«ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ NSEO «KAZAKH-RUSSIAN MEDICAL
УНИВЕРСИТЕТІ» МЕББМ UNIVERSITY»
Кіріспе
Медициналық интроскопия (медициналық кӛрініске келтіру) — медициналық диагностиканың бір
тарауы.Адам ағзасын инвазивті емес зерттеумен айналысады.Физикалық әдістердің кӛмегімен
ішкі құрылымдардың бейнесін алу. Атап
айтқанда,мыналар пайдаланылады: дыбыс
толқындары (ең маңыздысы ,ультрадыбыс), әр түрлі толқын ұзындығындағы
электромагниттік
сәуле шығарулар
, тұрақты және айнымалы электромагниттік ӛріс,
радиобелсенді
изотоптар шығаратын (радиофармпрепараттар шығаратын) элементар бӛлшектер.
Интроскопия (intro лат. — ішкі, және skopeo лат.– кӛру) оптикалық күңгірт денелер мен орталарда
сол сияқты нашар кӛріну жағдайында объектілерді, құбылыстарды және үрдістерді кӛру арқылы
бақылау. Интроскопияның
негізгі
мақсаты бұйымдардағы
, денелердегі және ортадағы негізгі
қасиеттердің әртүрлі ауытқушылықтарын табу мен бір жүйеге келтіру, жартылай мӛлдір және
бұлыңғыр орталарда ӛтетін құбылыстар мен үрдістерді зерттеу.
Интроскопия әртүрлі ӛтімді сәулелер мен ӛрістердің кеңістіктік таралуына негізделген кӛру
құралдарының кӛмегімен жүзеге асырылады: олар ортаның серпімді толқындары (10 Гц тен 1000
МГц-дейінгі), электромагниттік тербелістердің барлық диапазондары (қатты
гамма-сәулелерден
тӛменгі жиіліктегі тербеліске дейін), магнитостатикалық, электрлік және гравитациялық ӛрістер,
сол сияқты элементар бӛлшектердің ағыны (нейтрино, нейтрондар және т.б.).
Гамма – рентгендік интроскопия кез-келген химиялық құрамдағы
және температурадағы еркін
формадағы сұйықтар мен қатты денелерден ӛте алатын гамма және рентгендік сәулелерді
пайдаланады. Рентгендік сәулелерінің жоғарғы рұқсат етуші қабілеттілігі мӛлдір емес
материалдардағы аса ұсақ қоспаларды бақылауға мүмкіндік береді.
Инфрақызыл интроскопия кӛптеген
заттардың химиялық құрамына
,
молекулалардың құрылымы
мен заттың агрегаттық күйіне байланысты олардың инфрақызыл сәулелерді жұтуы мен
шағылдыру қасиетіне негізделген. Инфрақызыл сәлелердің таралуы
жарықтың оптикалық
заңдарына бағынады; оптикалық құралдардың кӛмегімен кӛрінбейтін инфрақызыл
бейнелер
қалыптастырады, содан кейін оларды кӛрінетін бейнеге түрлендіреді. Ӛрістердің таралуын
тікелей
бақылау әдістері
, мысалға магниттік немесе электрлік, магнитооптикалық құбылыстарға
негізделген. Интроскопия ультрадыбыстардың металдардан,
пластмассалардан,
тірі ұлпалардан
,
кӛптеген құрылыс материалдары мен оптикалық мӛлдір емес сұйықтардан ӛте алатын қасиетіне
сүйенеді. Радиоинтроскопияда ӛтімді сәулелер ретінде ұзындығы мм-дің аз ғана бӛлігінен бірнеше
м-ге дейінгі электромагниттік толқындар пайдаланылады. Аса ұсақ объектілердің бейнелерін алу
үшін кӛбінесе милиметрлік және сантиметрлік диапазондағы радиотолқындар қолданылады.
Интроскопиялық әдістердің негізгі үш түрін бӛліп кӛрсетеді:
проекциялық – объектінің кӛлеңкелік бейнесін алу;
томографиялық – объектінің томографиялық бейнесін алу;
эхозондтау, соның ішінде доплерлік.
Проекциялық әдісте денені бірнеше қырынан зондтайды (сәулелендіреді) және оның кӛлеңкелік
бейнесін (проекциясын) алады. Зондтаушы сәуле ретінде кӛбінесе рентген сәулелерін
пайдаланады (рентгенография).