Реферат Оқыту модулі-D1 Қаныш Сәтбаев ғылым білім туралы. Қаныш Имантайұлы Сәтбаев



бет2/2
Дата09.01.2023
өлшемі21,71 Kb.
#60733
түріРеферат
1   2
Көркем әдеби стиль
Көркем әдебиет стилі проза, поэзия, драматургия салаларында жазылған көркем шығармалардың стилі (тілі). Көркем әдебиет стиліне тән бірнеше ерекшеліктер бар. Солардың бірі- тіл байлығы. Көркем шығармаларда қолданылмайтын сөздер мен сөз тіркестері, фразеологизмдер аз. Кез келген шығарма тек қана авторлык баяндаудан ғана емес, кейіпкер тілінен де турады. Ал кейіпкерлер әр жастағы, әр мамандықтағы, әр дәрежедегі білімді адамдар болып келетіндігі белгілі. Сондықтан да көркем шығармада кәсіби сездер де, жергілікті тіл ерекшеліктері де, жаргондық сездер де ұшырасып отырады. Көркем әдебиет стилінің екінші ерекшілігі – оның кеп стильді болып келетіндігі. Мұның мәнісі қай жанрда жазылған шығарма болса да, онда тіл арқылы қарым-қатынас құралдарының барлық түрінің қолданылуында, яғни ауызекі сөйлеу тіліне қоса, публицистикалық, ғылым, ресми стильдердің элементтері осы стильде әр түрлі ыңғайда ұшырасып отырады.
Мақсаты: шынайы өмір шындығын суреттеу, зат, құбылыстарды бейнелеу арқылы оқырман сезіміне әсер ету, ой тудыру.
Қолданылу аясы: әдеби туындыларда қолданылады.
Стильдік сипаты: образды мәндегі қолданыс, эмоционалды-экспрессивті.
Тілдік амал-тәсілдері: Сөздердің әртүрлі ауыспалы мағынада қолданылуы, көркемдегіш, бейнелеуіш, суреттеме (теңеу, метафора, метонимия, антитеза, т.б.) құралдары еркін қолданылады. Шығарманы шынайы беру мақсатында диалект, кәсіби, ауыспалы мағынадағы бейнелі сөздер мен сөйлеу тілін де қолданады. Кеп жанрлы (проза, драма, поэзия, т.б.). Әр жазушының өзіндік стилі болады. Ол әр суреткердің тілдік амал-тәсілдеріне қарай танылады.
Ерекшелігі: көрем әдебиет стилі образды ой тудыру, әсерлі суреттемелер, зат пен құбылысты шебер бейнелейтін сөздерді қолдану. Көркем шығарма қоғамдық-тарихи оқиғалар мен мәселелерді қозғауға, бағалауға үлес қосады. Көркем шығарма тілі ақын-жазушы шеберлігімен,стильдік ерекшелігімен астасып жатады. Түрлі образдар, табиғат көрінісі, әр кезендегі іс-әрекетті сипаттау үшін автор қажетті сөздерді талғап, ойды беру мақсатына қарай сұрыптап қана қоймай, сөздерді қолдану барысында жаңа мағына, қосымша рең, тың бояу үстейтіні шындық.
Көркем әдебиет стилінде (ауызекі сөйлеу стилі де) фразеологизмдер, мақал-мәтелдер кеңінен қолданылып, ойды жандандырып, тіліміздегі қолданыстардың ұлтымызға тән сипатын айқындай түседі. Тұрақты сөз тіркестері (қанатты сөз, мақал-мәтелдер, идиомалар) аз сөзбен кеп мағына беретін ықшамдылығымен, жинақылығымен тілдің стильдік сапасын арттыра түседі. Мақал-мәтелдерде астарлы, айшықты, кестелі, бейнелі, қорытылған ой-тұжырым көріністері басым. Көп сөз көмір, аз сөз алтын. Андамай сөйлеген ауырмай еледі т.б.
Өзіндік ізденісімен сөз қолдану тәсілдері жазушының стиліне жан бітіреді. Жеке жазушылардың шығармасының тілін зерттеп, олардын сөздерді сұрыптап қолдану тәсілдерін, тыңнан қосқан қолданыс үлгілерін айқындап, жан-жақты талдау жасай білген жөн.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет