ІІ.Негізгі бөлім
Қой өнімдерін өндіру технологиясы және сапасын жақсарту
Қой шаруашылығы Қазақстан Республикасында басқа мал шаруашылығы салаларының ішіндегі ертеден келе жатқан дәстүрлі бірден-бір жетекші сала болып табылады. Қой тұқымдарының барлығы негізінен ет алуға пайдаланылады, содан кейінгі үлесті жүн, елітірі, май, сүт өнімдері алады.
Қазіргі жағдай елімізде қой шаруашылығы өнімдерін өндіруді дамытып, қой өнімдерін өңдеу технологиясын жетілдірудің мәні зор екенін дәлелдейді. Қой шаруашылығын нарық заманына экономикалық жағынан тиімді етіп өсірудің кілті, ғылым мен озық тәжірибенің берік бірлігінде.
Соңғы жылдарда дүние жүзінде ауыл шаруашылық ғылымдарының қатарыда қой жөніндегі ғылым да сан алуан жаңалықтармен, жаңа технологиялармен, селекция әдістерімен байытылды. Соның ішінде қой шаруашылығының қазіргі таңдағы жетістіктерін әрі қарай жетілдіріу мақсатында жас мамандарға тәжірибелік жұмыстар жүргізіп өз білімдерін жетілдіру мәселесі алда тұр. Осыған байланысты бұл кітапта алға қойылған мақсат тәуелсіз мемлекетіміздің мал шаруашылығына маман дайындайтын оқу орындары мен факультеттерінің студенттеріне пән бойынша алған білімдерін тереңдетуге, зертханалық сабақтарды ғылыми-зерттеу жұмыстарымен ұштастыруға сонымен бірге сабақтан тыс уақытта өздігінен дайындалуға да арналған. Бұл оқулықта мынандай негізгі мәселелер қарастырылып отыр:
- қой малының өсуі мен дамуы, сыртқы түр-сипаты, өнімділігі, қой өнімдерінің, қой малының сыртқы пішінімен, бітімімен байланысы және оларды анықтау жолдары;
- қой шаруашылығы өнімдері жүн, ет, елітірі, тоңдық тері, мәйек.Қой шаруашылығы өнімдерін өңдеу негізі, дайындау стандарттары, қой өнімдеріне (жүн, ет, елітірі, тері) қойылатын физикалық-техникалық-технологиялық талаптар жөніндегі нұсқаулардың негізгі ережелері (шикізат ретінде), қой өнімдерінен алынатын тауар-бұйымдар ерешеліктері;
- қойдың жоспарлық тұқымдарына (биязы жүнді, жартылай биязы жүнді, жартылай қылшық жүнді және қылшық жүнді қой тұқымдары) сипаттама бере келіп олардың тұқымдық ерекшелігіне тоқталу;
- қой бонитировкасы бойынша жалпы жұмыстары, қой тұқымын өз төлі есебінен көбейтіп, өсіріп-жетілдіру, сапасын жақсарту, қой қоздату жоспарын құру.
Жер бетінде әртүрлі өнімділік бағытытындағы 600 ден астам қой тұқымдар өсіріледі.
Барлық қой тұқымдары өніміне қарай жіктеуге сәйкес 8-бағыттағы топтарға бөлінеді.
І-биязы жүнді қой тұқымдары. Бұл қойлар өз арасында жүн өнімділігіне қарай жүнді, жүнді-етті, етті-жүнді болып үш топқа бөлінеді.
ІІ-биязылау жүнді бағыттағы қой тұқымдары өзара екіге бөлінеді. Бірінші жүнді-етті бағыт. Бұл бағытқа Цигай қойы мен биязылау жүнді Грузин қойы жатады. Екінші етті-жүнді бағыт. Оның өзі үшке бөлінеді:
а) ұзын жүнді: бұл топқа линкольн, ромни-марш, корридел типтес биязы жүнді-қойлар жатады;
б) қысқа жүнді: бұл топқа гемпшир, шропшир, суффольк, горький тұқымдары және солардың будандары жатады;
в) биязылау жүнді бағытқа осы жоғарыда келтірілген қой тұқымдары негізінде шығарылған биязы жүн беретін көптеген кроссбред және кросбредтиптес жүн беретін қой тұқымдары да жатады. Олардың саны жылдан жылға көбеюде. Корридель қойлары да осы топқа жатады.
ІІІ - ұяң жүнді қойлар тобына ұяң жүн беретін сараджа, тәжік, алай, қазақтың ұяң жүнді қойлары жатады.
ІҮ - тондық тері беретін қой тұқымдары тобына Романов, солтүстіктің қысқа құйрықты қойлары, құлынды қойы жатады.
Ү - елтірілік бағытқа-қаракөл, сокол, решетиловка, чушке, малич қой тұқымдары жатады.
ҮІ - етті-майлы бағытқа –гиссар, еділбай, қазақтың, қырғыздың қылшық жүнді қойлары, жайдары т.б. азия елдерінің құйрықты қойлары жатады.
ҮІІ - етті- жүнді қылшық жүнді бағытқа – волын, кучугур, михновка, черкес, баку қой тұқымдары жатады.
YIII – етті-жүнді – сүтті (әмбебап) бағытқа тауда өсетін Балбас, Мазех, Қарашай, Лезгин, Дағыстан, Бурят қой тұқымдары жатады.
Қазақстанда қой шаруашылығы негізінен төрт бағытта өркендеп келеді Олар биязы жүнді, жартылай биязы жүнді, қылшық жүнді және ұян жүнді қой шаруашылықтары.
Ұрпағының сапасы бойынша қойларды тексеру, шығу тегі, меншікті өнімділігі бойынша сұрыптаудан кейін, қойдың тұқымдық сапасын анықтау кезіңде қорытынды кезең болады және олардың тұқым қуалаушылық сапаларын анықтауға мүмкіндік береді.
Жасанды жолмен ұрықтандыруды кеңінен қолдануға байланысты өндірушінің табын сапасына әсер етуі күрт өсті, және сондықтанда қойларды ұрпақтарының сапасы бойынша тексеру зор маңызға ие.
Тексеріліп отырылған қойлардың ұрпақтарын бағалау үшін, мынадай келесі әдістер қолданылады:
-қойлардың қыздарының өнімділігін, анасының өнімділігімен салыстыру: «анасы – қызы» деп аталатын әдіс.
-қойлардың қыздарының өнімділігін құрдастарының өнімділігімен салыстыру.
-өндірушінің ұрпақтарының өнімділігін табын бойынша орташа көрсеткішпен салыстыру.
Аса маңызды сұрыптамалық көрсеткіштер мен қасиеттерді тұқым қуалау дәрежесі бойынша, яғни асыл тұқымдық артықшылығы бойынша, ұрпағының сапасы тексерілетін қойлар келесі категорияларға бөлінуі мүмкін: нақты жақсартушы, мұнда айырымдық нақтылық көрсеткіші +2ге тең және одан жоғары; орташа (бейтарап) - +1,9-дан –1,9 дейін; нашарлатушылар, мұнда айырымдылық нақтылығы –2ге тең және төмен.
Халықтың үдемелі өсімін қажетті азық-түлікпен, әсіресе етпен қамтамасыз ету - әр мемлекеттің өзекті мәселесі. Әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінде (АҚШ, Еуропа елдері) жан басына шаққандағы ет тұтынысы 80 кг. және одан жоғары болса, басқа мемлекеттерде (Африка елдері) бұл көрсеткіш бар болғаны 20 кг. құрайды. Мал шаруашылығын дамытуда үлкен әлеуетке ие Қазақстан ресми деректер бойынша жан басына 70 кг. ет өндіреді.
Республикада қой еті өндірісін арттыруда қойлардың етті тұқымдарын, әсіресе биязы жүнді қой шаруашылығында етті тұқымдар шығарудың маңызы зор. Бұл жұмыстар арқылы жүн түсімін кемітпей, қойдың тірідей салмағын 15-20%-ға арттыруға болады.
Президент Н.Ә.Назарбаев халық шаруашылығында тиісті іс-шараларды дер кезінде іске асыру үшін шетелдер экономикасының жағдайы мен даму бағыттарын үнемі бақылау қажеттілігін атап көрсетті. Мысалы, әлемдегі ең жіңішке жүн өндіретін Австралияда 1980 жылдары 180 млн.-нан астам қой болса, бүгінгі күні профессор К.Разумеевтің хабарлауынша, (Ресейлік асыл тұқымды қойлар көрмесіндегі баяндамасы, Элиста қаласы, 26 мамыр 2011 ж.) олардан 67 млн. бас қана қалыпты. Австралиялықтар босаған аймақтарда етті ірі қара өсіріп, ал жүнді-етті қой шаруашылығын дәл осындай жүн беретін етті-биязы жүнді тұқымдармен алмастыруда.
Халықтың үдемелі өсімін қажетті азық-түлікпен, әсіресе етпен қамтамасыз ету - әр мемлекеттің өзекті мәселесі. Әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінде (АҚШ, Еуропа елдері) жан басына шаққандағы ет тұтынысы 80 кг. және одан жоғары болса, басқа мемлекеттерде (Африка елдері) бұл көрсеткіш бар болғаны 20 кг. құрайды. Мал шаруашылығын дамытуда үлкен әлеуетке ие Қазақстан ресми деректер бойынша жан басына 70 кг. ет өндіреді.
Республикада қой еті өндірісін арттыруда қойлардың етті тұқымдарын, әсіресе биязы жүнді қой шаруашылығында етті тұқымдар шығарудың маңызы зор. Бұл жұмыстар арқылы жүн түсімін кемітпей, қойдың тірідей салмағын 15-20%-ға арттыруға болады.
Президент Н.Ә.Назарбаев халық шаруашылығында тиісті іс-шараларды дер кезінде іске асыру үшін шетелдер экономикасының жағдайы мен даму бағыттарын үнемі бақылау қажеттілігін атап көрсетті. Мысалы, әлемдегі ең жіңішке жүн өндіретін Австралияда 1980 жылдары 180 млн.-нан астам қой болса, бүгінгі күні профессор К.Разумеевтің хабарлауынша, (Ресейлік асыл тұқымды қойлар көрмесіндегі баяндамасы, Элиста қаласы, 26 мамыр 2011 ж.) олардан 67 млн. бас қана қалыпты. Австралиялықтар босаған аймақтарда етті ірі қара өсіріп, ал жүнді-етті қой шаруашылығын дәл осындай жүн беретін етті-биязы жүнді тұқымдармен алмастыруда.
Кеңес одағы ыдыраған соң, Қазақстанда биязы жүнді қой саны 10 есе азайды, ал етті-майлы қылшық жүнді және ұяң жүнді қой шаруашылығы дамып, мұндай қойлардың саны қазіргі таңда республикадағы қой басының 70%-ын құрайды. Себебі, жүнді-етті биязы жүнді қойлармен салыстырғанда осы бағыттағы қойдан алынатын ет-май өнімдерінің мөлшері көп және оларды өсірудің экономикалық тиімділігі жоғары.
Қойдың 1 кг. жүнімен салыстырғанда тірідей салмақтың 1 кг. қосымша өсіміне 8-10 есе аз азық жұмсалатыны белгілі. Оған қоса, 1 кг. жүннің бағасы 1 кг. етке қарағанда 3-4 есе арзан, яғни жүннің бағасы 300-350 теңге болса, еттің бағасы 1100-1300 теңге. Қой шаруашылығындағы негізгі өнім өндіруші ретінде саулық жылына 8-10 АҚШ доллары тұратын жүн берсе, ол әдетте, құны 80-100 АҚШ доллары тұратын 1 қозыны дүниеге әкеліп, 4-4,5 айлығына дейін өсіреді. Осыған байланысты, өнім өндірісінің жалпы көлемінде еттің үлесі 90% құрайды. Кейбір мәліметтер бойынша, Еуропадағы 160 млн. бас құрайтын қой шаруашылығында қой етінен түсетін табыс 97% екен.
Қазақстанда қой етін өндіру - ет және ет өнімдері өндірісін арттыруда басты бағыттардың бірі. Сол себепті, халық шаруашылығы үшін жоғары сапалы қой еті мен жүн өнімінің көп мөлшерін өндіруге мүмкіндік беретін етті бағыттағы биязы жүнді қой шаруашылығын дамытудың маңызы зор. Әлемдік биязы жүнді қой шаруашылығының даму үрдісіне қарай біздің республикада етті бағыттағы биязы жүнді қойдың (етті мериностардың) жаңа тұқымын шығару жұмыстары 1981 жылы басталды. Бірінші кезеңде - 1981-1990 жылдары Алматы және Талдықорған облыстарының шаруашылықтарында 1 саулықтың таза жүн түсімі 3,0 кг. және ет өнімі 45-48 кг. болатын қазақтың биязы жүнді қой тұқымының жоғары өнімді отарлары мен желілерін құру көзделді.
Екінші кезеңде - 1991-2000 жылдары қазақтың биязы жүнді қой тұқымының тұқымішілік типтерін құру жоспарланған. Бұл жұмыстардың нәтижесінде ірілігімен және өте жақсы жүн өнімділігімен сипатталатын «Сарыбұлақ» тұқымішілік типі шығарылып, Қазақстан Республикасы мал тұқымдарының мемлекеттік реестріне енгізілді.
Үшінші кезеңде - 2001-2010 жылдары жаңа «Етті меринос» бағытындағы биязы жүнді қой тұқымы шығарылды.
Зерттеулердің алғашқы екі кезеңінде аналық тұқымның жүн өнімділігі мен сапасын арттыру үшін «стронг» типіндегі австралиялық мериностар мен полварстар пайдаланылды. Тұқым шығару жұмыстарының соңғы үшінші кезеңінде қазақтың биязы жүнді қойларын таза тұқымды өсірумен қатар, Германиядан әкелінген «дойче меринофлейшшаф» етті бағыттағы биязы жүнді қой тұқымының қошқарларымен будандастыру қолданылды.
Іріктеудің басты мақсаты - қойылған талаптарға сай келетін, негізгі пайдалы, әсіресе етті қасиеттері айқын және тұқым қуалаушылық қасиеттері жақсы қойларды бөліп алу.
Негізінен қойлар жыл бойы отарлы-жайылымдық жүйеде өсіріліп, қар қалың жауған қысқы мезгілде қосымша азықтандырылды. Қойларды азықтандыру деңгейі ұсынылған нормаларға сай болды, бұл жағдай отардың селекциялық деңгейіне байланысты қалыпты өсуін, дамуы мен өнімділігін арттыруды қамтамасыз етті.
Біртекті және әртекті немесе жақсартушы жұптау негізгі селекциялық белгілер бойынша жүзеге асырылды: малдардың типі, еттілік пішіндерінің дамуы, тірідей салмағы, жүн түсімі, оның ұзындығы мен жіңішкелігі, талшықтардың иректілігі, дененің негізгі бөліктеріндегі жүннің ұзындық пен тығыздық бойынша біркелкілігі, шайырдың сапасы мен мөлшері.
Мал қасиеттерінің максималды және минималды көрсеткіштері бойынша гомогенді (біртекті) жұптау тиісті малдарға тән селекциялық белгілерді бекіту мақсатында жүргізілді. Жұптаудың бұл әдісі алынатын төлдің жоғары өнімділік қасиеттерін күшейтуге, тұқым қуалаушылық қасиеттері мықты қойларды шығаруға мүмкіндік береді.
Жекелеген біртекті жұптауда ұнамды типтегі малдарды тез алу үшін қойылатын талаптарға толық сай келетін, сырт пішінінде және басқа да кемшіліктері жоқ қойлардың ұсақ топтарында туыстас, оның ішінде жақын қанды жұптаудың әртүрлі деңгейлері қолданылды. Шағылыстыруға іріктелген саулықтар ірі, дене бітімі мықты болған. Тірідей салмағы 65-70 кг.-дан төмен емес, таза жүн түсімі 2,5-3,0 кг.
Қазіргі кезде жаңа тұқым қойларын өсіретін негізгі аймақта - Алматы облысының Талғар, Кербұлақ және Ескелді аудандарында 300 мыңнан астам қой бар. «Алматы тұқымды мал зауыты» ӨК-те селекциялық жұмыстар 4 желі бойынша жүргізіледі. Олардың біреуінің негізін қалаушы №113 аталық қошқар денесінің ірілігімен, еттілік пішіндерінің айқындылығы және дене тұрқының ұзындығымен ерекшеленді. Бұл желінің жалғастырушылары да осы белгілерге ие.
Келесі желінің негізін қалаушы № 707 аталық қошқар да еттілік пішіндерімен сипатталды, бірақ оның бойы аласа болды. Бұл қошқардың тұқымы да осы бағытта іріктелуде.
Үшінші желінің негізін қалаушы № 719 аталық қошқар тірідей салмағының орташа тәуліктік өсімі және дамыған бұлшық еттері бойынша Германияда жоғары бағаға ие болған. Шаруашылықта алынған ұрпақтар да осы белгілермен ерекшеленеді.
Келесі желінің негізін қалаушы өзіміздің шаруашылықта өсірілген №08295 аталық қошқар ұзын жүнімен, айқын байқалатын еттілік пішіндерімен ерекшеленеді, алынған төлдер де осы белгілерге ие.
«Сарыбұлақ асыл тұқым» ӨК-тің құрамына кіретін «Арай» шаруа қожалығындағы қойлардың өнімділігі өте жоғары. Саулықтардың тірідей салмағы (550 бас) жылдар бойынша орта есеппен 70-72 кг., жүн түсімі 6,5-7,0 кг., тұсақтар, тиісінше 60-62 кг. және 6,0-6,3 кг. құрады.
Тұқымның өзіне тән ерекшеліктері еттілік пішіндерінің айқындылығы, денесінің жұмырлығы, жоғары деңгейдегі тірідей салмағы мен өсуінің жылдамдығы, тұқылдығы (мүйізі жоқ) ұрпақтан-ұрпаққа жақсы тұқым қуалайды. Желілеп өсіру, қошқарларды саулықтарға біртекті жұптау нәсілдік белгілердің тұқым қуалау константтылығын арттырады.
Достарыңызбен бөлісу: |