Ұлы Жібек жолының ежелгі дәуір мен ортағасырдағы маңызы.
Ұлы Жібек Жолы – Қытай жерінен басталып, Қиыр Шығыс пен Еуропа елдеріне беттеген керуен жолы. Бұл жолдың басым бөлігі Орта Азия мен Қазақстан жерінің үстімен өтті. Жібек Жолы б.з.д III ғасырда сауда магистралі ретінде пайда болып, XVI ғасырға дейін қызмет етті. Жібек Жолының бойында орналасқан көне қалалар бірталай соғыс, өрт, аштық, апат-ойрандардың куәсі болды. Ұлы Жібек Жолы арқылы тек сауда жүйесі дамып қана қоймай, Шығыс пен Батыс өркениеті тоғысып, мәдениет және дипломатиялық қарым-қатынас орнады. VI-VII ғасырларда Қытайдан бастау алған керуен Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан даласын кесіп өтетін. Отырар, Тараз, Сайрам (Испиджаб), Түркістан (Яссы), Суяб, Баласағұн т.с.с көне қалалар тек сауда ғана емес, мәдениет және ғылым орталықтары болды. Объектілерімен халықаралық сауда болды экзотикалық аңдар мен жануарлар: атақты тұлпарлар елдерінен Орта Азия, шығыс елдері — пілдер, мүйізтұмсықтар өмір сүрген, жолбарыстар мен арыстандар, аушы құстар және т. б. Бойынша сауда жолдары өзенінен кептірілген жеміс-жидектер, өсірілетін Орта Азия — мейіз, қауын, курагу, шығыс тәттілері. Болат сауда тұқыммен көкөніс, өсіп келе жатқан жекелеген елдерде. Мәселен, болгар және қытай бұрыш тарады басқа елдің арқасында Ұлы жібек жолы. Ұлы Жібек жолының тарихында оны түркі мемлекеттері толықтай дерлік бақылауда ұстаған үш кезең болды: VІ-ХІІІ ғасырдың басындағы түркі қағанаттарының; XIII ғасырдың екінші ширегі мен XIV ғасырдағы Монғол империясының; XIV ғасырдың үшінші ширегі мен XV ғасырдың басындағы Әмір Темір мемлекетінің бақылауындағы кезеңдер. Ұлы Жібек жолы мыңдаған шақырым қашықтықты қамтыды. Саудагерлердің көпшілігі жолдың ұзақтығынан тауарларын жарты жолда ауыстырып алуға тырысты.
Қорытындылай келе, көптеген елдер дипломатиялық қарым-қатынас жасаған. Осы жолдың бойында түрлі халықтар, мәдениет өкілдері жиналғандықтан, ғылымның дамуы да болды. Музыканың дамуы да байқалады. Ұлы Жібек Жолының бойындағы сауданың дамуының арқасында бүкіл дүниежүзінде жібек шаруашылығы және басқа да шаруашылықтың түрлері дамыды.