Иондық каналдар
– клетканың мембранасындағы ірі ақуыздық молекулар
және молекула үстінде орналасқан липопротеидты құрылымдар.
Олар мембрана арқылы иондардың клеткадан сыртқы ортаға және кері
қарай өтуін қамтамасыз етеді.
1972 жылы Синджер мен Николсон биологиялық мембрананың моделіне
сәйкес биологиялық мембрана сұйықтық– мозаикалық құрылымды. Сұйық
фосфолипидты мембраналық қабатта ақуыз молекулалары жүзіп жүреді.
Иондарды каналдар арқылы трансмембранды тасу –организмде болатын
барлық биоэлектрлі құбылыстардың бастауы.
Мембрананың өтімділігі әртүрлі заттар үшін
липидтердің зарядталған бастарында туындайтын, мембранаға көбінесе
теріс заряд беретін беттік зарядқа тәуелді. Бұдан мембрана-су шекарасында
сол белгідегі фазааралық потенциал, мембранадағы заряд туындайды.
Потенциалдың бұл шамасы мембрана мен ионды байланыстыратын
үрдістерде үлкен роль атқарады.