Реферат «Липидтер алмасу механизмінің биохимиялық бұзылыстары. Атеросклероз, өт тас ауруы, семіздіктің биохимиялық механизмдері.»



бет5/7
Дата30.03.2023
өлшемі60,59 Kb.
#77437
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
биохим

Клиникасы
Өтті шығаратын түтіктердің таспен бітелуінде өт қабында қысым артады, бұл өт қабының түйілуінің ұстамасын туындатады. Ауырсыну, әдетте, бір сағаттан бірнеше сағатқа дейін созылады. Өт қабының түйілуі ауыр тағамды қабылдауға байланысты және әдетте, кешке немесе түнде болады. Өт қабы түйілуінің ұстамасы кезінде немесе одан кейін келесі симптомдар пайда болатын адамдарға шұғыл түрде дәрігерге көріну қажет:

  • 5 сағаттан асатын уақыт бойы іштің ауырсынуы

  • Жүрек айнуы және құсу

  • Қызба (кейде дене температурасының сәл көтерілуі) немесе қалтырауы

  • Терінің немесе көздің склерасының сарғыштануы (сарғаюы)

  • Қоңыр-сары түсті несеп және нәжістің ақшыл түсі.



Семіздік
Семіздік дегеніміз - майлардың кең аймақта қалыптан тыс жиналуы. өлшемді дене салмағының 20% артып кетсе семіру деп атап, күнделікті тұрмыс пен қимыл қозғалысына кедергілік жасайтын деңгейдегі, сондай-ақ басқа да ілеспе ауруларды пайда қылатын семіруді семіздік немесе липидтер тікелей емес жолдармен байланысып жататын метоболиттік ауру болумен бірге қоғамдық әлеуметтік жағдайлармен, салт-сана, тағам әдебиеті, сондай-ақ адамның рухани жан дүниесімен де ұштасып жататын әлеуметтік ауру болып есептеледі.
Семіру дамуында 3 патогенездік жайттардың маңызы бар:
1. энергия шығынына сәйкес емес артық тамақтану;
2. май қорларынан оның аз шығарылуы;
3. көмірсуларынан майдың артық өндірілуі.
семіздік пайда болу себептері:
1. гиперфагия және гиподинамия бұл қазіргі заманғы цивилизайия қоғамындағы ең көп кездесетін семіру себептері. шығымына сәйкес артық тамақтану энергия келмейтін мен аз заманғы қимылдау қазіргі семіздіктің 55-65%-ін құрайды.
2. церебралдық себептер. гипоталамустың
вентромедиалдық ядросындағы «тоқтық сезім орталығының» зақымдалуы мен «аштық сезім орталығының» қалыпсыз қозуы.
3. ішкі секреция функцияларының қалыпсыздығы.
4. қоғамдық-әлеуметтік және психологиялық факторлар.
5. генетикалық немесе тұқым қуалаушылық. пайда болу себебіне қарай семіру үш түрлі болады: ауқаттық (55— 66%), гормондық (20% мөлшерінде), церебралдық (16—20%). семіруде тұқым қуалаушылықтың маңызы күмән шақырмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет