Реферат «Мүгедектік» Орындаған: Шамгулова Д. Ж. Тексерген: Жанар Тлеккабыловна Орал 2023 Кіріспе



бет1/6
Дата30.03.2023
өлшемі354,71 Kb.
#77507
түріРеферат
  1   2   3   4   5   6

«Мақсат» Орал медициналық колледжі
Реферат
«Мүгедектік»



Орындаған: Шамгулова Д.Ж.
Тексерген: Жанар Тлеккабыловна
Орал - 2023

Кіріспе

Әлеуметтік саясаты қазіргі кезде экономикалық қиын жағдайларға байланысы халықтың аз бөлігінің ғана қызығушылықтарын қанағаттандырады. Сондықтан әлеуметтік қорғауды теңдестірудің қажеті жоқ. Әлеуметтік қорғауды қазіргі кезде халықтың көптеген бөлігі қажет етеді және де ол халықтың көп бөлігіне қатысты нақты жүзеге асады немесе әлеуметтік қорғау қоғамның аз қорғалған «әлсіз» бөліктеріне ұсынылады. Жоғарыда аталғандай әлеуметтік саясаттың, әлеуметтік қызметтің және әлеуметтік қорғаудың ең басты объектілерінің бірі болып мүгедектік мәселесі саналады. Қазақстанда 368,2 мың барлық санаттағы мүгедектер тұрады, оның ішінде әйелдер 211 мың, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар 49,8 мың, бала күнінен мүгедектер 58,8 мың .
Мүгедектік


Мүгедектік – науқастану, жарақат, апатқа ұшырау, кемтар болып туу салдарынан адамның мүлдем не уақытша еңбек ету қабілетінен айырылуы. Мүгедектік медицина, әлеуметтік және құқықтық болып ажыратылады.

Аурудың жағдайына, органдардың қызметінің бұзылу деңгейіне, клиника болжамға және еңбекке жарамсыздығына байланысты мүгедектік үш топқа бөлінеді.


І-топқа мүлде немесе ұзақ уақыт еңбекке жарамсыз, үнемі басқа біреудің күтімін, көмегін немесе бақылауын қажет ететін адамдар жатады;
ІІ-топқа басқа адамның көмегін қажет етпейтін, жұмыстың кейбір түрлерін атқара алатын адамдар жатады;
ІІІ-топқа еңбек ету қабілеті төмен болғанымен жеңіл-желпі жұмыстарды істей алатын, бірақ денсаулығына байланысты жұмыс жағдайын оңтайлы өзгертуді қажет ететін адамдар жатады.

Топтардың сандық анықтамаларының әлеуметтік рөлі мүгедектерді қорғау өлшемінің әртүрлі қажеттілік деңгейінде тұрады. Топтардың анықтамасына сәйкес мүгедектерге жеңілдіктер бекітіледі және заңды белгіленеді. Жеңілдіктер зейнетақының әртүрлі көлемімен, мүгедектіктің ауыр тобындағы мүгедектерге жоғары мөлшердегі жәрдемақымен, компенсациямен, дәрімен қамсыздандырумен және т.б. көрсетіледі. Реформалық кезеңге дейін «еңбекке қабілетті» және «еңбекке қабілетсіз» деген түрлерге де бөлінген. Мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік тегін көмектің көлемін, түрін және оның қаржылану көзін анықтау үшін өмір сүру шектеулігінің көріну дәрежесінен қатар мүгедектікке әкелуші себептер де маңызды орын алады. Мүгедектік себептері жағдайдың тууына негізгі жауапкершілікпен кім көтеретінін көрсетеді, алайда мұны заңгерлік жауапкершілік деп атауға болмайды. Әлеуметтік қорғау органдары мүгедектіктің тобын ғана емес, сонымен қатар оның себептерін де тіркейді. Мемлекеттік қайнар көздерден қаржыландыру көлемін есептеу үшін көп жағдайда негіз болатын статистикалық формаларда мүгедектер саны туралы ақпараттар мүгедектік себептері тұрғысынан келтіріледі.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет