Инновациялық мүмкіндіктердің көздері.Инновациялардың көздері ұйымның ішінде де сыртында да болады. Ұйымның сыртқы ортасында екі түрлі инновация көзін бөліп қарауға болады:
1. ұйымның фондық ортасының (макроорта) өзгеруі;
2. іскер ортаның өзгеруі.
Фондық ортаның өзгеруі – бұл саяси, экономикалық, ғылыми-техникалық, әлеуметтік, экологиялық және құқықтық факторлардың өзгеруі.
Макроортаның жоғарыда аталған факторларының өзгеруіне зерттеу мен талдау жасау үшін PEST – талдау әдістері қолданылады.
Инновациялық менеджмент тұрғысынан алғанда неңұрлым көп қызығушылық ғылыми-техникалық факторларға болады. Ғылым саласында өз қызметіне сәкес келетін жаңа ашылымдар мен жасалымдарды уақытында бақылай алмаған фирмалар футуро-шокты сезінуі мүмкін, яғни бәсекелестік позициялардың әлсіреуі, фирма өнімінің жылдам ескіруіне байланысты шаруашылық қызметтегі құлдырау.
70-жылдары компьютер шығаратын ірі американдық фирмалар кремний микросхемалары алып келетін артықшылықтарды байқай алмаған. Алайда, екі жас американдық 1300 доллар салып әлемдегі ең алғашқы жеке компьютерді жинақтаған. 4 жыл өткен соң олар құрған «APPLE» фирмасының табысы 200 млн. долларды құраған.
Ғылыми-техникалық факторларды зерттеуде фирма айналысатын қызметтен алыс болып көрінетін және сабақтас саладағы ғылымдарға назар аудару қажет. Мұнда жасалған ашылымдар біршама уақыттан кейін көптеген өндірістік және өндірістік емес салаларға таралуы мүмкін. Бұған жарқын мысал – медицинада, білім беруде, станок жасауда және т.б. салалардың барлығында дәстүрлі технологиялардың орнына қолданылатын микроэлектрониканың дамуы.
Ғылыми-техникалық және экономикалық факторлардың өзгеруін болжау үшін Кондратьевтің шаруашылық конъюнктура циклдарының теориясы қолданылады. Ғылыми-техникалық факторлардың өзгеруін қосымша зерттеу техникалық прогресс тенденцияларын талдау әдістерінің тобының көмегімен жүргізіледі.
Іскер ортада инновациялық мүмкіндіктерді іздеу үшін фирманың іскер әріптестерінің инновацияларын зерделеп, бақылау қажет, мысалы, тізбектік реакциямен фирманың өзінде инновациялық үрдіс жасауы мүмкін шикізат пен қондырғыларды жеткізушілерді. Бәсекелестердің инновациялық қызметі – инновациялық мүмкіндіктерді іздеудің келесі маңызды бағыты. Алайда, егер бұл қызмет динамикалық және тиімді, онымен қоса қатаң құпияланған болса, онда фирманың артта қалушылар қатарына түсу қаупі бар.
Фирманың өнімін тұтынушылар инновациялық идеялардың маңызды көзі болып табылады. Осы инновация көзін қолданудың үш бағытын бөліп қарауға болады:
1. Тұтынушылардың қажеттілігінің өзгеруін бақылау және байқалмайтын қажеттіліктерді анықтау. Тұтынушылардың қажеттіліктерінің өзгеруі оны қабылдаумен, құндылығымен, сәнімен байланысты болуы мүмкін. Бұл жағдайда зерттеушінің көзқарасы алға қарай – болашаққа да, артқа - өткенге де жылжып отыруы тиіс. Болашақты болжау осы кезде бағалаумен жүзеге асырылады, ол өнімді өзгеру бойынша келесі қадамды бәсекелестерінен бұрын жасауға мүмкіндік береді. Өткенге оралу ескіні жаңаша қолдануға мүмкіндік береді.
Анықталған байқалмайтын қажеттіліктер өнертапқыштарды өнімге жаңа қасиет қосып немесе өнімде бар қасиеттердің санын өзгерте отырып өнімді қалай өзгертуге болатыны жөнінде ақпараттандырып отырады. Өнімді жетілдірудің бұл мүмкін бағытының бірі – өнімді қолданысқа енгізу мен қызмет көрсетуде тұтынушы жасайтын әрекеттерді оның функционалдық мүмкіндіктеріне қосу. Мысалы, қысымы қадағаланып отыратын және ауаны автоматты түрде кіргізетін шиналар жасалынды.
2. Тұтынушының мұқият типологиясы. Ерекше сипаты бойынша тұтынушылар тобын бөлу, тұтынушылардың әр тобының өнімді қолдану ерекшелігін мұқият зерделеу өнімді қалай жетілдіруге болатыны және айрықша белгілері бар өнімдер жиынтығын қалайша жасауға болатыны жөнінде ақпарат бере алады. Тәжірибе көрсеткендей, алынған ақпарат жасаушыларды ерекше конструкторлық және дизайнерлік шешімдер жасауға пайдасын тигізеді.
3. Тұтынушымен кері байланысты ұйымдастыру. Тұтынушылар идеялардың генераторы ретінде әрекет етуі мүмкін, себебі оларда өнімді қолданысқа енгізу тәжірибесі бар және бұл жағдайда олар керемет «зертханалар» болып табылады. Осыдан өнімді жетілдіру бойынша идеялар пайда болады. Іскер ортадағы жоғарыда аталған инновация көздері маркетингтік зерттеу әдістерімен зерделеніп, талданады.
Ұйымның ішкі отасында да екі инновация көзінің екі түрі бар:
-ұйымның ішкі ортасындағы өзгерістер;
-ұйымның проблемаларын шешу және кемшіліктерді жою.
Ұйымның ішкі ортасының өзгеруінің екі түрі болады:
-эволюциялық (табиғи) өзгерістер;
-ситуациялық өзгерістер.
Әрбір ұйымда көптеген эволюциялық, табиғи өзгерістер болады. Мысалы, құрылғының немесе шығарылатын өнімнің моральдық және заттай ескіруі, ұйым қызметкерлерінің тәжірибе жинақтауы.
Бұл өзгерістердің болуы менеджерлердің еркіне байланысты емес, оларды жоспар құруда ескеріп, инновация жүргізуде қолдануға болады. Мысалы, егер менеджер құрылғы ескіргендіктен оны ауыстыру қажет екенін білсе, онда ол бұл мүмкіндікті ескірген құрылғының орнына қолданып, оның негізінде жаңа технологияларды енгізе алады. Немесе, егер менеджер оның жобалаушылары үлкен тәжірибе жинап, жоғары білікті маман болғанын көрсе, онда ол оларға перспективалы тапсырмалар беруі мүмкін, мысалы заманауи техника жасау бойынша.
Эволюциялық өзгерістерді талдау үшін қолайлы құрал болып жүйелердің өмірлік циклдарын талдау әдісі болып табылады.
Ситуациялық өзгерістер – бұл бір бөлігін алдын ала болжап, оны қолдануға дайын болатын (менеджердің белсенді әрекеттері), ал екінші бөлігі кездейсоқ, күтпеген болып табылатын жаңа ситуациялар. Күтпеген ситуацияларға менеджер әрекет етуге мәжбүр болады және егер мүмкіндік болса инновация жүргізуде қолдана алады.
Менеджменттің өнері күтпеген жағдайларды жою мен жағдайдың алдын алатын белсенді әрекет жасау.
Инновациялардың басқа ішкі көзі – ұйым проблемаларын шешу. Проблеманы шығармашылық шешуде қиындықтарды, шаблондарды, стереотиптерді жеңіп, жаңа тәсілдерді табуға болады.
Көрінетін (нақты) және көрінбейтін (байқалмайтын) проблемаларды ажырата алу керек. Көрінетін проблемалар – ұйым жұмысына кедергі келтіретіндер, оның қалыпты, үздіксіз үрдісін бұзады. Олар техникалық, экономикалық, әлеуметтік болуы мүмкін. Техникалық сипаттағы проблемаларға мысал – құрылғының бұзылуымен байланысты ақау. Экономикалық сипаттағы проблема кәсіпорында ақша қаражатының болмауымен байланысты. Әлеуметтік проблема – қызметкерлер арасындағы келіспеушіліктер. Бұл проблема кешенді сипатта болуы мүмкін.
Көрінбейтін проблемалар менеджер үшін қызығушылық танытуы мүмкін. Көрінбейтін проблема байқалмаған, сондықтан бір нәрсені жақсартуда, жаңалық енгізуде қолданылмаған мүмкіндік.
Инновация көздері
Көрінбейтін проблема психологиялық тұрғыда сай келмеу – күтілетін мен нақты бар нәрсе арасындағы сәйкес келмеушілікті сезіну. Ұйымның проблемаларын шешу мен кемшіліктерін жою негізінде жаңаны іздеу үшін, ұйымды жетілдіру мен дамыту үшін бірқатар әдістер бар. Бұл әдістердің негізінде жүйелі тәсіл жатыр. Оған негізінен жататын:
-Исикава диаграммасын қолдана отырып жүйелі талдау жасау әдісі;
-CASE-құралдары – арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдана отырып бизнес-үрдістерді талдау әдісі;
-Функционалдық-бағалық талдау әдісі (ФБТ).
Статистика мәліметтері бойынша жоғарыда аталған инновация көздерінің ішіндегі неғұрлым маңыздылары:
-Ғылым мен техниканың дамуы – жаңа ашылымдардың, жасалымдардың; «ноу-хау», жаңа еңбек құралдарының және т.б. пайда болуы;
-Кәсіпорында бұйымды шығаруда өзгерістер мен проблемалар, яғни өндіріс қажеттіліктері;
-Тұтынушылардың қажеттіліктерінің өзгеруі.
Болжалды инновацияның радикалдығына келсек, тәжірибе көрсетіп отырғандай, инновациялық идеяларды іздеу мен бағалаудың алғашқы кезеңінде радикалдық деңгейді анықтау өте қиын. Үлкен емес болып көрінетін инновация кейін маңызды әсер беруі мүмкін. Бұл әсіресе техникалық емес инновацияларға қатысты – сауда, ұйымдастырушылық, әлеуметтік және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |