Реферат «Операциялық жүйе»


Операциялық жүйе туралы түсінік



бет4/12
Дата18.11.2022
өлшемі38 Kb.
#51071
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
1.2 Операциялық жүйе туралы түсінік
Компьютерде атқарылатын нақты әрекетті команда деп атайды. Программа командалар тізбегінен тұрады. Компьютер жұмысы программа арқылы басқарылады. Программаларды атқаратын қызметіне байланысты қолданбалы, жүйелік, аспаптық деп 3 топқа бөледі.
Жүйелік бағдарламалар. Компьютерде программалардың жұмысын қамтамасыз ететін, компьютердің барлық құрылғыларын бір жүйеге байланыстыратын программалар жүйелік программалар деп аталады. Жүйелік программалар – ақпаратпен ыңғайлы жұмыс істеу үшін қосымша жұмыстар атқарады: компьютердің жұмысын тексереді, компьютер туралы анықтама береді, ақпаратты өшіріп, сақтап және көшірмесін дайындауға мүмкіндік береді.
Жүйелік программалар үш топқа бөлінеді: ОЖ, драйвер, утилиттер. Утилиттер көшірмелік, тығыздаушы, антивирустық болып бөлінеді.
ОЖ – компьютер іске қосылғанда шақырылады, компьютер жұмысын басқарады, құрылғыларын, аспаптарын тексереді-тестілейді; жедел жад пен дискідегі орынды бақылайды, қолданбалы программаларды орындайды. Операциялық жүйе компьютер іске қосылғанда жүктеледі. Кең тараған ОЖ-лер ретінде MS DOS, Windows жүйелерін атауға болады. DOS операциялық жүйесі 1981 жылы IВМ PC компьютерлерімен бірге шығып, ол әрбір компьютерге орналастырылған болатын. DOS – дискілік операциялық жүйе дегенді, ал MS – операциялық жүйені жасаған Microsoft фирмасы атын білдіреді. Магниттік дискідегі, не басқа информация сақтауға арналған компьютерлік жабдықтағы ақпарат сақталатын атауы бар орынды файл деп атайды. Файл атауы файл аты мен файл кеңейтілуінен тұрады. Файл аты 8 (256), ал файл кеңейтілуі 3 таңбадан аспауы керек. Келесідей файл кеңейтілулерін қарастырайық.
com, exe – орындалатын программалар
bat – командалық файл
pic, pcx, bmp – бейнелік файлдар
doc, rtf, txt – мәтіндік файлдар
xls – кестелік файл
mdb – МҚ файлы
ppt – презентациялық файл және т.б.
Компьютермен жұмыс істеуде MS DOS операциялық жүйесінің көптеген кемшіліктері болды:
-әр жолы жүйемен тек бір мақсатты шешу ғана мүмкін;
-күрделі программалармен жұмыс істеу мүмкін емес;
-командалар тек пернетақтадан енгізіліп орындалады және олардың аты мен орындалатын әрекет қандай команда арқылы берілетінін білу керек;
-жұмыс көзбен көру түрінде орындалмайды, көрнекі емес, программалар пайдаланатын сұхбаттық ішкі терезелері жоқ және т.б.
1985 жылы Microsoft Windows фирмасы алғашқы рет MS DOS қуатынан жүздеген есе артық Microsoft Windows 1.0 атаулы жүйелік программаны, ал одан кейінгі жылдары түрлі нұсқаны дайындап шығарды. MS Windows мүмкіндігі мол және пайдаланудың терезелік, визуальды принципіне негізделген. Соңғы шыққан Windows 95, 98, 2000, XP, ME, Vista сияқты жеке операциялық жүйелер. Windows – көп есептік операциялық жүйе. Көп есепті операциялық жүйе бірнеше программамен бір мезгілде жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Windows жүйесінің MS DOS-қа қарағанда артықшылықтары:
-қолданбалы программаларды іске қосу, олармен жұмыс істеу тәсілдері ықшамды;
-программаның жұмыс істеуі кезінде оны уақытша тоқтатып, ретімен басқа бірнеше қолданбалы программаларды да іске қосуға болады;
-қосымша программаларда түрлі форматты суреттерді салу, графиктерді сызу және оларды бір бетке енгізу тәсілдері қиын емес және т.б.
Windows экранының негізгі бөлігін Жұмыс үстелі алып жатады. Онда қапшықтың, дисктің, программаның және т.б объектілердің белгішелері орналасқан. Егер белгішеде белгісі болса , онда ол жарлық деп аталады. Жарлық – жұмыс үстелінде емес, қандайда бір бумадағы объектіге сілтеме.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет