Реферат "Медициналық Биофизика" пәні боөЖ №5 Тақырыбы: экг-ні тіркеу және талдау қағидалары



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата27.11.2023
өлшемі0,51 Mb.
#129606
түріРеферат
1   2   3
Негізгі бөлім 
2.1 Жүрек қызметінің көрсеткіштері 
Жүрек қызметінің көрсеткіштері 
Жүрек жұмысының көрсеткіштеріне жүректің систолалық және минуттық көлемі 
жатады. Жүректің систолалық немесе соққы көлемі дегеніміз - әр жиырылу кезінде 
сәйкес тамырларға жүректің ығыстырып шығаратын қанының мөлшері. Систолалық 
көлемнің шамасы жүректің өлшеміне, миокард күйіне және ағзаға байланысты. 
Салыстырмалы тыныштықтағы ересек сау адамның әр қарыншасының систолалық 
көлемі шамамен 70—80 мл- ді құрайды. Сөйтіп қарыншалар жиырылуы кезінде 
артериялық жүйеге қанның 120—160 мл көлемі келіп түседі. Жүректің минуттық 
көлемі дегеніміз – жүректің өкпе өзегі мен аортаға 1 минутта ығыстырып 
шығаратын қанының мөлшері. Орташа минуттық көлем 3- 5 л құрайды. 
Жүректің систолалық және минуттық көлемі қанайналымның барлық аппаратының 
қызметін сипаттайды.Жүрек қызметінің сыртқы көріністерінің (жоғарғы ұшының 
соққысы, жүрек тондары) берілген мәліметтері бойынша дәрігер жүрек жұмысы 
туралы жорамалдай алады. 
Осы берілгендерге жеке тоқталайық: 
1. Жоғарғы ұшының соққысы. 
Қарыншалар систоласы кезінде жүрек солдан оңға қарай бұрылып, айналмалы 
қозғалыс жасайды. Жүректің ұшы (басы) көтеріліп, бесінші қабырғааралық аймақта 
кеудені (қысады) басады. Систола кезінде жүрек өте тығыз болады, сол себепті 
жүрек ұшының қабырғааралық аралықты қысуын көруге болады (көтерілуі, 
быртыю). Жүректің жоғарғы ұшының соққысын анықтауға болады, сөйтіп оның 
шекарасы мен күшін анықтауға болады. 
2. Жүрек тондары- жұмыс жасап тұрған жүректе пайда болатын дыбыстық 
құбылыстар. Тонның екі түрі бар: систолалық және диастолалық. 
Систолалық тон. Осы тонның пайда болуына негізінен атриовентрикулярлы 
клапандар қатысады. Қарыншалардың систоласы кезінде атриовентрикулярлы 
клапандар жабылып, олардың жармалары (створкалары) мен оған бекітілген сіңір 


«ҚазРесмедуниверситеті» МЕББМ 
НУО «КазРосмедуниверситет» 
стр. 5 / 10 бет 
жіпшелерінің тербелісі І- ші тонды береді. Сонымен қатар І- ші тонның пайда 
болуына қарыншалар бұлшықетінің жиырылуы кезінде пайда болатын дыбыстық 
құбылыстар да қатысады. Өзінің дыбыстық ерекшеліктері бойынша І – тон- созыңқы 
және төмен. 
Диастолалық тон қарыншалардың диастоласының басында протодиастолалық фаза 
кезінде, айшық клапандардың жабылуы кезінде пайда болады. Осы кезде 
қақпақшалар жармаларының тербелісі дыбыстық құбылыстардың көзі болып 
табылады. Дыбыстық сипаттамалары бойынша ІІ- ші тон қысқа және жоғары. 
Жүректің жұмысын онда пайда болатын электрлік құбылыстар бойынша да 
жорамалдауға болады. Оларды жүректің биопотенциалдары деп атайды және олар 
электрокардиографтың көмегімен алынады. Алынған биопотенциалдар 
электрокардиограмма деп аталады. 
Электрокардиограмма 
Қозудың жұмыс миокардының аса көп жасушаларын қамтуы осы жасушалардың 
бетінде теріс зарядтардың пайда болуын тудырады. Жүрек қуатты электр 
генераторына айналады. Жоғары электрлік өткізгіштігі бар дене ұлпалары жүректің 
электрлік потенциалын дене бетінен тіркеуге мүмкіндік береді. Жүректің электрлік 
белсенділігін зерттеудің В. Эйтховен, А.Ф. Самойлов, Т.Льюис, В.Ф. Зеленин және 
т.б. ұсынған осындай әдістемесі электрокардиография деген атқа ие болды, ал оның 
көмегімен тіркелетін қисық электрокардиограмма (ЭКГ) деп аталады. 
Электрокардиография жүректе қозудың таралу динамикасын бағалауға және ЭКГ-ң 
өзгеруі кезінде жүрек қызметінің бұзылуын жорамалдауға мүмкіндік беретін 
медицинада кең таралған диагностикалық әдіс болып табылады. Қазіргі кезде 
арнайы құралдар – электронды қүшейткіштері және осцилографтары бар 
электрокардиографтар қоланылады. Қисық сызықтар қозғалмалы қағаз жолағына 
жазылады. Бұлшықеттің белсенді қызметі кезіндегі және алыстағы зерттелетін 
объектіден 
ЭКГ жазатын құралдар жасалған. Бұл құралдар- телеэлектрокардиографтар деп 
аталады және олар радиобайланыстың көмегімен ЭКГ-ны арақашықтыққа тарату 


«ҚазРесмедуниверситеті» МЕББМ 
НУО «КазРосмедуниверситет» 
стр. 6 / 10 бет 
принципіне негізделген. Осындай тәсілмен жарыс кезінде спортшылардың, 
ғарыштағы космонавтардың және т.б ЭКГ-сы тіркеледі. Жүрек қызметі кезінде 
пайда болатын электрлік потенциалдардың телефон сымдары арқылы беріліп, ЭКГ-
ны пациенттен үлкен қашықтағы арнайы орталықта тіркейтін құралдар жасалған. 
Кеудеде жүректің белгілі бір орында орналасуы және адам денесінің өзіндік бір 
пішінінің болуы салдарынан жүректің қозған (-) және қозбаған бөліктері арасында 
пайда болатын электрлік күштік сызықтары дене бетінде бірқалыпты таралмайды. 
Сол себепті электродтардың орналасуы жеріне байланысты ЭКГ түрі және оның 
тістерінің вольтажы әртүрлі болады. 
ЭКГ- ны тіркеу үшін аяқ- қол мен кеуде бетіндегі потенциалдардың тіркелімі 
(тармағы) жүргізіледі. Әдетте үш түрлі стандартты тіркелім әдісі қолданылады: 
І-тіркелім: оң қол - сол қол; 
ІІ-тіркелім: оң қол - сол аяқ; 
III-тіркелім: сол қол – сол аяқ. 
Электродтың қызылы – оң қолға, сарысы – сол қолға, жасылы – сол аяққа тіркеледі. 
Қара электрод – жерге қосатыны, оң аяққа салынады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет