тәрбиелеуден бас тарту, бұлтарту, қорғаншылық құқықтарын пайдаланып қиянат жасау, ата-анасына немесе жұбайына көмектесуден бұлтару қылмыс болып табылады.
Мұндай іс-әрекеттер үшін қылмыстық жауаптылық белгіленген. Бұл іс-әрекеттер әрі моральға жат құбылыс, әрі қылмыс, өйткені моральдық норманың ауқымы қылмыстық норманың ауқымынан кең.
Моральдық норманың қылмыстық нормадан тағы бір өзгешелігі сол. Моральдық норманы бұзған жағдайда оны бұзушыларға жұртшылықтың, жұм мүшелерінің жек көрушілігі сияқты қоғамдық әсер ету шаралары қолданылады.
Ал істелген қылмыс үшін әр уақытта заңда белгіленген белгілі бір жауаптылық түрі белгіленеді.
Қылмыстың тағы бір міндетті белгілерінің бірі қылмыстық жолмен жазаланушылық болып табылады. Өйткені, қылмыс дегеннің өзі, қылмыстық заң жазамен қорқытып тыйым салған әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады. Мұның өзі қылмыс құрамы туралы сипаттама басқадай құқылық актілерде емес, тек қылмыстық заңда ғана көрсетілетіндігін және осы іс-әрекет үшін қылмыстық заңның санкциясында жазалау қатері қарастырылатын көрсетеді
. Бұл жерде нақты істелген қылмыс үшін қолданылатын жаза мен қылмыстық құқық нормасының санкциясында көрсетілген жазалау қатері, жазалау мүмкіндігі туралы түсініктерді шатастыруға болмайды. Жазалау қатерімен қорқытып тыйым салу қылмыстың белгісі болып табылады. Нақты қылмыс істеген адамға жаза тағайындамау немесе оны қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатып, оған қоғамдық ықпал ету шараларын қолданғанда, оның іс-әрекеті қылмыс қатарынан шығып қалмайды. Өйткені, жазалаушылық қылмыстың белгісі ретінде істелген әрбір қылмыс үшін жаза тағайындалуы мүмкін екендігін, сол себепті қылмыстық заңға қайшы іс-әрекеттерді істеуге жазалау қатері тыйым салады. Нақты өмірде қылмыс істелгенімен, егер ол ашылмай қалса оған жаза тағайындалмай қалады. Кейде қылмыс ашылғанымен, сот ондай қылмысқа заңда белгіленген негіздермен жаза тағайындауды қолданбауы да мүмкін. Демек, қылмысты жазалау қатерімен тыйым салу қылмыстың белгісі, ал жаза тағайындау немесе тағайындамау іс-әрекеттің зардабының көрінісі болып табылады.
Қорытынды
Сонымен, біз қылмыстың қоғамға қауіпті, кінәлі, құқыққа қайшы және жазалаушылық сияқты қажетті белгілері бар екендігін әсте естен шығармауымыз керек.
Осы белгілер арқылы қылмысты іс-әрекетті басқа да құқық бұзушылықтан ажыратамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |