Реферат «Капитал бағасы тұжырымдамасы»



Дата06.10.2022
өлшемі127,62 Kb.
#41608
түріРеферат


Реферат


«Капитал бағасы тұжырымдамасы»
Қабылдаған:Төлебаева Ж.Б
Орындаған:Жаманқұл А.

АЛМАТЫ, 2021


Әр компанияның әрекет жасау мүмкіндігі оның қаржыландыру


көздерінің болуына байланысты. Олар экономикалық табиғатымен, пайда
болу әдістерімен, шұғылдану әдістері және уақытымен, тіршілік
ұзақтылығымен, басқару дәрежесімен анықталады. Бірақ, ең негізгі қаражат
көздерінің сипаттамасы - бұл капитал бағасы. Капитал бағасы
тұжырымдамасының мәні – кәсіпорынның қаржы көздеріне қызмет ету оған
біркелкі дәрежеде әсерін тигізбейді. Қаржыландырудың әр көзінің құны
болады, мысалы банктік несие үшін пайыз төлеу керек.
Капитал бағасы кәсіпорынның шарасыздыққа ұшырамауына және
қаржыландыру көзін қамтамасыз етуге қажетті табыстың ең төмен деңгейін
көрсетеді. Капитал бағасын сандық бағалау инвестициялық жобаларды
талдауда, кәсіпорын қызметін қаржыландыру нұсқауларын таңдауда
маңызды орын алады.
Капитал нарығының тиімділік тұжырымдамасы
Нарықтық экономика жағдайында көптеген компаниялар капитал
нарығымен әр түрлі дәрежеде байланыста болады. Ірі компаниялар кредитор
рөлінде де, инвестор ролінде де көрінеді, ал ұсақ компаниялар инвестциялық сипаттағы қысқа мерзімді мәселелерді шешумен шектеледі. Алайда,
операциялар белсенділігі сияқты, капитал нарығында шешім қабылдау және
жұмыс бағытын таңдау капитал нарығының тиімділік тұжырымдамасымен
тығыз байланысты болады.
Капитал нарағына қосымша ретіндегі «тиімділік» термині экономика
тұрғысынан емес, ақпарат тұрғысынан түсіндіріледі, яғни нарық тиімділігінің
дәрежесі оның ақпаратқа қанықтылық дәрежесімен және нарыққа
қатысушылардың ақпаратқа қол жеткізу дәрежесімен сипатталады.
Қарастырылып отырған тұжырымдама ғылыми әдебиеттерде «нарық
тиімділігінің гипотезасы» деп белгіленген.
Осы гипотезаға сәйкес, нарыққа қатысушылар ақпаратқа толық және
еркін қол жеткізе алған жағдайда, акцияның бағасы оның нақты құнының ең
жақсы бағалануы болып табылады. Нарық тиімділігі жағдайында кез келген
жаңа ақпарат түскеннен соң, акция және де басқа қағаздар бағасына әсер
етеді.
Нарықтың ақпараттық тиімділігіне қол жеткізу үшін төмендегідей
талаптар орындалуы тиіс:
- Нарыққа сатушылар мен сатып алушылардың алуан түрлілігімн көп
болуымен тән;
- Капитал нарығының барлық субъектілеріне ақпарат бір уақытта
жеткізіледі және оған ие болу үшін ешқандай шығын қажет емес;
- Трансакциялық шығындар, салықтар және мәміле жасауға кедергі
жасайтын өзге де факторлар болмйды;
- Жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның жасалған мәмілесі нарықтағы
жалпы баға дәрежесіне ешқандай әсер тигізбейді;
- Нарықтың барлық субъектілері өздері күткен пайданы неғұрлым
көбейтуге тырысып, оңтайлы жағдай жасайды;
- Нарықтың барлық қатысушылары құнды қағаздар мәмілесінен үстеме
пайда таба алмайды.
Нарық тиімділігінің үш формасы бар:
- Әлсіз. Әлсіз форма жағдайында акциялардың айналымдағы бағасы
алдағы кезеңдегі баға динамикасын көрсетеді. Әлсіз формада баға
динамикасы туралы статистикалық мәліметтер негізінде курстың төмендеуі
немесе жоғарылауы туралы болжауға болмайды.
- Орташа. Баршаға бірдей жететін ақпарат тез арада бағаға әсер
ететеіндіктен арнайы ақпараттық талдау агентіктерінің мәліметін, эмитент
есебін, баға статистикасын талдаудың қажеті жоқ.
- Күшті. Тиімділіктің күшті формасы осы уақыттағы бағалар ақпаратты
ғана емес, жариялануы шектеулі мәліметтерді білдіреді.










Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет