Реферат жаһандану аясындағы қазақ мәдениеті Орындаған: Жақсылық М. Ж. М-21-1к Тексерген: Уксукбаева М. Т



бет3/3
Дата02.05.2023
өлшемі409,89 Kb.
#89169
түріРеферат
1   2   3
Байланысты:
мәдениеттану

1. Музыкалық - субмәдениет – белгілі бір му­зыка ағымына қызығушылықтарына қарай бірік­кен топ;
2. Арт-субмәдениет – әннен басқа өнер түріне, анимация, жалпы хобби турасында қауымдасқан топ;
3. Интернет-субмәдениеті – Интернет қауым­дастық, жалпы виртуалды кеңістікте ортақ тіл табыс­қандар;
4. Индустриалды және спорттық субмәдениет – қалалану процесінде байланысты және футбол секілді спорт түріндегі ұстанған көзқарастарына қа­рай біріккен топ.
Батысқа еліктеушіліктің алғашқы қадамдары – Батыс музыкасына: джаз, рокен-ролл жанрларына деген қызығушылықтардан көрініс тапты. Екінші толқын, 1960-1980 жылдар аралығы. Бұл кезең, жастардың батысқа руһани қызығушылығының пайда болуы, классикалық үлгідегі музыкаға еліктеу, фанат болу, «интернационалдық» түсінігіне деген қызығушылықтың артуынан басталды. Бұл кезең Батыстың рухани құндылықтарға әсер ету кезеңі болды. Есірткі, алкогольді ішімдік, марихуаннаға деген қызығушылық белең алды. Ал 1970-1986 жылдары кеңестік қоғам нағыз еліктеу кезеңіне бет бұрды. «Металлистер», «хиппилер», «эмошылар» және т.б. қоғамдық топтар пайда болды. Күнделікті қоғам өмірінен, әлеуметтік қалыпты құбылыстардан түңілген, саяси оқиғаларға наразы, «болашақ жоқ» деген көзқарасты ұстанушы адамдардан құралған, анархистер – панк субмәдениеті. Олар өмірден қажыған, зарыққан, болашаққа деген сенімдерін жоғалтқан топтар. Алғашқы ХХ ғ. 70-жылдары Англияда болған экономикалық дағдарыс кезінде пайда болды. Панктердің шаш үлгілері де ерекше болды. Олар төбе шаштарын ұзын қылып тігінен қатырып қояды. Панктер Кеңес Одағына 1979 жылдары Андрей Панов пен әнші Виктор Цой болды.
Кейінгі жылдары Қазақстан жастарының арасында да белең алған «эмошылар». Эмо «эмоционалды» деген терминнен алынған. Эмоционалды музыка тыңдағанды ұнататын топ. Қазіргі күнде музыканың бұл түрі: эмокор, эмо-рок, кибер-эмо, панк-эмо, эмо-вайоленс, скримо, френч-эмокор хардкор-сан-диего және т.б. болып бөлінеді. Эмошы жастар тек эмоционалды музыка тыңдауға ғана әуес емес. Олар өмірдегі барлық оқиғаларға эмоционалды тұрғыда қарайды. Олардың киім үлгілері қара түс пен күлгін түстің үйлесімділігінен тұрады. Еліміздің де қала көшелерінен жоғары мектеп оқушылары, студенттері арасында күлгін-қара түсті киінген, көздерін қою қараға бояп алған қыз балаларды да кездестіріп қаламыз. Міне мұндай топтар біздің елдегі «эмошылар».
Арнайы топтарға бірікпейтін, индивидуалды түрде компьютер қолданушы программистер қатарына жататын – хакерлер де субмәдениет түріне жатады. Хакерлердің мақсаты – бөтен сайттарды бұзып кіру, вирус енгізу болып табылады. Алғаш хакерлер 1988 жылы электронды әлемге шықты. Хакерлердің арасында шпионаждықпен де айналысатын топтар бар. Бұл топқа әсіресе, математика пәнінің үздік маманы, копьютерді жақсы меңгеретін топ өкілдері бейім болады. Яппилер – белсенді қызмет ететін жастардан тұратын жеке дара адамдар қатары. Жоғары жалақысы бар, киім үлгілері де ресми, фитнес орталықтарына барып тұратын топ өкілдері. Олар жетістікке ұмтылатындар қатарына жатады Жоғарыда аталған субмәдениеттер дүниежүзі жастарына тән. Кез келген топтың өзіндік белгілері бар. Қоғамда сол белгілері арқылы ерекшеленеді. Олардың өзгешеліктері айналасындағы адамдарға қарағанда айқын байқалады.
Әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор А.Н.Тесленко Қазақстандағы жастар арасындағы субмәдениетке деген қызығушылыққа зерттеу жүргізген. Өзінің ғаламтордағы жеке сайтына жариялаған сұхбатында; «Қазақстан жастарының ондай топтарға деген қызығушылықтың төмен екендігін» айтады. Себебі біздің ментальдық ерекшелігіміздің, тәрбиеміздің, салт-дәстүрді ұстанатындығымызға байланысты қазақ жастарының арасындағы еліктеушілік экономикалық, не саяси емес, мәдени тұрғыда жүзеге асатындығын айтқан. Қазақстан жастарына «субмәдениет» ұғымы таныс болғанымен оған түбегейлі бетбұрыс жоқ деген пікірде.
Иә, қазіргі дәуір – қарқынды даму дәуірі, жаһандану кезеңі. Осы жаһандану дәуірінде куә болып отырған: түрлі дүниежүзілік дамулар, үрдістер, ағымдар, ұғымдар мен түсініктер бүгінгі жастың салт-санасын жойып жіберуіне жол бермесе екен деген ой бар. Әрбір жаңа толқынның ақ-қарасын ажыратуына ыпал ете отырып, әлемнің субмәдениетті ұстанатын жастарына тым артық еліктеп біздің де қоғам жастары: байкер, эмо, хиппилер және т.б. топ өкілдеріне айналмаса екен, деген мақсатта – «субмәдениет» ұғымын, оның жағымсыз тұстарын барынша насихаттап, түрлерін айқындау бүгінгі күннің басты принципі деп есептейміз.
Келешекте дұрыс қоғамды қалыптастыру үшiн осындай бөтен мәдениет түрiн қабылдамаудың жолын шешу керек. Керiсiнше, өзiмiздiң қазақы дiлiмiз бен мәдениетiмiзге тән ерекшелiктерiмiздi тануға тиiспiз. Ұмыт қалған салт-дәстүрiмiздi қайта жаңғыртып, дамытып, өзiмiздiң қазақ деген атқа лайық мәдениеттi, оның салаларын қазiргi жастарға насихаттау керек. Бүгінде мектеп, университет және отбасы жастарға жай «бақылаушы» позициясын ұстанбаулары керек, керісінше, жеке адамның бүкіл қоғам мүддесін игеру үшін жарыс мүмкіншілігіне тең дәрежеде ұмтылу позициясын қамтамасыз ету керек.
Бүгінгі күнде еліміздің үштен бір бөлігін құрайтын жастар - келешек қоғамның жарқын болашағын қалыптастыратын стартегиялық мақсаттарды жүзеге асырушысы екені мәлім. Сондықтан жастардың білімді, дәстүрмен қатар өз заманнның озық діни құндылықтарын меңгерген, бәсекеге қабілетті болғаны абзал. Осы тұста жастардың дұрыс әлеуметтенуімен қоса ұлттық құндылықтарда тәрбиеленудегі маңызы зор. ҚР-ның тұңғыш президенті Н. Назарбаев өзінің Қазақстан халқына арнаған 2012 жылғы «Әлеуметтік-экономикалық дамуды жаңғырту – Қазақстанның басты бағыты» атты Жолдауында қазіргі қазақ жастарының құндылықтық бағдарларындағы ұлттық құндылықтардың рөлін анықтап берді. Әлемдегі ғаламдану үдерісі, қоғамның рухани адамгершілікті қамтитын мәдениеттердің өзара байланысы және этномәдени дәстүрлер мен жалпыадамзаттык құндылықтардың құрамды бөлігі ретіндегі ұлттық құндылықтар негізінде тұлғаны қалыптастыруды алдыңғы қатарға шығарады. Бұл тұрғыдан рухани адамгершілігі қалыптасқан ұрпақты тәрбиелеуде ғасырлар бойы жинақталған өмірдің мәні туралы халықтың мәдени мұраларын, даналық ұлағаттарды пайдалануы жоғары деңгейде маңызды болмақ.
Дәстүрлі дініміздің, әр бір ұлттың ерекшеліктерін ескеріп, салт-дәстүрімізбен құндылықтарымыздың озығын негіздей отырып, қоғамға оң көзқарасты тәлім ұсыну әр бір азаматтардың міндеті екенін ұмытпауымыз керек. Сол үшін бабалардан келе жатқан рухани мәдениетімізді әрі қарай жалғастыруымыз керек.
Қазақ ақыны Мұхтар Әуезовтің: «Абай адамгершілікті, моральдық философияны барлық жайдан жоғары қойды», – деген ойы ақын танымын терең танудан туған. «Философиялық ойдың даму тарихында «адам» ұғымының алатын орны орасан зор», - деп философ Сократ айтпақшы, Абай даналығы Конфуций мен Сократ сынды адам және оның ізгілік пен рухани дамуға ұмтылысы сияқты құнды ерекшелікке аса мән береді. Көпғасырлық тарихымызда игеріліп, соңғы отыз жылда ескерусіз қалған рухани және моральдық ерекшеліктері басым құндылықтарымызды шашау шығармай жинап алатын уақыт келді. Соларды қайта тірілтуге һәм жандандыруға бүгінде негіз бар, себебі, материалдық жетістікке жету идеясы түкке алғысыз болып қалғаннан кейін барша әлем қазір ізгілік идеясына қайтадан аса мұқтаждық кешуде. Рухани құндылықтар мен адамгершілік нормалары өркениет дамуының нәтижесі екенін айттық. Қоғамдық байланыстарды бұзып, рухани өмірдің дағдарысына, адамгершіліктің құлдырауына жеткізіп болған қоғамдық апаттар, табиғи және әміршілдік режимдер бұл күні өз шарықтау шегіне жетіп отыр. Өркениет игіліктеріне әбден бейімделген адамзат табиғаттан алыстап, оның заңдылықтарымен өмір сүру ережелерін естен шығарып жатады. Әлемдік тарихи даму жолында бұл аса маңызды рөл атқарады. Өркениетті қоғамдағы өмір сүру заңдылықтары адамгершілік нормаларына сәйкес болған жағдайда ғана ізгілікті қоғам идеясы іске асады. Алайда адам баласына тән асыл һәм жаман қасиеттер қазақтың да бойынан табылатын. Абай өз ортасын мысалға ала отырып, осы күллі адамзатқа ортақ қасиеттердің оң мен терісін ақыл таразысына салып, адамзат игілігіне ұсынды. Сондықтан біз Абайды ойшыл дейміз. Оны Сократ, Конфуций сынды әлем ойшылдары санатына көтеру – біздің парызымыз!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет