«ҚазРесмедуниверситеті» МЕББМ
НУО «КазРосмедуниверситет»
стр. 6 / 10 бет
принципіне негізделген. Осындай тәсілмен жарыс кезінде спортшылардың,
ғарыштағы космонавтардың және т.б ЭКГ-сы тіркеледі. Жүрек қызметі кезінде
пайда болатын электрлік потенциалдардың телефон сымдары арқылы беріліп, ЭКГ-
ны пациенттен үлкен қашықтағы арнайы орталықта тіркейтін құралдар жасалған.
Кеудеде жүректің белгілі бір орында орналасуы және адам денесінің өзіндік бір
пішінінің болуы салдарынан жүректің қозған (-) және қозбаған бөліктері арасында
пайда болатын электрлік күштік сызықтары дене бетінде бірқалыпты таралмайды.
Сол себепті электродтардың орналасуы жеріне байланысты ЭКГ түрі және оның
тістерінің вольтажы әртүрлі болады.
ЭКГ- ны тіркеу үшін аяқ- қол мен кеуде бетіндегі потенциалдардың тіркелімі
(тармағы) жүргізіледі. Әдетте үш түрлі стандартты тіркелім әдісі қолданылады:
І-тіркелім: оң қол - сол қол;
ІІ-тіркелім: оң қол - сол аяқ;
III-тіркелім: сол қол – сол аяқ.
Электродтың қызылы – оң қолға, сарысы – сол қолға, жасылы – сол аяққа тіркеледі.
Қара электрод – жерге қосатыны, оң аяққа салынады.
Достарыңызбен бөлісу: