РЕФЕРАТ КӨРНЕКТІ ПЕДАГОГТАРДЫҢ ҰЖЫМ ТУРАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕРІ. ҰЖЫМ БЕЛГІЛЕРІ НЫҒАЙТУ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Орындаған: Юлдашева Н.Е.
Қабылдаған: Нарметова Г.Т.
Жоспары: I.Кіріспе
1.Ұжым туралы ұғым
II.Негізгі бөлім
1.Көрнекті педагогтардың ұжым туралы зерттеулері.
2.Ұжым белгілері нығайту қалыптастыру жолдары
III. Қорытынды
I.Кіріспе 1.Ақпарат ұғымы Ақпарат ұғымы адамзат өмірі мен әртүрлі ғылым саласында жиі қолданылады. Ол латынның түсіндіру, баяндау деген ұғымды білдіретін “informatio” сөзінен шыққан.
Ақпарат дегеніміз белгілі бір нәрсе туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мағлұматтар. Ақпараттың түрлері: мәтін, сурет, фотобейне, дыбыстық сигналдар, магниттік жазба және т.б.
Ақпарат қасиеттері Ақпарат толықтығы. Ақпараттың толықтығы - шешім қабылдауға қажетті ақпарат мөлшерін анықтайтын сипаттама. Ақпараттың толық болмауы көптеген қателіктерге жол береді, қосымша әдістерді қолдануды қажет етеді. Ақпарат көп мөлшерде берілсе, қосымша сұрыптау арқылы қажетті ақпаратты бөліп алу керек. Сондықтан, ақпараттың толық болмауы немесе шамадан тыс көп болуы ақпарат алуға кедергі келтіреді.
Ақпарат тұтастығы. Ақпарат тұтастығы - ЭЕМ құралдарының кездейсоқ немесе әдей бұзылуы кезінде ақпараттың өзгермеуін қамтамасыз ету қабілеті.
Ақпарат көлемi деп ақпараттың ұзындығын, яғни ақпаратта пайдаланылған символдар санын айтады. Қандай да бiр алфавиттi пайдаланып ақпараттарды жазуды кодтау деп атайды.
Ақпараттарды кодтау үшiн Морзе алфавитi немесе екiлiк алфавит қолданылады. Кодталатын символдар тобын кодтар кестесi деп атайды.
Әртүрлi типтерге жататын деректермен атқарылатын жұмыстарды автоматтандыру үшiн оларды кодтау арқылы, яғни бiр типтегi деректердi екiншi типтегi деректер арқылы өрнектеудiң көмегiмен бiр түрге келтiру (унификациялау) қажет. Мысалы, әлiппелер тiл компоненттерiн графикалық символдар арқылы кодтау жүйелерi болып табылады. Қазақ тiлiнде ақпаратты кодтау үшiн 42 әрiп, 10 цифр және бiрнеше басқа таңбалар қолданылады. Сол ақпаратты латын әлiппесiнде кодтау үшiн бұдан аздау әрiп (олар 26) қолданылады.
Информатикада ақпаратты кодтау үшiн бар болғаны екi символдан түратын әлiппе жеткiлiктi. Компьютердің жадында сақталатын ақпараттың кез-келген түрі екілік сандар тізбегі түрінде жазылады. Мұндай жүйе екiлiк кодтау деп аталады. Ол деректердi бар болғаны екi символдан: 0 және 1-ден тұратын таңбалар тiзбегiмен өрнектеуге негiзделген. Бұл таңбалар екiлiк цифрлар немесе биттер деп аталады. Бит ағылшын тіліндегі “binary digit” (екілік таңба) сөзінен шыққан. Бiр бит екi түсiнiк береді: 0 немесе 1 (ақиқат немесе жалған).
Байт – 8 битке тең ақпарат мөлшерінің бірлігі. Әрбір байт мәліметтердің бір таңбасына (әріп, цифр, символ) сәйкес келеді. Басқаша айтқанда, компьютердің ақпаратты сақтау құрылғысының сыйымдылығын сипаттайтын стандартты бірлік байт деп аталады.
Ақпараттың өлшем бірліктері:
1 Килобайт (Кбайт) =1024 байт = байт,
1 Мегобайт (Мбайт) =1024 Кбайт = байт,
1 Гигабайт (Гбайт) =1024 Мбайт = байт,
1 Терабайт (Тбайт) =1024 Гбайт = байт.
Ақпараттық процесстер Ақпаратты беру, сақтау және өңдеу процестері ақпараттық процесстер деп аталады.
Ақпараттық процесс негізінде ақпарат әртүрлi әдiстердiң көмегiмен бiр түрден екiншi түрге ауысады. Енді осыған кеңінен тоқталайық.
Ақпарат жинау - шешiм қабылдауға жеткiлiктi толық болуын қамтамасыз ету мақсатымен ақпараттарды жинақтау. Мысалы, тауардың құны, қасиеттері туралы ақпарат жинақтау нәтижесінде біз шешім қабылдаймыз.
Ақпаратты өңдеу – алдын-ала анықталған мақсатқа жету үшін берілген мәліметтерді түрлендіру әдісі. Оған мәліметтерді іздестіру, үйлестіру, сұрыптау, талдау және біріктіру жатады.
Ақпаратты үйлестiру - әртүрлi ақпарат көздерінен алынған деректердi бiр-бiрiмен салыстыруға болатындай етiп бiр түрге келтiру.
Ақпаратты сүзгiден өткізу (фильтрлеу) - “артық” деректердi алып тастау нәтижесiнде ақпараттың шындыққа сәйкестiгiн және адекваттығын арттыру.
Ақпаратты сұрыптау - ақпаратты берiлген қасиет бойынша реттеу, бұл ақпарат алуды жеңiлдетедi. Сұрыптау көбінесе екі бағытта: өсуі және кемуі бойынша жүзеге асады.
Ақпаратты архивтеу - ақпаратты қолайлы және алуға жеңiл түрде сақтау. Ол ақпаратты сақтауға жұмсалатын экономикалық шығындарды азайтады.
Ақпаратты қорғау – ақпараттың сыртқа шығуын, оның ұрлануын, жоғалуын, рұқсатсыз жойылуын, өзгертілуін, рұқсатсыз көшірмесі алынуын болдырмауға бағытталған шаралар кешенi. Құрылғылардың электрмен қоректенуі кенет үзілген жағдайда да ақпараттың дискіге жазылып, тұтас сақталуын қамтамасыз ету.
Ақпаратты тасымалдау - ақпараттық процесстiң алшақ орналасқан учаскелерi аралығында ақпаратты қабылдау және беру.
Ақпаратты түрлендiру - деректердi бiр түрден екiншi түрге немесе бiр құрылымнан екiншiсiне өткiзу. Ақпаратты түрлендiру көп жағдайларда тасымалдаушының типi өзгеруiне байланысты болады. Мысалы, цифрлi ақпараттар ағынын телефон желiсiнiң каналдары арқылы тасымалдау үшiн цифрлi ақпаратты дыбыс сигналдарына ұқсас түрге келтiру қажет, бұл қызметтi телефон модемдерi деп аталатын құрылғылар орындайды.
Ақпаратты сақтау – келешекте пайдалану үшін ақпаратты магниттік таспаға, магниттік дискіге және т.б. сақтауыш құрылғыға жазып алу. Ақпаратты сақтау біршама уақыт аралығы өткеннен кейін ақпаратты қайтадан пайдалануды қамтамасыз етеді.