6-сурет. а) Люммер-Бродхун кубшесі б) Люммер-Бродхун
кубшесі бар фотометр
Егер бұлардың жарықталынуы тең болмаса, олардың шекаралары айқын кӛрініп тұрады, тең болса жапсары білінбейді. Ӛлшеу жүргізілгенде S1 және S2 жарық кӛздерін жылжыта отырып осы дақтардың жарықталынуы теңгеріледі, r1 мен r2 ара қашықтықтары ӛлшенеді. (7) формула бойынша алынған жарық кӛздерінің жарық күштерінің қатынасы (I1/I2) табылады. Егер бұлардың біреуінің жарық күші мәлім болса, екіншісінің жарық күшін анықтауға да болады.
Бұл айтылған визуальдық әдістер бір түсті жарықтың күштерін ӛлшеуге ғана қолданылады, бұлар түсі екі түрлі жарықтың күштерін салыстыруға жарамайды, ӛйткені түсті жарық сәулелері түскен жапсарлас екі беттің жарықтылығы бірдей екндігін тікелей кӛзбен кӛріп дәл анықтау мүмкін емес.
Объективтік әдістер қолданып жарық шамаларын ӛлшегенде кӛмекші жарық қабылдағыш, мысалы, фотоэлемент орнатылған фотометрлер пайдалынылады. Осындай фотоэлектрлік фотометрлердің қызмет істеу принципі фотоэлектрлік токтың фотоэлементке түскен жарық ағынына пропорционал болатындығына негізделген. Фотоэлементпен жалғастырылған гальванометрдің шкаласы жарық бірліктерін, мысалы, люкс санын, кӛрсетерлік етіп градуирленеді. Осындай аспап люксметр деп аталады. Люксметрдің фотографияға түсірілетін нәрсенің жарықталынуын білу үшін, демек экспозиция уақытын анықтау үшін пайдалынылатын бір түрі фотоэлектрлік экспонометр деп аталады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Мәженов Н.А.; Тұрмұхамбетова Е.Т. Оптика, Қарағанды, 2002.
Полатбеков П.П. Оптика. Алматы, Мектеп, 1981.
Борн М., Вольф Э. Основы оптики. М., Наука, 1973.
Годжаев Н.М. Оптика. М.: Высшая школа, 1977.
Матвеев А.Н. Оптика. М.: Высшая школа, 1985.
Сивухин Д.В. Общая физика. Оптика. М.: Наука.1980.
Ландсберг Г.С. Оптика. М., Наука. 1976.
Звелто О. Принципы лазеров. М.Мир; 1990.
Фриш С.Э., Тиморева А.В. Курс общей физики, т.3. Л.; Физматгиз, 1962.
Достарыңызбен бөлісу: |